kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"бІРІККЕН С?З"?аза? тілі 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саб?та о?ушыларды т?гендеп,оларды смайлик шиелер ар?ылы ж?птар?а б?лдім.Смайликтерді? артын о?ыды,артында т?бір с?здер жазылды,сол т?бір с?здерді о?ушылар біріктіріп,бірікккен с?здер жасап ж?птар?а б?лініп отырды.?й тапсырмасы тексерілді.Жатты?удан біріккен с?зді тауып атату.?ткенді ?айталау :  Фигураны тап,суретж?мба?ты шеш ойыны ар?ылы о?ушыларды? білімдері тексеріліп толы?тырылды.О?улы?пен ж?мыс ?рбір ж?п м?тінні? ішінен біріккен с?здерді тауып,оны? астын сызады.Бір-бірлерін тексереді.К?ркем жазу минуты.К?ркем жазу д?птерлеріне жазады.Та?тамен ж?мыс о?ушылар та?та?а жер -су аттарын бір -бірлеп жазып шы?ады.Сарыар?а,Сары?зек с?здеріні? жазылуы мен айтылуын салыстырады.?орытынды жасалады.Сарыар?а к?йін ты?дау.Конверттер таратылып берілді оны? ішінен суретті алып ??растырады ж?не сол сурет бойынша ?ыс?аша сипаттау м?тінін ??растырады.Берілген ?иыл?ан суреттер:балм?зда?,ша?сор?ыш,?олшатыр.Ауызша о?ып береді.?аза?станны? географиялы? картасымен ж?мыс:оны? ішінен біріккен с?з жер-су атауларын теріп жазу.О?ушылар бір-бірінікін тексередіСергіту с?ті.Ж?мба? жасыру бір-бірлеріне ж?мба?ты? шешулері ?андай с?здер бол?анын айтады.Де?гейлік тапсырмалар берілді.Бірінші а??у тапсырмасы:біріккен с?з жаса,екінші бір?азанны? тапсырмасы:берілген біріккен с?здерді? т?бірін тап?ызу.?шінші т?йе??сты? тапсырмасы:берілген с?здерден біріккен ?сімдік аттарын тауып жазу.Рефлексия б?гінгі саба?та не білгенімізді сызба?а т?сіреді ж?птасып орындайды.Орында?ан тапсырмалары ар?ылы о?ушыларды ба?алау.Смайлик жемістер таратылды "К??ілді алмалар","Томсырай?ан лимондар" саба?ты? ?на?ан,?нама?анын білу ?шін та?дап алып себетке салады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"бІРІККЕН С?З"?аза? тілі 4 сынып»

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сыныбы:4 сынып



Сабақтың мақсаты:

1.Біріккен сөздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдету, жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердің жазылу ерекшелігімен таныстыру.Сауатты жазуға баулу.

2.Оқушылардың ойларын,жазбаша тілдерін дамыту.

3.Әдемі жазуға ,достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,ребустар,смайликтер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме балалар,қане орнымыздан барлығымыз тұрайық бір-бірімізге қарап күлімсірейік те алға қарай шығайық та мына менің алдымдағы көңілді смайликтерден бөліп алайық бұлар көңілді шиелер сендер білесіңдер шиелер үнемі бірге жұптасып дос болып жүреді ,сол сияқты біз де бүгін жұптасып жұмыс жасаймыз. Шиелерді алып оның артындағы сөздерді оқимыз сол сөздерден жаңа сөз жасаймыз ,екі бала бірігіп бір сөзді құрайды ал ендеше сөздерімізді дауыстап оқиық.

Оқушыларды жұппен отырғызу

Үй тапсырмасын тексеру Берілген жаттығудан біріккен сөздерді тауып атату.

Өткенді қайталау

Фигураны тап ,суретжұмбақты шеш ойыны.

1.Тақтада суреттер ілінген сол суреттерден сөздер тауып, тақтаға бір-бірлеп жазып шығады.

Төртбұрыш,үшбұрыш,көпбұрыш,Айгүл,Алмагүл,бірқазан,итмұрын,Ботагөз

-бұл сөздер қалай жасалған ?

-Бұл сөздерді біз қандай сөздердің тобына жатқызамыз?

Біріккен сөздер қалай жазылады ?

Оқулықпен жұмыс.

2.-Енді әрбір жұпқа екі мәтіннен беріледі .Сол мәтіннің ішінен біріккен сөздерді тауып астын сызады. Біткен соң олар бір-бірлерін тексереді де бағалау парақшаларына бір-біріне баға қойып отырады.

Берілген мәтін сөзі.

1.

Ботагөздің үш ағасы бар.Ағайынды үшеуінің жас мөлшері бір-біріне жақын.Балтабек жиырма алтыда.Темірбек жиырма төртте.Кенжетай жиырма екіде.Әкесі тұяқ ерте қайтыс болған.Шешесі Ұлберген қырық бес шамасында.Ұлберген ауылдағы Кенжетай мен Темірбектің қасында тұрады.Балтабек Бурабай қаласында темір соғады.

2.

Аққасқа иттің сырттаны еді.ОЛ ауыл иттерімен араласпайтын.Аққасқамен талай рет аңға шықтық.Бірнеше көкжал қасқырды соғып алдық.Аққасқа талай рет Сарыарқа жерінен олжалы оралды.Аққасқаныың көкжалдың алқымынан шайнай,айқасып тұрғанын талай көргенбіз.



3.Оқушылар алдарындағы көркем жазу дәптеріне әдемілеп к,қ әріптерін үлгіге сай жазып шығады.Бір –бірлерінің жазуларын тексереді

Жер су аттарын тақтада жазғызу.

Бір –бірлеп тақтаға жазады.

Маған келіп Сарыарқа ,Сарыағаш ,Жаңаөзен,Сарыөзек тақтаға жазып беріңдер.

Сендер осы сөздерді бір-бірлеп айтып көріңдер қандай өзгеріс байқадыңдар?

-Айтқанда бір дауысты дыбыс айтылмай қалады екен ал жазғанда қатар келген дауысты дыбыстары сақтап жазамыз.Тақтада дұрыс жазылған сөздерді көрсету.

Сарыарқа ,Сарыағаш ,Жаңаөзен ,Сарыөзек жер аттары ,Сарарқа деген күй де бар екен ол күйді қазақтың композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы осы Сарыарқа жеріне арнап шығарған .Қазір біз сол күйді естиік қолымызды тіземізге қойып мұқият тыңдап көрелік.

Күй тыңдау Сарыарқа

4.Қазір мен сендерге конверттер таратып беремін сол конверттерден суреттің қиықтарын алып әрбір жұп сурет құрастырады ,сол суретті құрастырған соң , сол суретке қысқаша әңгіме немесе сипаттау мәтінін құрастырады.Бұған 3 мин

уақыт беріледі.Суреттер балмұздақ,шаңсорғыш,қолшатыр.

5.Қазақстанның географиялық картасымен жұмыс ,жұптар бірігіп біріккен сөз болатын жер- су аттарын тауып жазады.

6.Сергіту сәті

Ал балалар біз біраз сергіп алайық ,бір –бірімізге жұмбақ жасырайық.Жұмбақ айтады.Мен де сендерге арнап дайындаған жұмбағым бар қане шешіп көрелік.



Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)


Тастан салған үйі бар

Көшіп жүрер асықпай,

Қыста ұйықтап бұйығар

Тамақ іздеп, ашықпай

(тасбақа)

-Осы жұмбақтардың шешулері қандай сөз болады ? (Біріккен сөздер)

Сендер білесіңдер бұрынырақ кезде құстар адамдарға хат тасыған екен тақтадағы құстың суреттеріне қарайық Аққу,бірқазан,түйеқұс оларды астында хаттары жапсырылған сол хаттардағы тапсырмаларды орындау керекпіз.

1 аққу тапсырмасы 1 деңгей 3-ке біріккен сөздер жаса

Қол жапырақ

Саңырау бақа

Тас сорғыш

Шаң құлақ

Орам шатыр

2 бірқазанның тапсырмасы

Берілген біріккен сөздердің түбірлерін тапқызу

Екібастұз,Талдықорған,Жезқазған,Теміртау,Алатау,Сасықкөл,Сарыарқа.

3 түйеқұстың тапсырмасы берілген сөздерден біріккен сөзден жасалған өсімдік аттарының ғана астын сыз.

Таңқурай,қияр,алма,орамжапырақ,қарбыз,өгейшөп,итмұрын,асқабақ,

жалбызтікен, сәбіз, алша.

Рефлексия Біріккен сөз туралы не білдік соны сызбаға түсірейік.



Оқушылар жұптасып сызбаға түсіреді.

Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма жұптасқан іс-әрекет сендерге ұнаса қызыл смайликті таңдаймыз ал ұнамаса томсырайған лимонды тағдап аласыңдар ал смайликтерді ыдысқа апарып салайық.

Қорытындылау Үйге тапсырма беру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"бІРІККЕН С?З"?аза? тілі 4 сынып

Автор: Токтасынова Арай Ергалиевна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства