kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз жас инспекторлармыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар! Бүгінгі біздің «Біз жас инспертор!» атты тәрбие сағатымыз жол жүру жас инспекторының бақылауы бойынша болмақ.  Мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын киген бала ортаға шығады)

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз жас инспекторлармыз»

күні:06.09.2021ж

Тақырыбы: Біз жас инспектор

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, интерактивті тақта, жас инспектор формасы , жолда жүру ережелері туралы фотосуреттер.
Сабақтың түрі: таным сабағы.
Өтілу барысы:
Мұғалім - Арманға, алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз,
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
- Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
Құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі жол жүру ережесінде «Ережені жаттаймыз, Өмірлерді сақтаймыз!» ұранымен сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Олай болса мен жасырған жұмбақтарыдң жауабын айта отырайық.

Жұмбақтар

1.     Ала таяқ ұстаған,                                                  2.   Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                               Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен, (Автобус)                                  Ысқырықпен түзеткен

(Милиционер)

 3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)


Мұғалім: - Балалар! Бүгінгі біздің «Біз жас инспертор!» атты тәрбие сағатымыз жол жүру жас инспекторының бақылауы бойынша болмақ. Мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын киген бала ортаға шығады)
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ, тоқта, жүр дейді.
- Бағдаршам!

Жас инспектор:
- Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал, ендеше тыңдап көрелік.

1-оқушы: Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
2 – оқушы: Алдымен түрлі – түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.


3 – оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

4 - оқушы: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын

біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Менің үш көзім бар.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап қалма маңайға дейді.

- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, жол белгілеріне назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері туралы білетініңдерді ортаға салып, таныс болайық!
- Мынау қандай белгі? (слайд)

Жол белгілерін интерактивті тақтадан көрсету.

Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді


Жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!
Тыйым салу белгісі. ( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)
Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)
Сұрақтарға жауап береміз

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3. Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды?

Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.
4 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі?

– Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек. .

5 Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам. 
6. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға. 
7.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші. 

8.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз?

Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын. 

9.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі. 
10.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек. 

«Өнер сайысы» Көрініс. 


Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор: Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді. 
Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі 
Ал біздердің жол жүру ережелерімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз көшелер мен жолдарда қойылатын белгілермен таныстық. 
Енді міне, осы алған білімімізді
(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысады.)

 

Инспектор: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты

1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

2)    Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3)  Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Мұғалім: Қымбатты қонақтар ұстаздар, оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды. Әр оқушы «Менің үйден мектепке дейінгі    жолым»    деген    схеманы    сызып  парақтың бірінші бетіне салып қойды. Жолда жүру ережелеріне байланысты тәрбие сағаттары өтті. Міне алдарыңызда оқушылардың салған суреттері, жасаған макеттері. Оқушылар жолда жүру айлығына бір кісідей ат салысты.

Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Біз жас инспекторлармыз

Автор: Тыныштықова Жайнагүл Әлімжанқызы

Дата: 27.09.2021

Номер свидетельства: 587623

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Біз жас инспекторлармыз!""
    ["seo_title"] => string(26) "biz_zhas_inspektorlarmyz_1"
    ["file_id"] => string(6) "615755"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1666556654"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Біз жас инспекторлармыз."
    ["seo_title"] => string(26) "biz_zhas_inspektorlarmyz_2"
    ["file_id"] => string(6) "657904"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1729191350"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства