Ма?саты: 1. Білімні? сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта ал?ан білімні? негіз болып ?аланатынына к?з жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы ?стазымен ?оштаса отырып, орта буында д?ріс беретін ?стаздармен таныстыру,?р баланы? ерекшелігін таныта отырып, с?т – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті, ?стаздарын ??рметтеп, білімге деген ??штарл?ын арттыру.?з Отаныныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: «Шуа?ын т?ккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
?анатты с?здер мен та?ырып.
Кіріспе с?з: М??алім (Фанфор)
?ош келіпсіздер, ??рметті ата – аналар, ?ымбатты ?ріптестер, а? жаулы?ты апалар, о?ушылар! Б?гінгі к?н осында отыр?ан б?ріміз ?шін ерекше к?н. Оны? ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан балалары?ыз білімні? негізі болатын бастауышта о?ып, білім алып, ?анаттарын ?атайтып бастауыш сыныппен ?оштас?алы отыр.
Бесіктегі баланы?,
К?лгенін к?рген - бір м?рат.
Алдына т?сіп ананы?.
Ж?ргенін к?рген - бір м?рат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші т?лектерімізді орта?а ша?ырайы?!
(Музыка ?уенімен бастауыш сынып т?лектері орта?а келеді.)
Просмотр содержимого документа
«Бастауышым шамшыра? – бал?ын б?бек балб?ла?! »
Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз: Мұғалім (Фанфор)
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, ақ жаулықты апалар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)
4 «Ә» сынып оқушылары
Иргалиев Алдияр
Жетписбаев Арнұр
Мадиев Бекзат
Нысанбаев Олжас
Сагидоллинов Бекзат
Танаткат Ернар
Шокпутов Медет
Аманжолов Санжар - Салмагамбетова Назгуль
Ирсултан Максат - Кобанбаева Алина
Белдибаев Асхат – Абельдина Аяна
Куанов Аян - Аралбаева Дильназ
Бериков Данияр – Саметова Диана Мұғалімнің сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Санжар
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға
Дильназ
Армысыздар жас достар, Болашаққа жол бастар. Білім деген ғажаптың, Келешегі қазақтың, Басталады сендерден.
Мұғалім
Қоштасу тойын бастайық, Ән мен биге басайық. Өнерімізді көрсетіп, Құрметіне бұл тойдың. Ән мен шашу шашайық.
(Назгүл мен Дильназ шашу шашады). (Тойға шашу сузыкасы ойнап тұрады)
Ортаға ертекші шығады: Назгүл (ертегі желісі бойынша әдемі әуен ойнап тұрады) Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп - тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар» «Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2015 жылдың 20 мамыры да айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын. Орта буын хандығының патшасы: М.Бекзат Пай, пай, қош келдің бауырым! Бастауыш патшалығының ханзадасы: Асхат Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Кел төс қағыстырып амандассам деп едім. Орталық хан: Бекзат Әрине, еркем! Кел, кел. (Екеуі құшақтасып амандасады) Балбұлақ хан: Асхат Аға, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерімнің жұмысымен келген едім. 2011 жылы тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды. Орталық хан:Бекзат Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын. Балбұлақ хан:Асхат Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен. Ал, ендеше сынақтан өтуге дайынсыңдар ма?
(Бәрі хормен-дайынбыз)
Назгүл
Білімнің қайнар бұлағы, өнердің жарық шырағы. Тұрағы өзің, мектебім, шәкірттің асыл қырағы. Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? Мектебімде алаулаған жас жалын. Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Арнұр
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Аяна
Сүйікті мұғалім, Бес алсам ұнадым, Екі алсам сынадың, Алдыңда әрқашан, Бас иіп тұрамын, Сүйікті мұғалім!
Мақсат
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәрбие алған.Сондықтан, ұлағатты ұстаздар алдында ...
Бәрі хормен - бас иеміз!
Хор: (Ұстазым әні; орындайтындар: Салмағамбетова Назгүл.Ирсултан Максат. Кобанбаева Алина. Мадиев Бекзат. Аманжолов Санжар. Қалған оқушылар артында әнге сай би қимылдарын жасайды.)
Данияр(Оқушылар сахнадан бәрі шығып кетеді)
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
(5 оқушы шығады, қолдарында ҰСТАЗ сөзі).
Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым! /Аяна/
С – салмақты Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым! /Алина/
Т – танымал Есейіп ертең кетсен де,
Шәкіртпін ұстаз алдында. /Аян/
А – ардақты Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым. /Бекзат М/
З – зиялы Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым. /Диана/
Мұғалім:
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Ұстаздарға арнау
Диана: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай отырып алғыс білдіреміз.
Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Бибігүл апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Арнұр:
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Жеңісгүл апай осындай.
Диана
Сөз сөйлесе жарқын — ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Жұлдызай Мұхтарқызы
Алғыс айтады түлегі.
Арнұр
Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Гаухар Уразалықызы
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.
Диана:
Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
Әзілі бірге жүрер өзімен
Аманқос ағай қашып кетсек аямады.
Арнур:
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, Гулжанат апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.
Диана
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Жанар апай, Мәрзия апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Бәрі хормен - көп рақмет айтамыз!
Би: Восточный: Назгүл
Көрініс: «Пәндер айтысы» Кейіпкерлер: Аян (математика), Алина(қазақ тілі), Мақсат (ана тілі), Санжар ( ғылым), Арнұр (өнер), Дильназ (ағылшын тілі), Алдияр (дүниетану), Аяна (орыс тілі) Математика: Достар, жүріңдер. Ғылымға барып ақыл – кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық. Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу? Математика (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып): - Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік. Ғылым: Ендеше, баяндаңдар. Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т. б. ғалымдар есебін қалай есептей алады. Ана тілі: Жоқ, Мәртебелі Ғылым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді. Қазақ тілі (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында): - Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді. Ағылшын тілі: - Тоқтаныз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемде үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады. Орыс тілі (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса, қалайша ол үш түрлі тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінің аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе? Дүниетану: - Ал, мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ? Дене тәрбиесі (спорттық қимыл көрсетіп): - Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға калдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой. Ғылым: Өнер, сен неге үнсіз қалдың? Өнер: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды қалаймын. Ғылым: Барлығынның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендерінді ескертемін. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық, достар. (әдемі әуен ойнап тұрады)
Ернар Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын, аман болшы анашым!
«Қуыршақ» биі
«Батырлар биі»
Медет
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға қыздарды қуыршақ биімен шақырайық.
«Шағала биі»
Олжас
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Назгүл
Өтті сенде қызық шағым. Бастауышым - балбұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын! Қош бол, қош бол (Бірге сыныппен) Сүйікті бастауышым! ВАЛЬС!!!
Балбұлақ хандығы: Асхат: «Орта буын» хандығының патшасына сөз берейік: Орта буын хандығы Бекзат: Бұйрық. 2015 жыл. 4 «Ә» сынып балдырғандары бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын. Қабылданбас бұрын ант берілсін!
Мақсат 1. Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға. (Ант етеміз – хормен бірге) 2. Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға. (Ант етеміз – хормен бірге) 3. Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға. (Ант етеміз – хормен бірге) 4. Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге. ( Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз) – 3 рет ақырғысын.
Мектеп басшысы: Алимова А.Е. сөз беріледі. 4-сынып түлектеріне бастауыш сыныпты аяқтауына орай мадақтама қағаздары тапсырылады.
Ата - аналарға сөз.Салмағамбетова Майгүл Әуесхановна