Просмотр содержимого документа
«"Буын ж?не тасымал"»
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
Кузембаева Светлана Алибаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
№29 Александр Герцен орта мектебі
Қазақ тілі . 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың буын және тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың білімді бекітуіне ықпал ету.
2. Түзеу: Пікірін еркін жеткізуіне жағдай тудыру, түйсіну, сезіну, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу.
3.Тәрбиелік: Жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: компьютер, слайд « Буратиноға көмектес», дайын буындар, карташалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу .
2. Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Бір-бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені еске түсіру. « Сөздер буындардан құралады.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.»
/ауызша мысалдар/
Ойын «Аспаннан буын жауғанда»
/буындарды орнына қою/
Тақтаға кезектесіп шығып жазады.
Ба,ла, пар,та, тақ,та, кі,тап. / буындарынан сөз құрау./
4.Дәптермен жұмыс.
Бала,парта, тақта, кітап сөздерін дәптерге жазып дауысты дыбыстың астын қызыл қарындашпен сызу.
5. Сөздерді буынға бөліп оқу.Әр сөзде неше буын бар екенін анықтау