Білімділік: К?ктем туралы білімдерін толы?тыра т?су,к?ктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне т?сіре отырып ??гімелету.?арыш,?арышкер туралы т?сініктерін ?алыптастыру ж?не ма?л?мат беру.
Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: ?атынас ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті: тіл дамыту Та?ырыбы: «Т???ыш ?арышкер»»
№2 мектеп-гимназия
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: тіл дамыту
Тақырыбы: «Тұңғыш ғарышкер»
МАД мұғалімі: Мұқанбетқазина Алтынгүл Еламанқызы
2015-2016 оқу жылы
Мад тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:тіл дамыту
Тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер
ҰОІӘ мақсаты:
Білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.
Тәрбиелігі :Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға , батылдыққа, адамгершілікке , топпен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелеу, топқа бөлу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,құрастыру,айналамен таныстыру, музыка, ҚМҰҚ.
Көрнекіліктері: геометриялық пішіндер, зымыран,суреттер және интерактивті тақта,бейнетаспа.
Сөздік қоры :Ғарыш,ғарышкер,ғалам,скафандр.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері
Балалардың іс -әрекеті
Ой туғызу: - Балалар бүгін сендер айдай сұлуланып,күндей нұрланып,жұлдыздай жарқырап кетіпсіңдер.Қане, ортаға шаттық шеңберге шығып,бір-бірімізге тілек айтайық.
Енді 3 топқа бөлініп отырайық. 1 топ- Ай,2 топ -Күн,3 топ-Жұлдыз. --Балалар,осы ай,күн,жұлдыз неге жатады?
Кім өз топтарының атына сәйкес өлең,тақпақ біледі?
Ай - Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі.
Күн - қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болгандықтан ғана үлкен болып көрінеді.
Жұлдыз - өте күшті қызған газдан түратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан күнге ұқсас аспан денелерінің бірі.
Ай,күн,жүлдыз болып,
Қызығушылы ғын ояту
киінеді.Шаттық шеңберге тұрып, киген киімдеріне байланысты бір-біріне тілек айтады.
-Мен күнмін!
Күндей жылуымды таратамын!
Ұйымдастыру -іздестіру
-Мен аймын!
Айдай сұлумын!
-Мен жүлдызбын!
Жұлдыздай жарқыраймын
Ай:Көк аспанды сүйемін
Түнде жарық беремін.
Күн: Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты.
Жұлдыз:Қараңғыда
жымыңдаймын,жанамын,
Жерге түссе,бірден сөніп қаламын.
-Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?
Ал көктемнің осы нешінші айы?
Осы ай қалай деп аталады?
Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Қандай мереке? 12 сәуір ғарышкерлер күні.
Көктемнің үшінші айы қалай аталады? Мамыр айында қандай мерекелер бар?
1 мамыр-бірлік,ынтымақ күні.,7 мамыр үландар күні, 9 мамыр Жеңіс күні.
-Ғарыш дегеніміз не?
Балапан телеарнасынан «Айжұлдыз» бағдарламасын тамашалайық.(видео) Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар. Қандай ғаламда өмір сүреміз?Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Біз бүгін аспан әлемімен танысамыз.
Бәріміз тақтаға мұқият қарайық
Видео «Ғарыш әлемі»
Жүмбақ
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді
Шешуін табыңыздар.(ғарышкер)
Ғарышкер деген кім?
-Айға үшып,айға сапар шеккен адамдарды ғарышкерлер дейміз.Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Ғарышкер немен ұшады?
Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен үшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа үшып барып,аспан әлемін зерттейді. -Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретге өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және
Наурыз айы
22 наурыз,8 наурыз мерекелерді қалай тойлағанын айтады.
-екінші айы
Сәуір айы
Ол ғарышкерлер мерекесі. –-Мамыр
1 мамыр.Мамыр айының мерекелерімен танысады.
Аспан әлемі деп жауап береді
«Айжұлдыз» бағдарламасын
тамашалайды. (видео)
Жер ғаламында өмір сүреміз.
Ұшақ,тікұшақ,зымыран. Видео Ғарыш әлемімен танысады. .
Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.
Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жүлдыздар, шоқ жүлдыздар бар.
Аспанда тағы нелер болады,балалар?
Күн,ай,бұлттар болады.
-Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
-Міне балалар біз ғарыш әлеміне саяхат жасап, түңғыш қазақ ғарышкерлерімен таныстық.
-Енді әр топқа арналған тапсырмалар бар,сол тапсырмаларды орындайық.
Сергіту сәті «Әлқисса» (видеосымен) -Балалар әр топқа арналған тапсырмалар бар .
Сол тапсырмаларды орындауға тырысайық.
1 топ.Жұмбақ шешу Қараңғыда жымыңдай, жанады, Жарық түссе бірден сөніп қалады.
2топ .Қазақстанның түңғыш ғарышкерлерін ата.
3 топ.Ғарышкер туралы өлең білесің бе?
3 топқа арналған топтық ойын «Кім шапшаң» құрастыру.
Балаларға постер таратылады.
Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың өмірбаянымен танысады.
Балалар тәрбиешінің ғарыш туралы мәліметін мұқият тыңдайды.
Аспан әлеміндегі жүлдыздар туралы біледі.Ғарышкер киімі скафандрды не үшін киетінін біледі.
Сергіту сәт «Әлқисса» әніне би билейді. (видеосымен)
топ- шешуі: жұлдыз
топ-Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев
3-топ
Тоқтар ағам жан ағам Бұрыннан да ер еді, менің Тоқтар ағадан аумай қалғым келеді.
Ітоп .Зымыран.
топ.Скафандра
топ Аспан әлемі (ай,күн, жүлдыз)қүрастырады.Әр топ өз қүрастырған суреттері бойынша әңгімелейді.
-Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме? Ғарышкер ағаларымыз сияқты біз де ғарышқа ұшып көрейік.(баяу музыка ойнайды) -Ендеше,мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? -Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
-Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар.Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып,кұ:растырайықМіне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
Ойын « Мен ғарышкермін» Енді қиялымызға ерік беріп, бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық. Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз. Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Балалар,біз «таңғажайып ғарыш » әлеміне келгендейміз.Міне қараңдаршы,бұл ғаламның суы дадалдары да біртүрлі екен,ия Қане ұшуды жалғастырайық. Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане қонамыз. Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты.Осында көргенімізді жердегі достарымызға айтып берейік.Қане,ұшуға дайындалайық. 3,2,1.¥штық.Өз елімізге қайта оралдық
Ән «Мен ғарышкер боламын» - Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Рефлексивті- түзетушілік
Кімдер туралы білдік?Сендерге не ұнады?
Төртбұрышқа,шаршыға,үш бұрышқа,дөңгелекке.
-Иә,ұшқымыз келеді.
Балалардың ұжымдық жұмысы.Бәрі бірге зымыран құрастырады.
Балалар көздерін жұмып тұрып,қиялдайды. Көздерін ашқасын кім қандай сезімде болғанын айтады.
Балалар «Әли мен Айя» мультфилімін тамашалап отырып,бірге қосылып ән айтады.
Бүгін не көргендерің, немен танысқандарың, не ұнағандарын айтып, әңгімелейді.
Қорытындылау,мадақтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,жүлдызша таратады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ғарыш әлемі,Қазақтың ғарышкерлерімен танысып,атай білуі. Игеру керек: Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді сүрақтарға толық жауап беру;өз ойларын толық жеткізе білу,топпен жұмыс жасау. Үйрену керек: Ғарышкерлер мен үшқышты ажырата білуі, зейіні, есте сақтау қабілеті артады. Аспан денелері туралы өлеңді мәнерлеп айта алады. Ойын шартын түсініп ойнай білді. Зымыранды құрастыру, топпен ойынға белсене қатысу.