kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бұлт, жауын-шашын. су, судың қасиеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғаттағы су.  Бұлт. Жауын-шашын.  Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты: Судың адам өміріндегі маңыздылығын және оны қорғаудың қажеттілігін, табиғаттағы су айналымын ұғындыру. оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру; практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.  Денсаулықты дамыту жолдарының  технологиясын тиімді пайдалану жолдары  көздеу.

  Оқушының сөздік қорын байыта отырып, тілін ұстарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойландыру, әңгімелеу, проблемалық ізденушілік.
Көрнекілігі:   жұмбақтар, глобус, карта.плакаттар, қаламдар, «Жауын-шашын», «Бұлттар» кестелері.

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері, қазақ тілі, бейнелеу.

 Техникалық құрал: бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық   ахуал. «Мен қандаймын?» ойыны

   Бүгінгі  біздің сабағымыз  топтық жарыс түрінде  өтеді.  Мақсаты: екі сынып бәсекеге түсіп білімдерін шыңдайды. Ол үшін әр топ өз көшбасшыларын сайлап алу керек. (топ басшысы) және топтың атында құрып алу қажет.

   Топтарға мынадай сабақ ұранын жариялаймын

      Сабақты біз бастайық,

      Жалқаулықты тастайық.

      Бір-бірмізді тыңдайық

      Пікірімізді   сыйлайық.

II- Өткен материалдарды пысықтау

«Қайталау- білім анасы» сұрақ-жауап әдісі

  1. Табиғат дегеніміз?
  2. Табиғат нешеге бөлінеді?
  3. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. (бұл не?)
  4. Адам мен табиғатты бөліп жарып қарауға болама? Неге?
  5. Бүгін бізде ауа –рай қандай?

ІІI. Жаңа сабақ

   1.    «Миға шабул» стратегиясы:   жұмбақтар шешу арқылы тақырыпты ашу

    а) Қылышпен шауып,

        Турай алмадым.

         Бір шайқап қалып,

         Жинай алмадым.     (су)

      ә)  Жылт-жылт етеді,

            Жылғалардан өтеді.  (су)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ашы__ т__рбие са__аты»




Мен елімнің ертеңімін!

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне 1991 жылғы Желтоқсан көтерілісі арқылы қол жеткізгенімізді айтып, Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге баулу.

Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, елімізді қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі:түсіндіру

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Көңілашар

Қуан, шаттан, қуан шаттан.

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Қуан, шаттан, қуан шаттан

Қуанатын күн бүгін.

(Қол шапалақтап, күннің бейнесін қимылмен көрсету арқылы қозғалыс жасап бой сергіту).

Сиқырлы қорап



«Сиқырлы қорап» ойыны. Сыныпты үш топқа мақсатында 3-түрлі қағаздағы қазақың киелі сандары 3,7,9 сандарын алып 3-қатарға бөлінеді.

1-топ; «Үміткер» (қызыл)

2-топ; «Жүгерлілер» (жасыл)

3-топ; «Талантылар» (көк)

(«Топтастыру» стратегиясы) бойынша «Отан» сөзіне әр топ өздері құрған стратегияларына түсінік береді.














- Балалар, Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.

-Отан ұғымы неден басталады?

- Отан отбасынан басталады.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз отанымыздың мақтан тұтар азамат,азаматшалары боламыз деген үмітпен «
Мен елімнің ертеңімін!» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

(Шашу, Би «Балбұлақ»)

Жүргізуші:

Біз қазақпыз -

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген

Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

Біз қазақпыз —

Қастерлеген баба салтын

Аман бол айналайын дана халқым,

Күн туса атқа қонам бір сен үшін

Міне, жаным, міне қаным, міне антым

(Көрініс: атасымен немересі).

(Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып, отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді).

Немересі: — Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: — Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағынды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын. Немересі: — Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: — Ә, балам, "өткен өмір? сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы тарихы емес пе?

Немересі: — Ал, ол қандай болған? Атасы: — Ендеше, тында балам, атаң бір сөйлесін.







Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихынды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Енді сол тарихқа сәл үніліп қарасақ.

(Бейнетаспадан тарихи шеру көру)

Мұғалім :Өзіңдікі – Елің д

Өзіңдікі – жерің де

Өзіңді-өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төріңде, -

деп ақын Иранғайып ағамыз жырлағандай, еліміз Тәуелсіздікке жету үшін талай тарихи кезеңдерді бастан кешірді.

Жүргізуші: Иә, ата-бабаларымыздың ежелден аңсаған тәуелсіздік біздің елімізге енгеніне 24 жыл толды! Құтты болсын!

