kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірлігі жарасқан халықпыз өзін-өзі танудан ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

КККККККККККККККККККККККККККККККККККККККККККККК ММММММММММММММММММММММММММММММММММ ППППППППППППППППППППППППППППППППППППППППППППП

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірлігі жарасқан халықпыз өзін-өзі танудан ашық сабақ»

Мектебі:Благодар орта мектебі

Мерзімі: 18.10.2016ж сабақ №7

Тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз

Құндылығы:ішкі тыныштық

Қасиеттері: бірлік, ынтымақтастық,достық.

Мұғалімі:Сыныбы: 3 «а,ә»

Оқушылар саны: 25

Мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» туралы түсініктерін кеңейте отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-бірлік қасиетін ұғындыру,

- ынтымақтастық қасиетін дамыту,

- ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.



Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексеру. «Туысқан ел» өлеңі.

3. Дәйексөз .

«Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.»

Халық мақалы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.

Ауызбіршілік ең бірінші қайдан басталады?

4. Әңгімелесу: «Досты қалай табу туралы» ертегі

Ертеде бір ерке бала болыпты.Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен.Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты,тек оның бірге ойнайтын досы болмапты. Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құлақ түрмей,өзінің айтқанымен жүреді екен.бірақ оған ешкім сенің бұл ісің дұрыс емес деп айтпапты. Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:

«Барлық балалар менен теріс айналады.ешкім менімен дос болғысы келмейді.менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,-деп ойлайды.

Бір уақытта:

-Ендеше,мен сенің досың болайын,-деген біреудің дауысы естіледі. «Бұл кім?»-деп бұрылып артына қарағанда керуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді.Бала аң-таң болып оған қарап қалады.

Жаңағы кіп-кішкентай бала қарапайым адамға мүлдем ұқсамайтын еді.Ол сарғыш түсті,мөлдір,бірақ оның тұла бойы қарапайымдылыққа толы екенін сезіліп тұратын.

-Сен қай елден келдің?-деп бала одан сұрайды.

Кішкентай бала өзінің Мейірім деп таныстырып,өзінің басқа елден келгені туралы,ол жерде бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты.Ол Жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін,бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін,ол тек бір балаға ғанакөмек бере алатынын жеткізді.

-Айтшы,Мейірім,мүмкін сен білетін шығарсың менің неге досым жоқ? Бәрі менен неге теріс айналады.Көмектесші маған,-дейді бала.

-Бұл өте оңай,айналаңдағылырды жүрегіңмен тыңдауың керек.Қасыңдағы адамдарды жақсы көріп,олардың саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек.Сондықтан өзің үшін ғана емес,басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.

Сөйтіп,олар бірден достасып кетеді.Олар кештерді бірге өткізіп,қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да,көп нәрсе білетін.Ол өзінің білгенін баламен бөлісіп отырады. Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне әрқашан разы еді.

-Рақмет,саған Мейірім,сенің қасымда болғаның қандай жақсы.Сен менің нағыз досымсың!

Осылай уақыт өте береді.Бір күні бала үйіне қуанып келді.

-Мейірім,бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты күн.Мен арманыма жеттім.Ақырында мен өзіме дос таптым.Бұл өте бір керемет.Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.

Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқтамастан айтып жатты.Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ.Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ.Осы уақыт ішінде Мейірім баланы көп жақсы істерге,дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.

Бала қалай өзіне дос тапқан соң,Мейірім солай өзінің ғажайып,сиқырлы еліне қайту керек еді.Мейірім өзінің ісін бітіріп,балаға достықтың не екенін,дос бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.

Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланды. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды.Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейіріммен ақылдасып,жүрегін тыңдайтын болыпты.

Мәтін бойынша сұрақ:

1.Қандай бала болыпты?

2.Ол кіммен кезікті?

3.Басына іс түскенде кіммен ақылдасатын болды?

Құндылық бойынша сұрақ:

1.Біздің бойымызда достық қасиет бар ма?

2.Бірлікті қалай көрсетеміз?

3.Досымызға адалмыз ба?


5.Шығармашылық жұмыс:

«Менің елім бақытты»тақырыбында әңгіме жазу.

6.Топпен ән айту:

Күн күледі

Сөзін жазған Қ. Толыбаев.

Әнін жазған И. Нүсіпбаев


Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Қайырмасы

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Жалбыр шашы-гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.


7. Үй тапсырмасы. 8- сабақтан «Біздің Мәншүк» мәтінін оқып келу.

8.Тыныштық сәті:

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


5-т

Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.


Бейне ролик






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бірлігі жарасқан халықпыз өзін-өзі танудан ашық сабақ

Автор: Қасымхан Лаура

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства