Просмотр содержимого документа
«"Бір та?балы ж?не екі та?балы сандарды" о?ыту ?дісі»
Пән: математика Күні____
Сынып: 1
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы және екі таңбалы сандар. Монеталар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды бір және екі таңбалы сандармен таныстыру. Бір таңбалы мен екі таңбалы сандардың айырмашылықтарымен таныстыру, 10 ға дейіңгі сандарды бөліп санауға үйрету, ақшаны ұсақтап санауға үйрету. Жүйелі ойлауға үйрету. 2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ақыл – ойларын, есеп шығару дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.-10 санын қалай шығарып алдық?
- 10 саны қандай сандардың қосындысы?-10 саны қай сандардан артық?
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында оқушыларға есептері бар карточкалар таратылады. Оқушылар карточкадағы есептерді лезде шығарып, ауызша жауап береді.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
1) 0-10 дейінгі сандар не деп аталады?
2) Бір таңбалы сандарды ата.
3) Олар неге бір таңбалы деп аталады?
4) Екі таңбалы санды ата.
5) Ол неге екі таңбалы сан аталады?
Кітаппен жұмыс: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларға бір және екі таңбалы сандар жайындатүсінік беру арқылы есептер шығарту.
Оқушыларға №1 «Жасырынып қалған сандарды тап» есебі ұсынылады. Оқушылар бос тордың орнына қалып қойған сандарды қойып, қойылу себебін түсіндереді.
№2 Сандарды салыстыр. Қасысы кем, қайсысы артық немесе тең таңбаларын қою арқылы сандардың тәртібін естеріне түсіруді.
№3 Атаулы сандарды салыстыр
№4 Өрнек құрып мәнін тап. Берілген сандарды қатыстырып, есептерді шығару арқылы оқушылардың ақыл – ойларын жетілдіру.
V. Сергіту сәті:
Он, жиырма, тоқсан, жүз.
Тойлаймыз ата тойын біз.
Ғабит ата өзіндей,
Біз жазушы боламыз.
( Қолдарымен ауада жазу жазады.)
Жазған аңыз, ертегіңді,
Ынта қоя оқимыз.
( Кітап оқығандай қимыл көрсетеді)
Дәптермен жұмыс: №5 Өрнектердің мәнін тап.(дәптермен жұмыс)
2+5 3+3 6+1 4+4 8-6 10-5 9-4 7-7
Шығармашылық жүмыс: Оқушылардың алдарына монеталар таратылады. Оқушылар осы монеталарды қосу арқылы 10 сандарын шығарып алады.
VI. Сабақты бекіту: Сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға карточкалар таратылады. Осы карточкаларда оқушылар суреттегі заттардың қандай таңбалардан құралғаны жайында түсінік беріп, олардың бір немесе екі таңбалы сандар екендігін айтып, дәлелдейді.