kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?рте ла?.Бота?ан.??лынша?ым.?арама-?арсы с?здер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рт т?лік малды? т?лдері туралы т?сінік беріп,таныстыру.Сурет ар?ылы к?рсету.?арама-?арсы с?здермен таныстыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?рте ла?.Бота?ан.??лынша?ым.?арама-?арсы с?здер.»



Сабақтың тақырыбы: Бөрте лақ. Ботақан.Құлыншағым. Қарама-қарсы сөздер.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Малдың төлдерімен таныстыру,қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.


Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу

шығармашылық қабілетттерін дамыту.


Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру


Сабақтың түрі: Интерактивті тақта.


Әдіс тәсіл: Түсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау стратегиясы, Семантикалық карта, ізденушілік, ойыншықтар дүкені.


Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау.Сәлемдесу.

ІІ Психологиялық сәт: (3 слайд)

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін өзі басқарған.

Егеменді елімнің

Болашағы мен болам.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: (4 слайд)

“Жылқы” өлеңін мәнерлеп оқу .

  • Оқыған өлеңіміз не туралы ?

  • Жылқының сүтінен не жасалады?

  • Жылқының бізге пайдасы бар ма?

  • Жылқының төлі қалай аталады?

ІІІ Бағдарлау мотивациялық кезең. «Қызығушылықты ояту.» (5 слайд)

  • Балалар,қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан.Малды көлік ретінде пайдаланамыз,сүтін ішеміз,етін жейміз. Терісінен киім тігеміз.Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген,төлдетуді,күтіп-баптауды,көбейтіп өсіруді игерген.

  • Үй жануарлары немесе төрт түлік мал дейміз.

  • Біздер ана тілінен осы малдар туралы өлеңдермен,әңгімелермен танысып жатырмыз.

  • Төрт түлік малға нелер жатады?

  • Түйе,қой,ешкі,сиыр,жылқы.

  • Олардың төлдерін қалай атайды.

  • Бота,қозы,лақ,бұзау,құлын.


ІV Операционалдық-орындаушылық кезең. ( 6 слайд)

Жаңа сабақ.

  • Бүгін біз Ешкінің төлі-лақ,Түйенің төлі-бота. Жылқының төлі-құлын туралы өлеңдермен танысамыз.

  • «Бөрте лақ» , « Ботақан.» , « Құлыншағым.»Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

  • Өлеңді оқушыларға оқып беру.

  • Өлеңді оқушыларға оқыту.

  • Сұрақтар

  • Қайсысы ненің төлі екенін табу.

  • Төрт түліктің суреттерін көрсету. ( 9-13 слайд)



V.Дәптермен жұмыс.

  • 180- жаттығуды ауызша орындату.( 14 слайд )

Жұмбақты оқап,шешуін тап.

Бүтін дейін десем, бүтін емес,

Жыртық дейін десем,жыртық емес. ( Ау)


  • Мағынасы қарама-қарсы сөзді табу. ( бүтін- жыртық)

Сергіту сәті.


181- жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. (15 слайд)

Қымыран.

Салқын,сырбаз қымыран!

Сүйікті асы қазақтың.

Шипалы сусын-бұл бір дәм,

Ардақтысы тамақтың.


Салқын сөзіне қарама-қарсы сөзді табу. ( Ыстық)

Қымыран- түйе сүтінен жасалған сусын,шұбат.


VІ. Балалар енді « Ойыншықтар дүкені» атты ойын ойнайық. (16-21 слайд)

Ойын шарты: Дүкеннен ойыншықты алу үшін оның тапсырмасын орындауымыз керек.

1 тапсырма. Лақ туралы тақпақ айт.

2-тапсырма. Сиыр сүтінен не жасалынады?

3- тапсырма. Қой туралы тақпақ айт.

4- тапсырма. Қозы.туралы тақпақ айт.

5- тапсырма. Жылқы сүті қалай аталады?

6- тапырма. Түйе сүтінен қандай сусын жасалады?

VІІ Ой қозғау. (22 слайд)

Сендердің апаларың, аталарың, әкелерің, аналарың қалай еркелетеді?

  • Құлыншағым,ботақаным, жапырағым ....т б.

  • Сол сияқты жануарлар да өздерінің төлдерін еркелетеді екен.

  • Қане қандай өлең білеміз?


VІІІ Мағынаны тану

Қой сүйеді баласын “қоңырым”,- деп,

“Ештеңені білмейтін момыным”,- деп.

