kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баубек Б?л?ышевты? "Ана" шы?армасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Темирбаева Жанетта Е?бекшіарал ауылында?ы орта мектепте бастауыш сынып ?стазымын. К?зді? жайма шуа? к?ні. А?ырын жел со?ып т?р. Жапыра?тарды? сыбдыры. И? д?л мен е? ал?аш ж?мыс?а келе жат?анда да осындай таби?ат есімде ?алып еді. Мен ж?мыс?а келе жатырмын, жапыра?тар сусылдап т?сіп жатыр. Бірнеше жапыра?тар мені? алдыма т?сті.Олар ?рт?рлі, бір-біріне м?лде ??самайды, олар мені? бастауышта?ы ?демі, ойна?ы, н?зік б?лдіршіндерім сия?ты. Осы ?ажайып с?тте, мені? бойымды ?уанышты сезім баурайды, осы ?лемде ?мір с?ріп, оны? ?ажайып ?ызы?ын к?ре алатыныма Аллама ризашылы?ымды білдіремін. Б?л керемет ?ажайып ?лемге мен б?лдіршіндер к?зімен ?арай алатыныма ризамын.?йткені, ?зім тандап ал?ан маманды?ым бойынша мектепте бастауыш сынып м??алімімін.
        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баубек Б?л?ышевты? "Ана" шы?армасы»

Сабақтың тақырыбы:Ана. Баубек Бұлқышев

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға ананың балаға деген махаббатынын шексіздігін,оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру.Мәтінді дұрыс түсініп,оқи білуге үйрету. Өз ойларын ортаға салып,айта білуге үйрету.

Дамытушылығы:Оқушылардың тіл байлығын,сөздік қорын,шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту,ананы ардақтап,құрметтей білуге,мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныптас біз ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп
Тек жақсылық ойлаймыз.

Топқа бөлу.

І-топ:Мұрагер тобы. Ұраны:Талаптыға нұр жауар.

ІІ-топ:Сұңқар тобы. Ұраны:Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу.


ІІ.Үй жұмысын тексеру.

1.Шыбық әңгімесін кім жазды?

2.Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді?

3.Бақыт қандай бала?

4.Сен Темірдің орнында болсаң,Бақытпен бірге барар ма едің?

5.Сеніңше Темірдікі дұрыс па? Әлде Бақыттыкы дұрыс па?


ІІІ.Жаңа сабақ

Сөзжұмбақты шеш

1.Абай Құнанбаевтің анасы(Ұлжан)

2.Қайрат Рысқұловтың анасы(Дәметкен)

3.Ыбырай Алтынсариннің анасы(Айман)

Осы сөзжұмбақты шешкенде тігінен оқысаңдар,бір керемет,қасиетті сөз шығады.

Сөзжұмбақтың шешуі:Ана

Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіңдер ме?
Не себепті?
- Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті,- дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды.
Қарапайым еңбек адамы анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.
2. Бүгінгі біз танысатын шығарма да «Ана» деп аталады. Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев (1916 - 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарғанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Есімізде қанды жорықтар» т. б. туындылары бар.
3. Тыныштық сәті. Мәтінді оқу (музыка қойылады)
«Ана» мәтінін оқып беремін. Оқушылар көздерін жұмып, отырып тыңдайды. Мәтінді оқып болып, сұрақтар қоямын.
- Мәтінде кім жайлы айтылған?
- Ана жайлы
- Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар екен?
- Ананың балаға деген махаббаты жайлы не айтылған?
Біздің елімізде ана мен балаға зор қамқорлықтар жасалуда. «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаева балалар үйлеріне, науқас балаларға көп көмек көрсетіп келеді, ата - анасыз балаларға біздің мемлекетіміз қамқорлық жасайды, тәрбиелейді, оқытады, азамат болып өсуіне көмектеседі.
4. Мәтінді оқушылар оқиды. Мәнерлеп дұрыс оқуына мән беріледі.
5. Әңгімелесу.
Мұғалім:- Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер ана деп теңеу айтып жүрміз. Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол қызметкер (оқушылар аналарының қызметтері жайлы айтады)
- Ана бізге жарық дүние сыйлады.
- Ол түн ұйқысын төрт бөліп өсірді.
- Барлық жақсыны бізге арнады.
- Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.
- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

6. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса, мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар.
Ана сөзіне ассоциация құрылды. Балалардың жауаптары төмендегідей болды.
Айым, күнім, жұлдызым, ботам, құлыншағым....

Ана







7.Мақалды жалғастыр.

1."Ананың көңілі балада, ..................................."(Баланың көңілі далада)

2. "Ананың сүті—бал,
...................................(Баланың тілі-бал)

3. "Ата - асқар тау, .............., бала - жағасындағы құрақ"(Ана-бауырындағы бұлақ)

4. "Атаға қарап ұл өсер, .............................."(Анаға қарап қыз өсер)

5. "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,............"(Ақ сүтін ақтай алмайсың)

6. "Анасыз өмір — .......................... "(Сөнген көмір)

7. "Ата көрген оқ жонар, ................................."(Ана көрген тон пішер)

8. Ана сүтін ақтамағанды ...................................(Ешікм мақтамайды)

Дәптермен жұмыс.

Дәптерге күні,айын және тақырыпты жазып қою.

«Ананың махаббаты», «Ананың тілі», «Толқымайтын жүрек», Тасымайтын қан», «Сезбейтін сезім»

V. Даналық сөздер
Ана туралы даналық сөздерді интерактивті тақтадан оқу.

“Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың”
В. А. Сухомлинский
“Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді”
Б. Г. Белинский



«Ғажайып сандар» ойыны

Сол жақтағы 10

Сұрақ: «Ана» әңгімесінің авторы кім?

Жауабы:Баубек Бұлқышев


Ортасындағы 10

Сұрақ:Бұл әңгіме кім туралы?

Жауабы:Ана

Оң жақтағы 10

Сұрақ:Сенің анаң не деп немесе қалай еркелетеді?


Сол жақтағы 20

Сұрақ:Баубек Бұлқышев қандай тілдерде әңгімелер жазған?

Жауабы:Орыс,қазақ


Ортасындағы 20

Сұрақ:Қазақ әйелі қандай?

Жауабы:Қазақпын дейтін қара көз,қара баланың анасы,жүрегі нәзік


Оң жақтағы 20

Сұрақ:Баубек Бұлқышевтің өмір сүрген жылдары?

Жауабы:1916-1944жылдар аралығы
VI. Сабақты бекіту
Балалар көктемнің алғашқы күндерінің бірінде қандай мереке бар?
- 8 наурыз. Аналар мерекесі
Аналарыңа деген жақсы тілектеріңді ашық хатқа жаза қойыңдар. Аналарыңа сыйлайсыңдар.

VII. Үйге тапсырма. «Ана» мәтінін түсініп оқу, жаттау. «Менің анам» тақырыбында эссе жазу.

VIII. Қорытындылау.
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақ болып келіп отырған ұстаздар – аналар. Мектепте ұстаз, үйде – ана. Ол кісілерге қандай мерекелік тілектерің бар?
Тақпақ (5 оқушы)



Оқушылар шеңберге тұрады.
Мұғалімнің қорытындысы: Балалар сендерге аналарың қандай керек болса, аналарың үшін сендерде керексіңдер. Аналарың әрқашан сендермен бірге болсын. Аналарың – алтыннан да қымбат, баға жетпес қасиетті жан.

Сабақты мемлекеттік әнұранмен аяқтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Баубек Б?л?ышевты? "Ана" шы?армасы

Автор: Темирбаева Жанетта Ал?азы?ызы

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 304026


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства