kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бауыржан ?.Б?риев

Нажмите, чтобы узнать подробности

ммммммммммммммммммммммммммммм ааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа ккккккккккккккккккккккккк ууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууу щщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщ оооооооооооооооооооооооооооооооо ььььььььььььььььььььььььь аааааааааааааааааааааааааа оооооооооооооооооооооооооооооооооооооомббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббб

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бауыржан ?.Б?риев»

Тақырыбы: « Бауыржан » Ә. Бөриев

Благодар орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі: Усманова Ж.Ш.

Білімділік мақсаты: әңгіме мазмұнын меңгертуде оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, жетілдіру. Тарихи тұлға-Бауыржан Момышұлы жайлы мағлұмат беру;

Тәрбиелік мақсаты: бірлік пен бейбіт өмірді қолдайтын, батыр да ержүрек болып өсуге тәрбиелеу;

Дамытушылығы: жеке тұлғаның ақыл-ой белсенділігі мен ізденімпаздығын, зерттеушілігі мен шығармашылық қасиетін дамыту.

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жеке, топтық жұмыс түрлері, зерттеушілік, сұрақ-жауап, диалог, ассосация әдістері.

Көрнекілігі: Б.Момышұлы мен батырлар портреті, сюжетті суреттер, текшелер, шырақ,слайд-көрме,кітаптар.

Сабақ барысы

  1. Қызығушылығын ояту

1.Психологиялық рефлексия.

(Оқушылар орындарынан тұрып, музыканың ырғағымен өлеңді орындайды және тізбек бойынша бір-біріне жақсы тілек айтады.)

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын менде аман.

  1. Мағынаны тану.

  1. «Біздің тілегіміз- достық» тарауын ашу.

а)Оқушыларға тарау бойынша берілген мазмұнды суреттерді интерактивті тақтадан қарау ұсынылады.

-Осы суреттерді көргенде бойларыңды қандай сезім биледі?

-Соғыс, қырғын,апат сөздері қалай естіледі?

-Егер сендерге осы суреттер ұнамаса қызыл түсті текшені, ұнаса жасыл түсті текшені көтересіңдер.

ә) Жұмбақ шешкізу арқылы Жер сөзін шығарып алу.

Жүресің-жүресің, ұшын таппайсың,

Жүре берсең, қайтып келесің.

Мұғалім сөзі: -Жер шарында қаншама ел, ұлт өмір сүреді. Бірақ барлық адамзаттың, балалардың да тілегі біреу-ақ. Қане, ойланып, тауып көріңіздерші!

-тыныштық -күн шуағы -татулық т.б.

-бейбітшілік -ата-ана

-достық -бірлік

Оқушылар сөздерді атау арқылы күн шуағын жасап шығады.

-Осы сөздер біздің жанымызды қуантса, онда сары түсті текшені көтеріп, күн шуағынан бойымызға жылылық алайық.

б) Қағаз қиындыларындағы мақал-мәтелдерді оқып, көгершін бейнесін құрайық.

1. Татулық табылмас бақыт.

2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

3. Отан-ер ұлын ұмытпайды.

4. Елдің көркі-ерімен.

Отан көркі-жерімен.

5. Батыл болмай, батыр болмайсың.

Көгершін-бейбітшілік құсы. Қазақ халқы достықты, татулықты қолдайды.

Тақтаға жер суреті, күн және көгершін бейнесі орналастырады.

1. Жаңа тақырып бастау.

1. Кіріспе.

-Жер бетіндегі тыныштықты сақтау үшін батыр бабаларымыз ерлікпен күресіп, елін, жерін қорғады. Сондай батырлардың бірі халық қаһарманы-Бауыржан Момышұлы атамыз. Бауыржан Момышұлының ерлігі мен халық арасындағы құрметін тереңірек тану мақсатында интерактивті тақтада ұсынылған суреттер мен мәліметтерге назар аударамыз.

1 слайд. Б. Момышұлы 1910жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Бауыржан жасынан зерек болады. Әкесінен аздап хат таныған ол оқуын жалғастырады.