Сиыр сүйеді баласын “торпағым”,- деп,

“Қараңғыға баспаған қорқағым” ,-деп.

Түйе сүйеді баласын “тайлағым”,- деп,

“Жабу жапса жарасқан жайнағым”,- деп.

Ешкі сүйеді баласын “лағым”,- деп,

“Тастан –тасқа секірген шұнағым”,- деп.

Жылқы сүйеді баласын “құлыным”,- деп,

“ Жүгіруден тарасын құмарың”,- деп.


ІХ. Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Х. Кестені толтыру.

 

Қоңырым

момыным

Торпағым

қорқағым

Боташым

тоташым

Лағым

шұнағым

Құлыным

жұрыным

Түйе

 

 

 

 

 

Жылқы

 

 

 

 

 

Сиыр

 

 

 

 

 

Қой

 

 

 

 

 

Ешкі

 

 

 

 

 













ХІІ: Үйге тапсырма.

Өлеңдерді оқу. Малдарға қатысты тыйым сөздер жазу.


ХІІІ .Бағалау.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай мақтап,мадақтап бағалау.















«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.»

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени – тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл.) «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен.


Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін – білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми – педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.


Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.


Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.


Мектепте басты тұлға-мұғалім,оқу процесінің негізі-сабақ. Демек әр сабақты тиімді әрі қолайлы әдіс-тәсілдерін таба біліп,әр сабақтың білімділік,тәрбиелік мәнін жете түсініп,дұрыс ұйымдастыруға міндеттіміз.

Білім негізі бастауышта болғандықтан,бастауыш кластың мұғалімдерінің жүгі ауыр екені бәрімізге мәлім. Материалды толық меңгертіп,пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта-ықыласына,тіпті қабілетіне байланысты.

Мектепте әрбір сабақ өздік ерекшеліктерімен өлшенеді.Әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәні де зор.

Ана тілін дамыту бағытында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруына көңіл бөлемін.Бұл мақсатты жүзеге асыруда көптеген сабақ түрлерін өткіздім.Атап айтсақ аралас сабақ, сайыс сабақ т.б. оқушылардың білімін тексеріп,бағалау мақсатында бөлім соңында,тоқсан аяғында үнемі тест жүйесімен жұмыс жүргізу тұрақты өткізіліп келеді.Сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға көңіл бөлемін.Ана тілі пәні сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуда ең басты көңіл бөлетінім:

а) өлең шығаруға үйрету.

ә) ұйқасын тапқызу,сөзбен сөзді байланыстыру;

б) алдарына ой тастау;

Оқушылардың шығармашылық әректі мен танымдық қабілеттерін артты-руда мәтіннің алатын орны ерекше. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Бұл жерде жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар орындау. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстары – шығарма, әңгіме, ертегі құрастырып жазу, белгілі бір тілдік ұғымға байланысты реферат жазу.

Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті,қызықты әрі тартымды өткізу үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.Ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын оқушылардың зор ілтипатпен тыңдап,сапалы меңгеруіне сенімді көмекші құрал. Ойын арқылы оқушылар тез сергіп,тапсырманы жылдам,дәл орындайтын болады.

Осыған орай оқушының сабаққа деген қызығушылығын,ынта-жігерін арттыруда математика пәнінен «Кім жүйрік?», « Кім шапшаң?», « Кім тез табады?», «Ойлан тап», (логикалық есептер) шығартып ойын арқылы үлкен нәтижеге жетіп келемін.

Оқушылар ертегі есептер ,доминолық ойындармен берілген есептерді қызыға орындайды.

«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.»тақырыбындағы баяндамама сәйкес әр сабақта осы мақсатты негізге алып отырдым,яғни оқушыларымды ойлай білуге ,өзінше ізденіп,өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыруды көздедім. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқулықтағы жеңіл желпі тапсырмалар орнына оқушының тапқырлығын,зеректігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтижеге жеткізеді.

Сабақта барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат етемін. Оқушыларды «жақсы», «жаман» деп бөлмей,үлгерімі төмен оқушылардың өзі шамасы келгенше, қабілеті жеткенге дейін еңбек етуі ойластырылуы тиіс.

Сонымен қорыта айтқанда,бүгінгі таңдағы мақсатым-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау,өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру деп есетеймін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Б?рте ла?.Бота?ан.??лынша?ым.?арама-?арсы с?здер.

Автор: ?азыбай А?д?урен Магадан?ызы

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 321953


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства