Ақтау қаласы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ниязова Құралай
Тақырыбы: Білімді тиянақтау 736+264 және 1000- 264 қосу және азайту
Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтардан білімін тиянақтау
Білімділігі: еске түсіру, есеп шығару
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: Жолдастың көмек көрсетуге, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: тест сұрақтары, үйшіктер, суреттер т.б.
Әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, логикалық есептер. т.б.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Ұйымдастыру
Қызығушылығын ояту. «Тиінге тамақ бер» өткен тақырыптарды еске түсіру үшін оқушыларды сергіту.
Мұғалім: Міне,балалар көңіліміз көтерілді, олай болса, қазір қандай сабақ? (математика)
Өздерің айтыңдаршы, алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Тәуелсіздік мерекесі)
Оқушы: Мұрат еткен балалар
Теңдік елес болған шақ
Қалмасын деп балалар
Бостандықта болашақ
Мұғалім: Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ
Бүгінгі сабақта сол тәуелсіздік мерекесіне үлес қосып, сабаққа қатысып отырайық. Биыл 23 жыл толады
Үй тапсырмасын сұрау
Белгісіз санды 100- ге көбейткенде, нәтижесі 900-ге тең. Белгісіз санды табу үшін 900-ді бөлеміз 100-ге
Белгісіз сан 9-ға тең
х * 100= 900
x= 900%100
x=9
9*100=900
900=900
Өткенді еске түсіру үшін оқушылар мен сендерге тест сұрақтарын беремін.
(Оқушыларға тарату, олар бір- бірін бағалайды)
6.Балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыз білімді тиянақтау.
Әр тапсырманы орындағаннан кейін мен мына тақтадағы әріптерді ашамын, сонда сөз шығады, оны сабақтың соңында білеміз.
Оқшыларғы карточка көрсету. Оқушылар өздері оқып, өздері оқып, өздері түсіндіреді. 736+264 1000- 264
Осы тапсырмадан кейін У әрпін ашады.
Кітаппен жұмыс:
2 тапсырма. Тапсырманы оқу, 1- тапсырмамен ұқсастығы және айырмашылығы қандай?
Оқушылар: Айырмашылығы өлшем бірліктерінде
Мұғалім: Бұл қандай өлшем бірлігі?
Оқушы: Ұзындық өлшем бірлігі
Мұғалім: Ең кішкентайынан бастауды тапсырады.
Яғни: мм,см, дм, метр, километр Е әрпін жазу
2 тапсырма: (Ә) дәптерге жазу. (Күннің жадын жазу)
Оқушылар тақтаға шығып жазады Л әрпін жазу
3 тапсырма: Оқушы өрнекті оқиды, тақтаға жазады. С әрпін ашу.
Сергіту сәті. «Ойланайық бірге»
Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр, бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Болды сонда нешеуі
Қарындашты көтермей, 1 кесіндіні 2 рет сызбай хат қалтаны сызып шығу керек.
Мұғалім қазіргі техника туралы айтып кетеді
4 тапсырма. Теңдеу шешу ( 3 қатардан 3 оқушы шығады)
Осыдан кейін 3 әрпін ашады
5 тапсырма. Есепті оқу, талдау, түсіндіру
Шартын құру: барлығы – 1000 м сым
1үй- 372м
2үй- 299м
3үй- ?
Шешуі: 1000- (372+299)= 329
Жауабы: 3 – үйге 329 метр сым жұмсалды.
5 тапсырма (ә) ауызша орындау, түсіндіру.
Ш: 40*4 = 160
160-40=120 немесе (40*4)-40 =120
Жауабы: кітаптың 120 бетін оқу керек.
Осыдан кейін Д әрпін ашады.
6 тапсырма
3 м= 300 см
4м 9 дм= 490 см
44см = 4 дм 4см
Осыдан кейін І әрпін ашады
к әрпін ашады
Тақтада « Тәуелсіздік» деген сөз шығады.
Мұғалім оқушылардан Тәуелсіздігін туралы не білеміз ? деп сұрайды
1оқушы: Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы 16 желтоқсанда алды.
2 оқушы: Тәуелсіздік жолында күрескендер: Ләззат,Қайрат, Ербол,Сабира
3оқушы: Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар
4оқушы: Биыл тәуелсіздікке 23 жыл толады.
5оқушы: Қазақстан Республикасы кең байтақ, ұлан ғайыр, ол бөлінбейді, оған ешкімнің де қол созуына жол жоқ.
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.