2 слайд. Ұлы Отан соғысы басталғанда елін қорғау үшін соғысқа аттанады. Ол Панфилов дивизиясындағы 19-полк командирі болған. Қауіп-қатерден тайсалмайтын батыр. Майданда дарынды қолбасшы блып, ержүректілігін көрсетті.

3 слайд. 1955 жылы қаруын қаламға ауыстырып, әдеби шығармалар жазады. Оның «Ақиқат пен аңыз», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» атты кітаптары бар.

2.Оқулықпен жұмыс.

а) Оқушыларға мәтін мзмұнына сай тірек сөздер беріледі. Тірек сөздерді пайдаланып, әр топ шағын мәтін құрайды. Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.

Тірек сөздер: тоған, бала, ойнады, ауыл,той, Бауыржан, батыр, аңызға, жайдары, кішкентай,айбатты, қырандай, әскер, ұл, ата.

ә) Оқулықтағы «Бауыржан» мәтінін оқушылар іштен оқып шығады. Мәтінді бөлімге бөліп, дауыстап оқып, бөлімдерге ат қою кезеңі.

Әр топтан бір оқушы мәтінді оқып, бөлім аяқталғанда тоқтауы тиіс. Келесі топтың оқушылары бөлім аяқталғаннын білдіріп қол шапалақтайды.

Жоспар:

1. Батырды көруге асыққан балалар.

2. Қарақұл ата тапсырмасы.

3. Батыр атаға деген ықылас.

б) Сұрақтар қою арқылы диалогты әңгіме ұйымдастыру.

-Әңгімедегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?

-Қарақұл ата баласының атын Бауыржан деп қандай мақсатпен қойды?

-Бауыржан мен ата арасында қандай байланыс бар?

в) «Ізденгіштер үстелі» атты зерттеушілік топ құру.

-Оқушылар, тапсырманы өте жақсы орындаған әр топтан екі оқушы «ізденгіштер үстеліне» отырады.

3.Дәптермен жұмыс.

Тапсырма:

а) Жұбымен бірлесе «Батыр» сөзіне ассосация құру, яғни батыр да батыл адамға тән қасиеттерді жазып, тобында талдап, ең жақсы жұмысты жария етеді.

ә) Ізденушілік-зерттеушілік топ тапсырмасы:

Сандықша ішіндегі тапсырмаға өз ойларыңды білдіріп, мысал арқылы дәлелдеңдер.

«Тәртіпке бас иген-құл болмайды,

Тәртіпсіз-ер болмайды» деген Б.Момышұлының ойына келісер ме едің? Неге?

4.Сергіту сәті

Мәтіндегі кейіпкер баланың батыр атаны көруге асыққан сәтін іс-қимылмен суреттеп көрейік.

Үйге кіре алмадым, ренжідім, туһ!

Кеш келгеніме өкіндім, аһ,

Үлкендер өткізбейді, кейідім, ии!

Енді қайттым, ашуландым, ех!

Батыр сұсты екен, қорықтым, ой!

Батырды бір көргенде қуандым, ия!

5.Сөздік жұмыс

Бурка-жұқа киізден жасалған жеңіл желбегей жамылатын сырт киім.

Желбегей-жеңін кимей, жамыла салған киім.

Суреттері көрсетіледі.

3. Ой толғаныс Мұғалім сөзі:

-Сабақ басында жазған өздеріңнің әңгімелерің мен автор әңгімесіндегі ұқсастық неде?

Мазмұнындағы ұқсастық.

Мәселедегі ұқсастық тандалады.

Мұғалім сөзі:

Жоқтық көрмей.

Отқа кірмей.

Күліп өссін балалар.

Уақыт мәңгі,

Бақыт мәңгі,

Болсын дейді, адамдар!

Адамзат өмір сүрген ортада өзінің жақсы қасиетімен, ісімен, ерлігімен, адамгершілігімен ардақталады екен.

Батыр атадай Отанымызды сүйіп, ұлтжанды болып өсейік!

Батыр атаға тағзым етейік!

(Музыка ойналады. Шырақ жағылып, оқушылар орнынан тұрады).

4.Бағалау кезеңі

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұнын айту. Б. Момышұлы туралы мәлімет жинау, Бауыржан ұрпақтар туралы іздену.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бауыржан ?.Б?риев

Автор: Усманова Жания Шындауловна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 313974


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства