kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Берекелі алтын к?зім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балаларды? к?з мезгілі туралы ал?ан білімдерін тияна?тау,к?з ерекшіліктерін,к?з сыйын ??ындыра отыры, балалар?а мерекелік к??іл-к?й сыйлау.

К?рнекілік: Залды? іші к?з мерекесіне сай безендірілген.

(Музыка ?уенімен орта?а ж?ргізуші мен балалар кіреді).

Ж?ргізуші:

Кездескен со? к?зімен,

Б?та?ынан ?зілді,

Ай жапыра?-сары алтын,

Айналаны? б?рі алтын.

??рметті ?она?тар,б?лдіршіндер! Сіздерді к?з мерекесімен ??тты?таймын!«Берекелі алтын к?з!» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!

Ж?ргізуші: Балалар,б?гін барлы?ымыз к?з мерекесіне жиналды?, ?она?тар да келді.Біра?,бізді? мерекеге біреу жетіспейді?   сендер білесіндер ме,ол кім?

Балалар: Ол к?з ханшайымы. (Ыр?ала билеп к?з ханшайымы келеді)

К?з ханшайымы:

Береке,ба? дары?ан,

Жомарт к??іл жар?ын жаз.

Сары алтын?а малын?ан

Алтын к?з деген мен болам.

Армызы?дар, ??рметті ?она?тар!

К?з ханшайымы:  ?н салындар,к?ліндер

                                 Жайнап г?лдей ж?ріндер

                                 Келі?іздер к?з тойын тойлайы?,

                                 Би билейік,ойнайы?

Музыка ?уенімен к?к?ністер мен жемістерін алып  шы?ады:

Ж?ргізуші : ?нім биыл тамаша! К?з тоймайды ?араса:

                      С?біз,картоп,к?діш пен ?ып-?ызыл піскен ?ызана?,?ыры? ?абат?а ?арашы!

К?к?ністер бір кезде жиыла ?алып дауласты.

К?к?ністер:

                     -Жиналып ?аппыз б?ріміз,

                      ?айсымыз е? д?мдіміз?

                      Ішімізден адам?а тиеді к?п пайдамыз?

                      Ма?танша? б?рша? орта?а ж?гіріп шы?ты.

Б?рша?:    -Кішкене т?ймедеймін мен, - Насихат

                    ?намаймын мен б?ріне!

                    Д?мді та?амдарыммен

                    Сый жасаймын б?ріне!

Ж?ргізуші: Ызалан?аннан ?ызылша ?ып-?ызыл болып кетті

?ызылша: -Мен де бір с?з айтайын,        Аружан

                    Ма?танайын сіздерге.

                    Менсіз борщ болмайды,

                    Винегрет те ?стелде.

?ыры??ыбыт: -Ма?тан?аннан не пайда?   ?адыржан

                            Менсіз д?мді щи ?айда?

                            Мені ?осса самса?а

                           Б?рі жейді тамсана!

?ияр:               -  Д?мім тілді ?йірген,          Арсен

                            Мен т?здал?ан к?йімде!

                            Жа?а піскен кезімде

                            Жейді б?рі с?йсін

Шал?ан:          -  Кім білмейді шал?анды?    А?сар

                            Талайлар ма?ан та??алды.

                            Б?ріне сый боламын.

                            Ауып к?р менен дар?анды!

С?біз:            -    Кім бар с?біз шырынын       Феруза

                            Жастайынан ішпеген?

                             Мені жеген адамдар

                            Кем болмайды к?шке де!

?ызана?:        -  Піскен кезде ?ызана?           

 Н?райым

                             К?з тартар ?ызыл т?сімен.

                             Бар ма адам с?йсінбей,

                             Томат шырынын ішпеген?

Пияз:                - Бола алмаймын  мен д?мдеуіш,  Бегн?р

                            Барлы?-барлы? та?ам?а.

                            К?к?ністер ішінен

                             Мен пайдалы адам?а.

?артоп:           -Мен ?ялша? картоппын      Алишер

                           Мен емеспін ма?танар

                           Мені жа?сы к?реді

                           ?лкендер мен балалар

                           Бос айтысты ?ояйы?,

                           Дауласуды то?татайы?.

К?к?ністер (барлы?ы):  -Жиналып ?аппыз б?ріміз,

                                             ?айсымыз е? д?мдіміз?

                                             Ішімізден адам?а

                                             Тиеді к?п пайдамыз?

Ж?ргізуші:   -К?к?ністер б?рі де

                         Денсаулы??а пайдалы

                         М?ны жат?а біліндер,

                         Оларды жа?сы к?ріндер.

Хор: «К?з келгенде»                

Ж?ргізуші: Балалар ж?мба? шешуге дайынсы?дар ма?

Балалар: Ия, дайынбыз.

Ж?ргізуші: Онда ж?мба?ты шешейік?

Ж?мба?тар:

?шты талдан жапыра?,                    А?айынды б?рі

Сары к?белек секілді.                      Шы?са-к?к,т?ссе  сары  (Жапыра?)

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді. (К?з)             

Ж?ргізуші: Балалар орыс тілінде та?па?тарын,ма?ал м?телдерін  айтады.

Осень-это листопад,                       Ма?ал -м?тел:

Листопаду каждый рад,       Уражай на земле-много каши на столе   - Елдар

Листья желтые летите       Щи да каша-пища наша   - ?ділхан

Веселее шелестите.                  Нан к?п болса-?арны? то? болар  - Арсен

Ж?ргізуші: Ж?мба?тарды? жауабын д?л таптындар, ма?ал м?телдерді,орыс тілде біледі екенсіндер ?лкен рахмет, келесі кезекті та?па?тар?а берейік:

Та?па?тар fqnskfls7

К?з ханшайымы: Рахмет сендерге, ма?ан ?те ?атты

?нады та?па?тары?.

-Енді менімен ойна?ылары? келе ме?

Ойын: «Жеміс пен к?к?ністерді жинау»

Ойын шарты: Шашылып жат?ан жеміс пен к?к?ністерді ажыратып д?рыс жинап екіге б?лу.

К?з ханшайымы: Д?рыс балалар, барлы?ын д?рыс жинадындар.

Ж?ргізуші: К?з  ханшайымы бізді? ?ыздар сізге та?па?

?ана ?йреніп келген жо?, оларды? дайында?ан

билері бар.

Би: «Жапыра?»

К?з ханшайымы: Рахмет балалар сендермен ?те к??ілді болды.

Мен ?зімні? сыйымды сендерге табыстайын, мені?

кетуім керек.Бас?ада келе жат?ан балаларымды

?арсы алып, ?уантайын. (Кетеді)

Ж?ргізушімен балалар: Рахмет сізге,  К?з ханшайымы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Берекелі алтын к?зім»

Берекелі алтын күз.

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау,күз ерекшіліктерін,күз сыйын ұғындыра отыры, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекілік: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.

(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші мен балалар кіреді).

Жүргізуші:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді,

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Құрметті қонақтар,бүлдіршіндер! Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын!«Берекелі алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Бүгінгі мерекеге орай бүлдіршіндер өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.

Тақпақтар:

Қадыржан:

Алтын сары, қызыл, көк

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Нұрайым:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегін.

Насихат:

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Батыр:

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.


Аружан:

Қарашы, күз келді, күз келді.

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Көңілсіз неткен күз енді.

Арсен:

Сезілген соң күз лебі,

Құстар қайта бастады.

Тырналардың тізбегі,

Солдаттардай саптағы.

Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Дәуренбек:

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.


Жүргізуші: Балалар,бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық, қонақтар да келді.Бірақ,біздің мерекеге біреу жетіспейді?

сендер білесіндер ме ,ол кім?


Балалар: Ол күз ханшайымы.

(Ырғала билеп күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы:

Береке,бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Алтын күз деген мен болам.

Армызыңдар, құрметті қонақтар!

Күз ханшайымы: Ән салындар,күліндер

Жайнап гүлдей жүріндер

Келіңіздер күз тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық

Музыка әуенімен көкөністер мен жемістерін алып шығады:


Жүргізуші : Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Сәбіз,картоп,кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ ,қырық қабатқа қарашы!

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер:

-Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.



Бүршақ: -Кішкене түймедеймін мен, -- Насихат

Ұнамаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріне!


Жүргізуші: Ызаланғаннан қызылша қып-қызыл болып кетті.


Қызылша: -Мен де бір сөз айтайын, Аружан

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.


Қырыққыбыт: -Мақтанғаннан не пайда? Қадыржан

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана!


Қияр: - Дәмім тілді үйірген, Арсен

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!


Шалқан: - Кім білмейді шалқанды? Аңсар

Талайлар маған таңғалды.

Бәріне сый боламын.

Ауып көр менен дарқанды!


Сәбіз: - Кім бар сәбіз шырынын Феруза

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!


Қызанақ: - Піскен кезде қызанақ Нұрайым

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген?



Пияз: - Бола алмаймын мен дәмдеуіш, Бегнүр

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.




Қартоп: -Мен ұялшақ картоппын Алишер

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.


Көкөністер (барлығы): -Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?


Жүргізуші: -Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліндер,

Оларды жақсы көріндер.

Хор: «Күз келгенде»


Жүргізуші: Балалар жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия, дайынбыз.

Жүргізуші: Онда жұмбақты шешейік?


Жұмбақтар:

Ұшты талдан жапырақ, Ағайынды бәрі

Сары көбелек секілді. Шықса-көк,түссе сары (Жапырақ)

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді. (Күз)

Жүргізуші: Балалар орыс тілінде тақпақтарын ,мақал мәтелдерін айтады.

Осень-это листопад, Мақал -мәтел:

Листопаду каждый рад, Уражай на земле-много каши на столе - Елдар

Листья желтые летите Щи да каша-пища наша - Әділхан

Веселее шелестите. Нан көп болса-қарның тоқ болар - Арсен


Жүргізуші: Жұмбақтардың жауабын дәл таптындар, мақал мәтелдерді ,орыс тілде біледі екенсіндер үлкен рахмет, келесі кезекті тақпақтарға берейік:


Тақпақтар:

Жұман Аружан:

Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын!

Жемісі көп не деген.

Жеп тауыса алмайсың!

Ержігіт:

Орам кетті домалап,

Орман ішін аралап.

Жолымызды табайық,

Күзге қонақ болайық!

Жомарт:

Өрік, шие балы бар,

Қарбыз, қауын көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді.

Гулден:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Әділхан:

Алма, өрікті қамбаларға

Толтырды әкеп алтын күз.

Шәкірт болып парталарға

Отырды кеп алтын күз.

Алишер:

Гүл болып та Алатауға

Байланыпты алтын күз.

Дастарқанда таба нанға

Айналыпты алтын күз.




Аружан:

Күзде ырыс несібе,

Сақтаған жөн, есіңе.

Тоңсақ ширақ жүреміз,

Қыс қадірін білеміз.


Бегнүр:

Жазғы ойынның қызығын

Ұмытпадық әлі біз.

Сыйлап алма, жүзімін,

Жетіп келді сары күз.


Арнур

Қамба толы астыққа

Алғыс,саған алтын күн.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қырман алдық біз!


Біржан:

Алатаудың етегі

Алма деген жетеді.

Алма дейді неге оны,

Алғым келіп кетеді.

Күз ханшайымы: Рахмет сендерге, маған өте қатты

ұнады тақпақтарың.

-Енді менімен ойнағыларың келе ме?

Ойын: «Жеміс пен көкөністерді жинау»

Ойын шарты: Шашылып жатқан жеміс пен көкөністерді ажыратып дұрыс жинап екіге бөлу.

Күз ханшайымы: Дұрыс балалар, барлығын дұрыс жинадындар.

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің қыздар сізге тақпақ

қана үйреніп келген жоқ, олардың дайындаған

билері бар .

Би: «Жапырақ»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар сендермен өте көңілді болды.

Мен өзімнің сыйымды сендерге табыстайын, менің

кетуім керек.Басқада келе жатқан балаларымды

қарсы алып, қуантайын. (Кетеді)

Жүргізушімен балалар: Рахмет сізге, Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Балалар күз мезгілі де аяқталып келеді ,енді қылышын сүйретіп қыс келмекші.Күзге айтарымы, берер сыйы жылдан жылға көп болсын,елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Берекелі алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды,көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Берекелі алтын к?зім

Автор: Абушакирова ?ымбат

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 321966


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства