С.Сейфуллинның "Көлде" шығармасы арқылы оқушылардың мазмұнын түсінуге жетілдіру.
Просмотр содержимого документа
«C.Сейфуллин "Көлде"»
Күні: 24.12.2016
Сабақ: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: С.Сейфуллин «Көлде»
Мақсаты мен міндеттер: мәтінді, оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу, мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: көлдің суреттері,С.Сейфуллин портреті,
Әдіс-тәсілдер: сипаттау, әңгімелеу, сұрақ-жауап т.б.; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін сабақта: С. Сейфуллин «Көлде» шығармасымен танысамыз.
С.Сейфуллин туралы мағлұмат беру. (алдыңғы сабақта өткен шығармаларын еске түсіру)
3. Кітаппен жұмыс
- оқи отырып, мәтінге талдау жасау
Мәтінде жазушы нені суреттейді?
Қандай құстар жайлы әңгіме болды?
Суретте нелер бейнеленген?
Оқыған мәтін мен сурет арасында байланыс бар ма?
Сөздік жұмыс: көгілдір – аққудың балапаны.
Сергіту сәті:
Ойын: «Құсты тордан құтқару»
Дәптермен жұмыс: мәтінге сүйеніп сурет бойынша әңгіме құр
Пайдаланатын сөздер: сыланып отырған аққу, сырласып отырғандай, келіп көлге қонады, сусылдап келіп көлге қонады. (жазған әңгімелерін оқыту)
3.Жаңа білімді бекіту:
Суретпен жұмыс:
-Мәтінге сүйеніп суретке зер сал. Осы сурет мәтін мазмұнын аша ма? Сен қандай сурет салар едің? (сөзбен суреттеу)
- Жазушы көлді неге теңеген?
Көл бетіндегі аққу-қазды қалай суреттеген екен?
«Интеллектуалды ойын» (көл суретін аша отырып сұрақтарға жауап беру. негізгі сурет аққу)
4.Үйге тапсырма: 253 бет мәнерлеп оқу,сурет салу