kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейнелеу өнері "Қысқы ормандағы шырша" 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арнайы түзету мектептерінің 1 сынып оқушыларына арналған ( 1 тип оқу бағдарламасы) сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнері "Қысқы ормандағы шырша" 1 сынып»

Пән: Бейнелеу өнері

Күні: «_____» _______________ 20_____ ж.

Сабақтың тақырыбы: Қысқы ормандағы шырша.

Сабақтың мақсаты: Шыршаны салуға үйрету. Бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Тік сызықтарды салуға үйрету. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру.

2. Түзету-дамытушылық: Шығармашылық қабілетін дамыту.Өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Ұсақ моториканы дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын тұғырлар.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Керекті құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау.

Психологиялық бағыт.

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Саусақ жаттығулары.

«Моншақ».

Қызыл, сары, көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ. (Қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді).


Кіріспе бөлім.

Суретпен жұмыс.

Балалардан қыс мезгілі жайлы сұрау.

II. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Жұмбақ.

Қысы-жазы бір түсті. (Шырша)

Жұмбақтың шешуін шешкен соң, балалардан шырша ағашының қасиеттерін сұрау.

- Шыршаның түсі қандай болады? (Жасыл).

- Иісі қандай? (Өзіне тән иісі болады).

- Қайда өседі? (Орманды жерлерде, тауда т.б.)

- Шыршаны қай кезде құрамыз? (Жаңа жылда).

- Жаңа жыл қай кезде болады? (Қыста).
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады, сендер не істейсіңдер? (Күн суық болады, айнала аппақ қар, ойнаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз. Аяз атаны күтеміз).
- Ендеше, біз шыршаны бейнелейік.

Тәжірибелік жұмыс.

Балаларға шыршаны салу әдісін көрсету.

Сергіту сәті. (Өлең сөздеріне қарай саусақ жаттығуларын жасайды)

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.


Оқушылар үлгі бойынша шыршаны салады. Оны әдемі ойыншықтармен әсемдеу ұсынылады.

Оқушылардың жұмысын талдау.

Салған суреттерін талдау. Әдемі безендірілген шыршаны мақтау.

Сабақты бекіту.

Ойын «Сиқырлы дорба»

III. Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Жұмыс орындарын жинастыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бейнелеу өнері "Қысқы ормандағы шырша" 1 сынып

Автор: Сыздыкова Айна Муратовна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394678


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства