Просмотр содержимого документа
«БІЛІМ КЕРEК Б?РІНЕ»
Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне.
Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды жасау.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: мақал-мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата-анасының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мамандық иелерінің суреттері, білім, оқу туралы мақалдар кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылап өту.
Қызығушылықты ояту.
Күнбе-күн мектепке келуден жалықпадыңдар ма?
Осы біздің мектепке келудегі мақсатымыз не?
Менің мақсатым не? Сенің мақсатың не?
Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, талқылайды.
Оқушылардың қорытындысын тыңдау.
Ал оқу, білім туралы қандай мақалдар білеміз? Кестемен жұмыс.
«Білім» сөзіне байланысты қандай сөз тіркестерін жазып алар едің?
Оны қалай түсіндіресің?
Ал Фариза Оңғарсынова өз өлеңінде былай депті... (Оқулықтағы өлеңге назарларын аудару).
Мағынаны тану.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
Тізбектеп оқу кезінде «Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
Білім алу жолы қандай жол? Неліктен?..
Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?
«Білгенің - бір тоғыз, Білмегенің - тоқсан тоғыз» демекші, адам өмір бойы оқу, білім алумен болады екен.
Сергіту сәті ретінде осы өлеңнің өзін дауыстап, мәнерлеп оқи отырып, қимыл-қозғалыспен көрсету.
«Толықтыру» тесті:
Ғарыш кемесін
Көк жүзіне
Мұхиттарды
Ғажап үйлер
Дәрі де ойлап
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, адам арманына қолын білім арқылы жеткізеді.
Ойтолғау.
Дәптердегі «Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып, қалған тапсырмаларды ретімен орындайды.
Өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз. Ол адам туралы әңгімелеп бер.