kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім к?ніне арнал?ан т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ?рпа?ты Отанын с?юге, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге,бай-?уатты ел екендігін ма?тан етуге ?йретіп, ту?ан еліне,жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.

Отанын, ту?ан жерін ?ор?ай білуге, хал?ымызды? талантты а?ындарыны? ?ле?дері мен ата - бабаларымызды? ?нгеге етіп ?алдыр?ан даналы? с?здері ар?ылы о?ушыларды ?лтжандылы??а, атамекенін к?зді? ?арашы?ындай са?тай білуге, патриотты? сезімге т?рбиелеу; 

 Ойларын ж?йелі т?рде жеткізе білу, шы?армашылы?пен ж?мыс жасап, м?нерлеп ?ле? о?ып, ма?ынасын т?сіне білу да?дыларын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім к?ніне арнал?ан т?рбие са?аты»

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.

Тәрбие сағат міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Ой қозғау. Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.

Ата Заң Ата Заңым, Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда – Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн. (Балалардың жауабы тыңдалады)

ІІІ. Кім біледі?

30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні) Конституция туралы не білесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар» Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)

Мұғалім: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қа зақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назар баев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіз діктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жа риялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, «Кең болсаң, кем болмай сың» дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

«Ақ көгершін» әні.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шыға ру органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»

Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.

Оқушы:

Тәуелсіздік кіндігін

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша ұлттың

Нұрын шашқан күн бүгін.

Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Оқушы:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Жүргізуші: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні.

Жүргізуші: Республика халқының саны 17 миллионнан астам. Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.

Оқушы:

Тірлігімен адам байлық жасады,

Бірлігімен асулардан асады.

Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,

Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.

Оқушы:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса тыныштық

Хормен:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Білім к?ніне арнал?ан т?рбие са?аты

Автор: ТА?АТАР М?ЛДІР БОТБАЙ?ЫЗЫ

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282115


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства