Просмотр содержимого документа
«" Бояу т?сі сыр шертеді " бейнелеу ?нері »
Бейнелеу өнері 1 сынып
Тақырыбы : Бояу түсі не туралы сыр шертеді?
Сілтеме: Жоспар.
Мақсаты: Бояу түсіне қарап жыл мезгілін ажыратуды үйрету,түстермен жыл мезгілдерін бейнелеуді үйрету, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Бояу түсіне қарап жыл мезгілін ажыратуды үйренеді,түстермен жыл мезгілдерін бейнелеуді үйренеді, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиеленеді.
Негізгі идеялар: Күзгі ғажайыптың бірі ағаш бастарындағы жапырақтар,жапырақтың пішіні әр түрлі болып келеді.Дегенмен олардың құрылысында ортақ нышан бар. Олар жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, «аквариум» , ББҮ.
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Құрал-жабдықтарын тексеру.
3. Топқа бөлу. Сынып оқушыларына түрлі- түсті стикерлер таратылады. Балалар өздеріне таратылған түстер арқылы бір – бірін тауып, 3 топқа топтастырылады.( 3 минут)
ІІ.Ой қозғау. (3 минут)
Тақтадан суреттер слайд бойынша жасалып көрсетіледі.Оқушылар суреттерден көргендерін талқылайды.
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (5минут)
Суреттерден нені көрдіңдер?
Жыл мезгілдерін білесің бе?
Олардың табиғат ерекшелігін ата.
ББҮ кестесін ауызша айту.( 5 минут)
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
ІІІ.Топтық жұмыс. «Аквариум» әдісі. (15минут)
Мәтін таратылады. Оқушылар мәтінде көрсетілген тапсырманы топта талқылайды.