1. Мұғалімдерге арналған әдістемелік112-115бет 2. Дүниетану. 3 сынып 104-115 бет 3. 3- сыныпқа арналған дүниетану оқулығы.К.Жүнісқызы,Ә.Бірмағамбетов,
Н.Жапанбаева. 104-125 бет 4. Дүниетану пәні бойынша дидактикалық материалдар Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сүтқоректілер туралы білімдерін кеңейту. Олардың дене құрылысын және ерекшеліктерін білу. Сұтқоректілердің экологиялық топтарын және ол топтарға жататын жануарларды ажырата білу. Қәзіргі сүтқорктіледің шығу тегін үйрену. Оларды қорғаудың және көбейтудің маңызын түсіну. Негізгі идеялар: Сүтқоректі жануарларды қорғау, олардың көбеюіне мүмкіндік жасау, көбейту. Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнежазба, плакат, фламастар, стикерлер, жануарлар суреттері. Оқыту әдістері: СТО.Диалогты оқыту.АКТ
1.Топтық жұмыс 2.Жұптық жұмыс 3.Жеке жұмыс Дерек көздері:Оқушылардың ізденіп,оқып,мағлұмат алған ұрпағын сүтімен асырайтын жануарлар тақырыбында берілген материалдар.Дүниетану жұмыс дәптері 60-61 бет Оқушы анықтамалығы 60-61 бет Тапсырмалар,сұрақтарға жауап беру. Сүтқоректілерге жан-жақты зерттеу жүргізу арқылы оларға сипаттама беру. Деңгейлік тапсырмалар орындау (жазбаша,ауызша) Сүтқоректілердің мекен ортасына байланысты экологиялық топтары.( постер құру). Кесте толтыру: жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (3 мин) 10.30-10.33
Бүгінгі сабаққа қаншалықты дайындалып келдік?
Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті. Оқушылардың меңгерген білімдерін анықтау мақсатында «Не білесің?»деген сұрақ бойынша жауап алу.
1.Сыныпты топқа бөлу (балықтар, қосмекенділер, жәндіктер)
Оқушыларбалықтар, қосмекенділер, жәндіктер тобы болып бірігеді.
2.Топ басшысын сайлау.
3.Бағалау бетшесін топ басшыларға тарату.Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау бетшесіне белгілеуі керек. II.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)10.35 -10.42
Мұғалімнің іс-әрекеті.Оқушының іс- әрекеті. Түйін сөздер жазылған суреттер таратылып беріледі.Жәндіктер,
Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру. III.Жаңа тақырып (20 мин) 10.45-11.05
Мұғалімнің іс-әрекеті.Оқушының іс-әрекеті. 1.тапсырма: «Сүтқоректілер» бейнежазба арқылы тақырыпқа шығу. 1.Сүтқоректілер қандай жануарлар? 2. Олардың дене құрылысы қандай? 3. Олар қайда мекендейді? 2 тапсырма:Эдуард де Бононың 6 ойлау қалпағы бойынша тапсырма беру, сүтқоректілер сипаттамсы. 6 түсті қалпақ таратылып беріледі және 6 түстің идеясы түсіндіріледі. Топтар 6 ойлау қалпағының (ақ, қызыл, қара, сары, көк, жасыл)идеясының негізінде сүтқоректілер класына 6 жағынан зерттеу жүргізіп, өз ойларын айтып қорғайды.
3 тапсырма: Деңгейлік жұмыстар а) Сәйкестендіру тесті. б) Ойланып,пікірін айту.
Танысып отырған жануарлар тобы неліктен «сүтқоректілер» деп аталады? Мысал келтіру. в) Венн диаграммасы.Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау. Сергіту сәті: Әуенмен биі 4 тапсырма: Іздеу ұйымы
Екі оқушыға жеке конверт беріледі. Конверт ішінде үш жануардың суреті бар. Осы жануардың мүшелерін дұрыс құрастырып, жануардың атын, құрылысын, маңызын айтады.
5 тапсырма:Айғақ па,пікір ме?
Жарқанаттардың көзі нашар көреді-айғақ
Құндыз өте сезімтал, жылына бірнеше рет балалайды-пікір
Сүтқоректілер балаларын сүтпен асырайды-айғақ
Түлкі,аю,кірпілердің ұяластары болады-айғақ
Дельфин мен китте артқы аяқ болады-пікір
Аюдың қонжықтары әлсіз, соқыр болады-пікір
Көжектер тек 10 күннен соң көзін ашады-айғақ
Ондатра- үлбірі өте бағалы.
Пілдің ең ерекше мүшесі тұмсығы-айғақ.
Арыстанның табанында жұмсақ жастығы және өткір тырнағы бар-айғақ IV.Қорытындылау(5 мин)11.05-11.05
Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті. Кесте толтыру: жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Берілген жануарларға тән белгілерді көрсететін сандарды кестеге жазады V.Үйге тапсырма беру (2мин)11.05-11.07
Мұғалімнің іс-әрекеті.Оқушының іс-әрекеті. Қазақстан сүтқоректілері туралы мәлімет жинау.
Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады. VII.Рефлексия (3 мин)11.10-11.13
Мұғалімнің іс-әрекеті.Оқушының іс-әрекеті. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін жапырақ тәрізді стикерлер тарату. Оқушылар сабақтан алған әсерлерінің ұнағанын, ұсыныстарын стикерлерге жазып,смаликтердің тұсына іледі.