Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.
Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.Ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Оқушыларды өз ана тілін сүюге, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау,сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын анықтау:
Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып жаз.
Жаңбыр басылды. Аспан ашылды. Күн ашылды. Күн жылынды. Су ақты.
Сөйлемдердегі сөйлем мүшелеріне назар аудартылады. Қандай айырмашылық байқағандары айтқызылады.
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз: әдемі, аулада, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.
Сәйкестендіру.
3-жаттығу. Өлеңді оқы. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.
2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала
Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.
3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,
Оқушылар: Жаманнан жирен.
5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,
Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.
Шығармашылық тапсырма. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
Сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі рет, ал тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықтармен сызыңдар.
Сабақты қортындылау.
1. Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары: Қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
2. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары (Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?)
Үйге тапсырма:4-жаттығу .
Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А. Жақсыбаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының аталуының да өзіндік тарихы болғанын, яғни ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелену мүмкіндігін іске асыру.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайдтар
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс
1. Қызығушылығын ояту.
«Ойды жинақтау» тапсырмасы.
Оқушыларға әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал-мәтелдер жазылған қима қағаздар таратылады. Оқи отырып, сол мақалдарды мағынасы ашылатындай сызбамен сызып шығу керек.
Өз елімнің басы болмасам да, Батырлардың бары игі.
Ел үмітін ел ақтар, Сайының тасы болайын.
Жер жаусыз болмас. Ер атағын ел сақтар.
Ел шетіне жау келсе, Ел даусыз болмас,
Балалар бұл мақалдардың ортақ тақырыбын ашқаннан кейін, осы тақырыппен байланыстыра отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім мәтінді бөліктерге бөліп оқи отырып түсіндіреді. Әр бөлік тақтада жазылып тұрады.
1.Олжабай батыр 2.Қалмаққырған 3.Шүршітқырған 4.Музейдегі естелік
Сөздік жұмысы.
Қисса- жыр, дастан. Шүршіт- ерте кезде қытайларды осылай атаған.
Оқушылар мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Егер сұрақ қоя алмаса, мұғалім сұрақ қоюды үйрету мақсатында өзі сұрақ қояды. Мысалы,
1-топқа: Әлкей деген бала туралы бұрын не оқып едіңдер?
2-топқа: Егер сен де белгілі батырдың ұрпағы болсаң, қандай сезімде болар едің? (Қиялдау).
3-топқа: Сары ала ту, жылтыр қара тас, қайқы қылыш, жалпақ белдік туралы бір сөйлеммен не айтуға болар еді?
3. Ой толғау. Берілетін тапсырмалар:
- Сонымен, бүгін біз қандай батырмен таныстық?
- Олжабай батырдың бойындағы өздеріңе ұнаған жақсы қасиеттерін атап жазыңдар.
Бұл тапсырманы орындау үшін топтау сызбасын пайдалануға болады. Тақтаға батыр аты жазылады. Оқушылар қима қағаздарға батырдың қасиеттерін жазып, тақтадағы жазу астына топтастырады.
жауына мейірімсіз
халқын сыйлайды
ақылды
Отанын сүйеді
ержүрек
Дәптермен жұмыс.
1. Мәтіннен батырлар ерлігіне байланысты аталатын жер-су аттарын жазу.
2. Музей деген не? (Жауабын жазады)
Музей- ол тарих, мәдениет ошағы.
4.Бекіту.
Мәтіндегі соңғы екі сөйлемді оқытып, мағынасын ашуға әрекет жасау, сол арқылы сабақ басындағы мақалдармен байланыстыра мәтін мазмұнындағы идеяны шығару.
- Балалар, біздің елімізде батырлардың ерлігін қалай құрметтейді?
- Батырлардың атымен аталатын көшелер, музейлер, мектептер, жоғары оқу орындары, оларға арналған ескерткіштер бар.
Музейлер: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі. Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі.
5.Үй тапсырмасы. Мәтінді түсініп оқып келу. Өз өлкеңдегі батырлар ерлігі туралы үлкендерден сұрап біліп келу. Дәптердегі кестені толтыру.
Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Батырдың ұрпағы» мәтінін әңгімелеу. Өз өлкеміздегі батырлар туралы үлкендерден естігендерін баяндау. Музей туралы пікірлері тыңдалады.
2. Қызығушылығын ояту.
Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын! - деп, сабақтың басталатындығын хабарлап, үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Ескерту: Оқулықтың беті жабық болады.
3. Мағынаны тану.
Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша үш бөлікке бөлініп берілген (алдын ала мұғалім мәтінді бөліктерге бөлін, дайындап қояды). Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.
Мәтін бөліктері:
Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты. Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен. Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. -
|
Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді... Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан- жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады. |
Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып: - Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, деді. Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді. |
Түртіп алу. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Жарапазан- ораза айында үй аралап жүріп айтатын өлең.
Әуес- әр нірсеге үйір, құштар.
Оқушылардың мәтінді жүйелі орналастыруын бақылау. Дұрыс орналастырып болған соң, оқулықты ашып тексереді. Әрі қарай 1-топ мәтіннің бірінші бөлігін, 2-топ екінші, 3-топ үшінші бөлігін оқып бір-біріне түсіндіреді. Әр бөлікке ат қояды.
1. Жамбылдың дүниеге келуі.
2. Балалық шақ.
3. Сүйінбаймен кездесуі.
Оқушыларға сұрақтар қойылады: :
- Сонымен, Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?
«Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі жерге ат қоюға байланысты оқиғаны еске түсіру, салыстыру.
Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек. Ақынның
«Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай»
деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.
4. Ойтолғау.
- Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?
- Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.
- Осы айтылған жақсы сөзге өз көзқарасыңды білдір.
Бұл пікірлерден бала Жамбылдың азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің, халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен мәні болғанын айта келіп, біз де өмірімізде жақсы сөз естіп, жақсы сөз айтып өмір сүрейік деген оймен қорытындылану керек.
5. Үй тапсырмасы беріледі. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеп келу. Дәптермен жұмыс: кестені толтыру.
Сабақтың тақырыбы: 36 :12 түріндегі екі таңбалы сандарды бөлу.
Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды екі таңбалы санға таңдап алу арқылы бөлу
тәсілімен таныстыру.
Есепті өрнек түрінде шығару дағдыларын қалыптастыру; теңдеудің
күрделірек түрін шығару тәсілдерін бекіту.
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Әдісі: түсіндіру, талдау, дәлелдеу.
Түрі: жаңа сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде кестелік бөлуге ауызша тапсырмалар кіргізуге болады. «Математикалық домино», «Математикалық волейбол», «Баспалдақ» ойындары жүргізіледі.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылармен бұрынғы сабақтарда танысқан кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеу тәсілін еске түсіру. Алайда екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу кезінде бөліндінің мәнін таңдауда бөлгішті бөліндінің мәні деп санаған санға көбейткенде бөлінгіш шығуы керек.
36 : 12 өрнегінің мәнін табу үшін12-ге көбейткенде 36 шығатындай санды таңдап аламыз.
2 х 12 = 24, яғни 2 саны келмейді.
3 х 12 = 36, демек, ізделінді сан -3.
36 : 12 = 3, өйткені 3 х 12 = 36
Мысалдардың көрсетілген түрін шешу үшін талдау жұмысы бұрынғы жүргізілген кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеген жұмысына ұқсас жүргізіледі. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілі №1 (а) тапсырманың негізінде жүргізіледі. №1 (ә) тапсырманы оқушылар толық түсіндіре отырып шығарады.
4. Өткен тақырыппен жұмыс.
№2 тапсырманы балалар өздері шығарып, соңынан шығарылу жолын толық түсіндіреді.
№3 тапсырманы орындау кезінде мұндай теңдеулерді алдымен жеңілдетіп, жай теңдеуге айналдырғаннан кейін шығару керек.
№4 тапсырма кесте бойынша өрнектер құрастыру. Олардың мәнін табу.
Қосылғыш | 12х2 | 30х20 | 810:9 | 520 | 160 |
Қосылғыш | 310 | 45х2 | 30:2 | 24х4 | 70х5 |
Қосындының мәні | | | | | |
5. Өздік жұмыс үшін №7 тапсырма ұсынылады
Оқушылар №7 тапсырманы орындау барысында ақиқат айтылымдар құруды үйренеді.
Кілт 2 – қобдишада екенін дәлелдейді,
6.Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: №6
-
-
-
-
-
Тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым.
Мақсаты: Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Ата-ананың мектеппен
тығыз байланысын арттыру. Мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысын
нығайту. Ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру.
Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелердің
айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану
қажет екенін ұғындыру.
Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрете отырып,
ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, оқушы шығармалары.