Тәуелсіздікке арналған поэзиялық минут

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.








5 - оқушы: иЖаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар

8 - оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
Топтар арсында сайыс жүргіземіз.

Бірінші сайыс: “Ой сергіту„

Нүктенің орнына тағы бір элементті қосу керек.

  1. Отан ......... басталады.(отбасынан)

  2. Батыр туса - ..........(ел ырысы)

  3. Жаңбыр жауса - .........(жер ырысы)

  4. ............. ел үшін туады,(ер жігіт)

Ел үшін ..............(өледі)

  1. Отан – атам,

Отан – әкем !

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер дейміз оны .............?!(атамекен)

  1. Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен ............(суарған)

Бұл далада атам қолға ............(ту алған)


Екінші сайыс: “ Сөздерді оқы„

  1. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдарын белгілейтін нормативтік акт.







ЯУИНОКТЦИТС (Конституция)

2.Елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі

ҚЛХАЫ (Халық)

3. . Қара алтынның отаны.

Ақрағндыа (Қарағанды)

4.Қазақстанның бұрынғы астанасы?

МТАЛАЫ (Алматы)

Үшінші сайыс:“ Сұрақ жауап„

  1. Қазақстан Республикасы қай жылы өз тәуелсіздігін алды?(1991ж 16желтосан)

  2. Қазақстанның Елтаңбасында не бейнеленген?Елтаңба нені білдіреді?

( Онда шаңырақ,қанатты тұлпарлар және жұлдыз бейнеленген. Шаңырақ- туған үйдің,мемлекеттің негізінің белгісі. Қанатты тұлпарлар жақсылыққа ұмтылуды,халықтың шексіз дамуын білдіреді. Жұлдыз - өмірге деген өшпейтін қабілеттіліктің белгісі. Авторы Жандарбек Мәлібеков Шота Уәлиханов.)

  1. Қазақстанның туында не бейнеленген?Ол белгілер нені көрсетеді?

(Қазақстанның Туы бұлтсыз ашық аспан сияқты көк түстес.

Ол біздің мемлекетіміздің басқа мемлекеттермен мейірбан,бейбіт қарым-қатынас жасайтынын көсетеді.Бүркіт – бостандық белгісі.Ою – халықтың мәдени дамуының белгісі. Авторы Шәкен Ниязбеков.)


  1. Әнұранда не туралы шырқалады ?

(Әнұран – еліміздің салтанатты әні. Онда халықтың жетістігі,қаhармандар,

мемлекеттің сән-салтанаты мен күш қуаты туралы айтылады.Әнұран бірлікке,ынтымаққа,достыққа елімізді шақырады.)

  1. Қазақстан Республикасының тұңғыш “Ата Заңы „қашан қабылданды?

(1993ж 28қаңтар)

6.“Ата Заң қашан толықтырылып қабылданды„

(1995ж 30 тамыз)

7. Астана Қазақстан Республикасының астанасы қашан болды?

(1997ж 10желтоқсан)

8.Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады?

9- орын

9.2001жылы 16желтоқсанда тәуелсіз еліміз неше жасқа толды?

10 жасқа

10.Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері қашан қабылданды?

1992ж 4 маусым









Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «
Мен елімнің ертеңімін!»

Атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
































































Тақырыбы:

Мен елімнің ертеңімін!



3 «ә» сынып

















Орындаған: А. Молдабаева





















Щучинск қаласы

2015жыл
















































































































































































































  1. Жүргізуші:

Біз қазақпыз -

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген

Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

Біз қазақпыз —

Қастерлеген баба салтын

Аман бол айналайын дана халқым,

Күн туса атқа қонам бір сен үшін

Міне, жаным, міне қаным, міне антым



Просмотр содержимого документа
«д__ниетану 3 сынып»


Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы су. Бұлт. Жауын-шашын. Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты: Судың адам өміріндегі маңыздылығын және оны қорғаудың қажеттілігін, табиғаттағы су айналымын ұғындыру. оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру; практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Денсаулықты дамыту жолдарының технологиясын тиімді пайдалану жолдары көздеу.

Оқушының сөздік қорын байыта отырып, тілін ұстарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойландыру, әңгімелеу, проблемалық ізденушілік.
Көрнекілігі:
жұмбақтар, глобус, карта.плакаттар, қаламдар, «Жауын-шашын», «Бұлттар» кестелері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, бейнелеу.

Техникалық құрал: бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық ахуал . «Мен қандаймын?» ойыны

Бүгінгі біздің сабағымыз топтық жарыс түрінде өтеді. Мақсаты: екі сынып бәсекеге түсіп білімдерін шыңдайды. Ол үшін әр топ өз көшбасшыларын сайлап алу керек. (топ басшысы) және топтың атында құрып алу қажет.

Топтарға мынадай сабақ ұранын жариялаймын

Сабақты біз бастайық,

Жалқаулықты тастайық.

Бір-бірмізді тыңдайық

Пікірімізді сыйлайық.

II- Өткен материалдарды пысықтау

«Қайталау- білім анасы» сұрақ-жауап әдісі

  1. Табиғат дегеніміз?

  2. Табиғат нешеге бөлінеді?

  3. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. (бұл не?)

  4. Адам мен табиғатты бөліп жарып қарауға болама? Неге?

  5. Бүгін бізде ауа –рай қандай?

ІІI. Жаңа сабақ

1. «Миға шабул» стратегиясы: жұмбақтар шешу арқылы тақырыпты ашу

а) Қылышпен шауып ,

Турай алмадым.

Бір шайқап қалып,

Жинай алмадым. (су)

ә) Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді. (су)

«Су» деген сөзді естігенде көз алдарына не елестейді? (оқушылар алдарында жатқан плакатқа өз ойларын жазады)


«Су» сөзіне топтастыру жасау.


Мұз Бу

Тұман Мұздақ

СУ ҚОЙМАЛАРЫ


Шьқ Мұхит


Қар Теңіз

Жаңбыр Сел Көл Өзен

2) Кіріспе
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Табиғаттағы су. Жалпы судың қасиеттері. Бұлт. Жауын-шашын. Бұл тақырып сендерге таңсық емес, алдыңғы сыныптағы алған білімдеріңді паш етейік.
• Жер шарына назар аударайық! Қандай тұжырым жасауға болады?
• Жер бетінде ең көп таралған зат су. Ол жер шарының 2/3 бөлігін алып жатыр. Олар - мұхиттар, өзен - көлдер, теңіздер.
• Оларды атап, картадан көрсетеді.
Су туралы мұғалімнің түсіндіруі.


3.Практикалық жұмыс. «Жүз естігенше бір рет көру» бізге тиімді


  1. су сұйық күйде кездесетінін дәлелдеу


2. су қатты күйде кездесетінін дәлелдеу.


3. су газ күйінде кездесетінін дәлелдеу


4. эксперттер тобы. Олар қорытындысын шығарады.


мөлдір

ағады

СУ иісі жоқ

дәмі жоқ

түсі жоқ

Оқулықпен жұмыс.

  1. Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтінді оқыту.

Мәтінде берілген мағлұмат пен өздерінің алған білімдерін салыстырады, талдайды, сызба құрастырады.





4) Қосымша білім беру «Білгенге маржан» айдары
• Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Оңтүстік Америкадағы Анхель сарқырамасы (1025м).
• Ең ұзын өзен – Африкадағы Ніл өзені (6671 км).
• Ең терең көл – Сібірдегі Байкал көлі (1620 м).
• Ең ірі көл – Каспий көлі (1620 м).

4) Слайдпен жұмыс.

Табиғаттағы судың көріністері

«Сен білесің бе?» айдары
• 1 кг картоп өндіруге 300 л, 1 кг бидай өсіруге 1200 л су, ал 1 т алюминий алуға 1000 т, 1 т шойын қорытуға 130 т су қажет.
• Бұл жерде қандай тұжырым жасауға болады?
• Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Сондықтан суды қорғау, үнемдеу, ластамау керек.

5) Сергіту сәті: Би билейміз шыршамен

Шығармашылық жұмыс: (осы нақыл сөзді сурет арқылы қалай жеткізер едіңдер?)
4) Ата - бабамыз суға байланысты қандай тыйым сөздер қалдырған?
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Судың да сұрауы бар.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Сулы жер – нулы жер.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
5) Топпен жұмыс

а )Судың денсаулыққа пайдасы. Пікір талас
б) тапсырмалар орындау
1 - топ. Адам өміріндегі судың маңыздылығы.
2 - топ. Табиғаттағы судың маңыздылығы.
3 - топ. Табиғаттағы су айналымы.

6. Бекіту. Су, табиғаттағы су айналымы туралы біліп, білімімізді толықтырдық. Білетініміз көп екен. Алдағы уақытта үйренетініміз бұдан да көп болар.
7 . Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау. «Су тіршілік көзі» эссе жазып келу

8. Бағалау Топтық бағалау (топтың біліміне қарай жинастырған









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
бұлт, жауын-шашын. су, судың қасиеті

Автор: Молдабаева Аягоз Хамитовна

Дата: 25.10.2016

Номер свидетельства: 352029


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства