kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ч ч дыбысыны? айтылуы ж?не жазылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: о?ушылар?а ч дыбысыны? с?йлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін с?здерді о?и алу, жаза білуін, с?здік ?орларына жа?а дыбысты с?здерді енгізу. Саба?ты? міндеттері: а) білімділік:ч дыбысы мен ?рпін ме?герту, с?з ішінде ч дыбысыны? орналасуын білу, с?зді буын?а д?рыс б?лу, дыбысты? талдау жасау; ?) т?рбиелік: о?ушылар?а патриотты? т?рбие беру, отанын, ту?ан жерін с?юге т?рбиелеу; б) дамытушылы?:а?ыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шы?армашылы?ын дамыту. Саба?ты? т?рі:жа?а материалды т?сіндіру саба?ы. Саба?ты? ?дістері:дамыта о?ыту технологиясыны? ?діс-т?сілдері. Саба?ты? к?рнекілігі:суреттер, д?кен к?рмесі ( чупа-чупс к?мпиттері, чипсы, чак-чак та?амы, чебуреки та?амы, т.б.), чемпиондарды? суреттері.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ч ч дыбысыны? айтылуы ж?не жазылуы »

Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін сөздерді оқи алу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа дыбысты сөздерді енгізу.

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік:ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, дыбыстық талдау жасау;

ә) тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу;

б) дамытушылық:ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту.

Сабақтың түрі:жаңа материалды түсіндіру сабағы.

Сабақтың әдістері:дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, дүкен көрмесі ( чупа-чупс кәмпиттері, чипсы, чак-чак тағамы, чебуреки тағамы, т.б.), чемпиондардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.

А) Жұмысқа қажетті қалыпты сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;

Ә) Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

  • Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қош келдіңіздер!

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындау.

  • Балалар, өткен сабақта біздер қандай дыбыспен танысып едік?

  • Ц дыбысы.

  • Ц дыбысы қандай дыбыс?



  • Ц дыбысына байланысты қандай өлеңдер жаттадық?



  • Балалар, осы өлеңдерде ц дыбысы кездесетін сөзді атаңдаршы?

  • Цирк

  • Жарайсыңдар. Осы сөзді тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайық.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

  • Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Суретте нені көріп тұрсыңдар?



  • Ия, балалар, чемодан және олимпиада чемпиондарын көріп тұрмыз.ЧЕМОДАН ЧЕМПИОН сөзін барлығымыз бірге айтайық.

  • ЧЕ – МО – ДАН

  • ЧЕМ-ПИ-ОН

  • Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

  • Ч дыбысы.

  • Балалар, ч дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі.

  • Балалар чемодан деген не?

  • Киім саламыз

  • Жол жүргенде ұстаймыз

  • Ол бізге қажет

  • Балалар, чемпиондар деген кімдер?

  • Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

  • Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? ( Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)

  • Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова.

  • Балалар осы аға-апаларымыз сияқты чемпион болғымыз келе ме?

  • Ия

  • Ендеше балалар бүгінгі сабағымызда біздер сыныбымыздың білімпаз чемпионын анықтаймыз. 

Әр топқа адасқан сөздерден сөйлем құрау тапсырылады.

  • Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайықшы, балалар:

1-топ. Серік аға олимпиада чемпионы.

2-топ. Дүкенде чемодандар көп.

3-топ. Қыздар чемодан сатып алды.

  • Балалар, қазір біздер «Дүкенде» ойынын ойнаймыз. Мұнда қарай қойыңдаршы? Сендер не көріп отырсыңдар?

  • Чипсы, чупа-чупс, чак-чак, чебуреки, кетчуп «Чили», черчел ірімшігі

  • Мен дүкенші боламын, сендер сатып алушысыңдар. Менен өздеріңе ұнаған затты сатып алу үшін сұрақтармен жұмбақтарға жауап бересіңдер. Әрбір дұрыс жауапқа сатып алған заттың чегін беремін.

Сұрақтар:

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?

  3. Екі «С» кеп күресті,арқаларын тіресті. (Х)

  4. Қосылса 13 арасы,қандай әріп қарашы. (В)

  5. Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп (Ф)

  6. Болашақта сен кім боласың?

Сергіту сәті.

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.



Дәптермен жұмыс.

Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч

Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?



  • Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.

  • Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?

  • «Болашақ чемпиондар».

  • Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.





Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.



Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын бірге талдайды. Оқушыларға тізбектей оқытады.

IV. Сабаққа қорытынды жасау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ч ч дыбысыны? айтылуы ж?не жазылуы

Автор: Жарылгапова Гульмира Жумабергеновна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 193864


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства