Просмотр содержимого документа
«Бейімбет Майлин «К?лпаш» »
Кокшетау қаласы №18 орта мектеп мұғалім Баяганова Турсын Исимовна
3г сынып II тоқсан Күні__________
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Сабақтың мақсаты: Бейімбет Майлин туралы түсінік беру,Күлпаш әңгімесін талдап,шығармашылық идеясын ашу.
Өткен өмірді,тарихты білу елінің азаматтарын қадірлеуге, еліне , жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру шығарманың идеясын, тақырыбын ашқыза отырып шығармадағы үзінділерге ой түйіп айта білуін, тіл байлықтарын дамыту. Адамгершілікке, бауыр молдыққа , достыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, кейіпкер тағдырына ортақтаса білуге тәрбиелеу, бірін-бірі тыңдауға үйрету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын тексеру.Кубизм әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталау.Бейімбет Майлин туралы білімдерін тексеру.
Бейімбет Майлин қай жылы,қай өңірде дүниеге келді?
Бейімбет Майлиннің қандай шығармаларын білесіңдер?
Ағыбай батырды халық қалай бағалады?
Жақия батыр қандай болды?
Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
Бейімбет Майлиннің отбасы туралы айтып бер?
Шығармашылық тапсырма:
I топ Батырларды ата
II топ Эссе жаз
III топ Батырлар туралы өлең
Видео (4 слайд)
Бұл видео не жайлы?
Не түсіндің бұл видеофильмнен?
Қандай әсерде болдындар?
ХХ ғасырдың тұрмыс жағдайы ,қазақ халқының басынан өткен қиын жолдары Күлпаш әңгімедегі ашаршылық кезіндегі бір отбасында болған жағдайы.
Топтық жұмыс:
Мәтінді жеке оқу
Жұппен талқылау
Топпен ортаға салу
«Автор орындығанда» әңгімелеу
Сөздік жұмыс:
«Түртіп алу жүйесі» дәптермен жұмыс.
Өрім-өрім – тозған,жыртылған.
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық – суық жел.
Өлмелі кедей – өте кедей.
Сергіту сәті:
Тыныштық сәт. Музыка тыңдау.
Сұрақ-жауап әдісі:
I II III
Ел басынан Қали мен Мақтым мен
өткен Күлпаш Күлпаш
бұл әңгімедегі Мақтымның неге жылады?
оқиға келгенін Олардың
қай кезеңде неге асыға тұрмыс жағдайы
болған? күтеді? саған қалай
әсер етті?
Ой толғаныс:
Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
Аштық неден болды?
(Жұт,құрғақшылық, совет үкіметі байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды)
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранмен жүзеге асты.
1929 жылы Қазақстандағы мал басы 40 млн
1933 жылы 4 млн зорға жетті
1921-1922 ашаршылық 30%
1931-1932 жылдары тағы да жаппай аштыққа ұрынып, тең жарымы 2 млн 500-ге жуық адам қаза болды. Зерттеушілер аштан қырылғандар 3 млн - нан да асып түседі дегенді айтады.
Қорытынды:
I топ Күлпаштің үйін суретте
II топ Өлең шығару
III топ Қалидың өмірін қазіргі балалар өмірімен салыстыру.
Қазір біз қандай ғасырда өмір сүреміз?
Қазіргі балалардың өмірлері қандай?
Біздің еліміз Қазақстан қандай?
Слайд
Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек! Шоқан Уалиханов