kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дара ж?не к?рделі етістіктер

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а етістікті? дара ж?не к?рделі болып б?лінетінін, к?рделі етістіктер екі -?ш с?зден ??ралып, ??рамында?ы с?здерден б?лек жазылатынын ме?герту. Шы?армашылы? ?абілетін дамыту, жа?а технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. С?здер ар?ылы с?з байланысын, с?йлеу да?дысын жетілдіру. ?з ойын ашы? жеткізе алу да?дысын ?алыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дара ж?не к?рделі етістіктер »

Қазақ тілі 2 А сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушыларға етістіктің дара және күрделі болып бөлінетінін, күрделі етістіктер екі- үш сөзден құралып, құрамындағы сөздерден бөлек жазылатынын меңгерту.

  2. Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа техноло-гияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын , сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелігі: Жерін, елін, Отанын сүюге , табиғатты аялай білуге тәрбиелей отырып, құстарға , жануарларға қамқорлық жасау.

Түрі: Аралас

Әдісі: Сұрақ –жауап, жеке, өз бетімен жұмыс жасау.

Технологиясы: Дамыта оқыту

Көрнекілігі: Плакаттар, сызба суреттер

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық



  • Әрбір адам? Досым, сыныптасым

  • Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

  • Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

  • Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік

Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл –қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

Балалар сөз таптарына нелер жатады?

Балалар біз қандай сөз таптарын өтіп жатырмыз?

Зат есім дегеніміз не?

Етістік дегеніміз не?



Үй тапсырмасын пысықтау.

3 жаттығу.

Жаңбырмен жер көгереді,

Алғыспен ер көгереді.

Үй жұмысын қорытындылау

Жаңа сабаққа әзірлік

«Буындардан сөз құра»

Берілген тем, көк буындарынан сөз құраймыз

-Қандай сөз шықты?

-Көктем

-Көктем дегенде ойларыңа не келеді?

-Күн жылиды?

- Адамдар жеңіл киіне бастайды.

- Ағаштар бүршік жарады.

-Құстар ұшып келеді.

-Жаңбыр жауады

- Жылғалардан су аға бастайды

- Күн күркірейді

Жаңа сабақ

Күн күркірейді. Күн күркіреп жатыр

Құстар ұшты. Құстар ұшып келеді

Арман жүгірді. Арман жүгіріп келеді

Күркірейді, ұшты, жүгірді – дара етістік

Ұшып келеді, күркіреп жатыр, жүгіріп келеді - күрделі етістік

Ереже шығару.

Етістіктердің дара –және күрделі түрі болады. Мысалы: Күлді, келді, жүр, жүзді. Дара етістік бір сөзден, күрделі етістік екі немесе үш сөзден құралады. Мысалы: ұшып келді, оқып отыр, жүріп келе жатыр.

1-тапсырма: «Ішінде-сыртына» ойыны

Оқушылар мұңайып тұрған күнді күлдіруі керек. Күннің ішіндегі дара етістіктерден күрделі етістік жасап, сыртына шығарып жапсырады.

Ішінде Сыртына

Жүзді Жүзіп жүр

Тікті тігіп отыр

Сарғайды Сарғайып жатыр

Жылайды Жылап жүр

Құйды Құйып тұр

Ойнады Ойнап жүр



Сергіту сәті

Оқушылар бір-біріне доп лақтырып, сөз айтады.



1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Екі бағандағы етістіктердің тауып, сұрақ қой. Оларды өзара салыстыр. Не байқадың?

Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. Әли достарымен доп ойнады. Әли достарымен доп ойнады жүр. Айман әжесінің әңгімесін тыңдады. Айман әжесінің әңгімесін тыңдап отыр. Серік күйсандықта ойнады. Серік күйсандықта ойнап отыр.

2-жаттығу. Жаңылтпаштарды жатқа айт. Дара, күрделі етістіктерді тап.

(Ауызша қарастырылады).

Жатта тақпақ,

Жатта тақ-тақ.

Далада Дана да ойнап жүр,

Далада Сана да ойнап жүр.







3-жаттығу. Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек жаз.

Өзің қалаған үш етістікті қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.

Жарқырап тұр, ұшты, секіріп жүр, еркеледі, алып келді, үтіктеді, жазып отыр.

4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.

Қолғабыс.

Үлкендерді сыйлаймын,

Үйдің ішін жинаймын.

Қойды өріске айдаймын,

Атты жемге байлаймын.

Шөпті дағы шабамын,

Қозыны да бағамын.

Келгеннен соң қолдан іс,

Атандым ғой қолғабыс. Д. Қанатбаев

5- жаттығу. Етістіктің астын сыз. Олардың қайсысы етістік, қайсысы күрделі етістік екенін айт.

Тауық шылаушынды ұстап алды. Ол балапандарын шақырды. Балапандар жүгіре жөнелді. Сары балапан бұрын жетті. Қара балапан кейін барды.



Шығармашылық тапсырма.

Берілген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастыр.

А) Ермек, жүр, аударып, жер

Ә) Егін, диханшылар, екті.

Б) Айдар, сүргіледі, тақтайды.





Сабақты қорындылау.

Біз бүгін етістіктің қандай түрімен таныстық?

Дара етістік неше сөзден тұрады екен?

Күрделі етістік неше сөзден тұрады екен?

Дара етістікке сөйлем құра

Күрделі етістікке сөйлем құра



Оқушыларды бағалау.

Үйге: 6-жаттығу. Ережені жаттау.



Б. Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі

























Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер









Сынып жетекшісі: Нуркеева К. А.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Дара ж?не к?рделі етістіктер

Автор: Нуркеева Кенжеайым Абубакировна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192668


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства