№ 49 Ақмая орта мектебінің мұғалімдері: Ақмая ауылы.
Еліміздің алғашқы мақсаттарының бірі өркениетті елдер қатарына қоюды мақсат етсе, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған, рухани бай жас тұлғаны өсіруде ұстаздардың алдына жаңа міндеттер қойылуда. Міндеттерді жүзеге асыру барысында әр мұғалім күнделікті іздену арқылы жаңалық пен өзгерісті өз тәжірибесінде қамтып отыруға міндетті. Осы орайда оқушыға сапалы да саналы білім беруде мақсат қоя білген мұғалімнің өз сабақтарында оқушылардың білім-біліктілігін дамыту керек деп ойлаймын. Ол ұстаздың шеберлігіне байланысты. Білім сапасы басты мақсат десек, сол білімді арттыру барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Сондай тәсілдердің бірі білім саласында кеңінен тараған жапондық LESSON STUDY тәсілі.
LESSON STUDY- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.
LESSON STUDY – оқушылардың білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі.
LESSON STUDY барысында мұғалімдеркем дегенде 3 мұғалімнен қатыса алады.
Сабақ жоспарын бірлесіп құрады.
А В С оқушыларын анықтайды.
Оқушылармен сұхбат жүргізіп отырады.
Әріптестерімен бөлісіп отырады.
Ең алдымен «Зерттеуді қандай бағытта жүргізген дұрыс?» деген сұрақ көкейімізде тұрды. Ол үшін әріптестерімен, оқу орынбасарының пікірлерін ескере келе оқушылардан жеке ашық сұхбат жүргіздік. Сабақ барысында немесе басқа да жұмыстарда «Сабақтың қай тұсы қиындық келтіреді?» деген сауалға оқушының басымдылығы байқалды. «Өз бетінше тапсырманы орындау қиындық келтіретіндігін атап көрсеткен».
Нәтижесінде:LESSON STUDY өткізуде білім сапасының біршама артқаны байқалды. Сабақтар алдымен жоспар құрудан басталды. АВС оқушылары анықталынды. Зерттеуге қатысушы әріптестерім төменде берілген бақылау картасы бойынша оқушыларды бақылап отырды.
Сабақ барысында қол жеткізген табысы мен жетістігі
А-деңгейлі оқушы
В-деңгейлі оқушы
С-деңгейлі оқушы
Сабақ кезеңдері
Оқушыларға қойылатын сұрақтар
Күтілетін нәтиже
Оқушының жауабы
Күтілетін нәтиже
Оқушының жауабы
Күтілетін нәтиже
Оқушының жауабы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырып
Қорытынды
Кері байланыс /сұхбат/
Алғашқы сабақты Алиева Күлзипа өтті. Талдау барысында балаларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырма берді. Екінші сабақты Сүлеймен Жазира өтті. Сабақ барысында түрлі әдістерді қолданды. Ойлан-жұптас, кері байланыс жасап отырды. Үшінші, төртінші зерттеу сабағын өзім өтіп жұмыстарды түрлендіріп отырдым. Сабақтар аяқталған соң әріптестеріммен бірге LESSON STUDY қорытындыланды. Қорыта келе сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар анықталып, мынадай тұжырымға келдік:
А – деңгейдегі оқушылар: Түрлі проблемалық сұрақтарды анықтап, жағдаяттардан шыға білді. Білімдерін арттыру барысында тапсырмаларды орындады.
В – деңгейдегі оқышылар: Алған білімдерін қолданып, жұмыс барыснда да өмірде де қолдануды үйренді.
С – деңгейдегі оқушылар: Берілген тапсырмалармен жұмыс жасай алды, сұрақтарға ауызша жауап беріп отырды, өз бетімен жұмыс жасауға ынталанды.
LESSON STUDY –дің мұғалімге тиімділігі:
Мұғалімнің пікірі бойынша оқушыларды оқыту барысында зерттеуге,айырмашылығын көруге тиімді.
Оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттілікте-рін жоспарлауға тиімді.
Мұғалімге барлық мүмкіндіктерін қолдануға көмектеседі.