Просмотр содержимого документа
«Б?денені? ??йры?ы неге ?ыс?а?»
Сабақ жоспары
Өтілу мерзімі:
Сыныбы: 1 «А» сынып
Пәні: Ана тілі Оқушылар саны: 6 оқушы
Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал Сабақтың мақсаты: Сөздерді дұрыс тасымалдауға жаттықтыру. Бөдене жайлы толық түсінік беру. Сабақтың міндеті: Буын жігімен тасымалдауға жаттықтыру; Оқушылардың таным аясын кеңейтуге мүмкіндік беру; Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілдікке , құстарды қорғауға тәрбиелеу; Көрнекті құралдар: суреттер, ертегіге қажетті суреттер, слайд, мультфильм, үлестірме қағазда
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау Әдіс -тәсілдері: Күтілетін нәтижелер: 1. Кез-келген сөзді буынға бөліп, тасымалдай алады; 2. Оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын айтып бере алады; 3. Пікірталаста өзін көрсете алады, еркін ой бөлісе алады; 4. Сұрақ қоя біледі, сөзді бөлмей, аяғына дейін тыңдауға үйренеді.
Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы,оқу-құралдарының дайындығы,сынып тазалығы, оқушылардың партада дұрыс отыруы,сыртқы келбеттеріне назар аудару
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. — Балалар құстардың суретін таңдау арқылы топқа бөлінеді. (Әр топта өз құстарының суреті көрсетілген) — Мыс: Бөдене, қарлығаш, шымшық, сауысқан, көгершін
Тыныштық сәті: әуен тыңдау (құстардың дыбысы)
Өткенді пысықтау:
«Ыстық орындық» әр топтан бір –бір оқушы шығады.
Орнында отырған балалар сұрақтар қояды. — І-тапсырма. Әр топқа тапсырма беріледі. (сөздерді қалай тасымалдауға болатынын көрсетеді) — Мыс: 1. Балапан, қарлығаш,
2. Шағала, бөдене
Қызығушылықтарын ояту: Үй құстарының арасына бөдененің суретін қойып, артығын табу арқылы балалардың қызығушылықтарын арттырамын.
Мәтінмен жұмыс:
Кіріспе әңгіме:— «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» ертегісін әңгімелеп айтып беремін.
( таудың макеті тұрады, құстардың макеті болады) солармен көрсете отырып, балалардың қызығушылығын оятамын. — Мәтін мазмұнын қалай түсінгендері жайлы қысқаша сұрақтар қойылады: 1. Бөдене қандай құс? 2. Қандай тау болыпты? 3. Құстар не үшін талпыныпты? 4. Бөдене не істепті? 5. Бөдененің құйрығы неге қысқа екен?
Мағынаны ажырату сатысы
— ІІ-тапсырма. Әр топқа пазл беріледі. Пазлды құрастырады да, сол жайында ойланып, топтан бір бала жауап береді. — 1-топ. Бөденеге сипаттама бер (суреті беріледі) — 2-топ. Бөдене немен қоректенеді? (құрттар суреті беріледі)
Сертігу сәті: «Қарлығаш» әнін орындау.
Жаңа тақырып:
— Сабаққа сиқыршы келеді. Сиқыршы жолда келе жатып, торындағы сиқыр көрсетемін деген көбелектерін ұшырып алыпты алады. — Сиқыршы: Балалар маған көбелектерімді ұстауға көмектесесіңдер ме? — Ол үшін бұл сөздерді тасымалдауға бола ма, болмай ма? Соны айта отырып жинаймыз. Мыс: ақын, іні, жент, әже, өрік, от, сүт, ауа, ата Ереже:
— Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: көл, өзен, емен, шаш, ер
Дәптермен жұмыс. Әр оқушы ағаштан алма алады да тасымалданатын сөздерді бір бөлек, тасымалданбайтын сөздерді бір бөлек жазып шығады. Қалған балалар дәптерлеріне жазып отырады.
Тасымалданатын сөздер
Тасымалданбайтын сөздер
Жарғанат, балапан, сабақ
өзен, сөз, емен
Ой толғаныс сатысы
Сұрақтар:
1) Тасымал дегеніміз не?
2) Қандай сөздер тасымалданбайды?
3) Сөздердің тасымалданған бөлігінен кейін қандай белгі қойылады? (Сызықша )
Кері байланыс: — Балалар, бүгінгі сабақтан нені үйрендік? — Бүгінгі сабақ ұнады ма? — Не сендерге қызықты болды? Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталады