Дайындаған: Сагындыкова Роза.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары МДОІЖО:________ Б.Қожбанова.
Пәні: Қазақ тілі | Сыныбы: 3-сынып | Уақыты: 28.10.2015ж |
Сабақтың тақырыбы | Бастауыш |
Сілтеме | «Қазақ тілі» оқулығы, «Атамұра»2014ж Авторы:Г.И.Уайсова. Ә.Е.Жұмабаева.Қазақ тілі оқулығы 3-сынып,ИТ. |
Сабақтың мақсаты | «Бастауыш» туралы түсінік алады.сөйлемдегі батауышқа сұрақ қоя білуге үйренеді.Жаттығу жұмыстарын сауатты жазуға,талдауға,өз ойларын толық айтуға,жан-жақты толық мағлұмат алу. |
Күтілетін нәтиже | Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады,тақырыптың мазмұнын жетік түсінеді.логикалық ой-өрісі дамиды.Топтағы өзара оқытуды ұйымдастыру арқылы диалогтік әдісті ендіру.Оқушылар өз пікірін толық жеткізіп,пікірлер алмасу. өз ойларын жүйелі айтуды үйрету. |
Түйінді идеялар | Сауатты болу,нақты толық жауап беру. |
Ресурстар | Интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырмалар, түрлі түсті стикерлер, А3 пішімдегі парақтар, маркерлер, смайликтер |
Қолданылатын модульдері | 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс) ,4- модуль АКТ пайдалану (электрондық оқулық), 2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(миға шабуыл), 3-модуль.Бағалау(рефлексия),постер дайындату,кластер әдісі. |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
І.Ұйымдастыру кезеңі II. Мұғалім сөзі | Мұғалім сабаққа жақсы қатысу керектігі жайлы балаларға ой тастайды. Қатар – қатар тізіліп, Оқушыға лайық . Қолымызды жіберіп, Түп – түзу болып тұрайық. Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз Отыруға нақпа-нақ Дайындалдық бәріміз Сабақ бастар кез болып тұр. Биыл қандай жыл? Қой жылы Олай болса бізге қой жылы келді.Сол қойдың тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Бүгінгі жаңа тақырып туралы білімдерімізді кеңейте отырып,сөйлемдерді талдауға және де сауатты жазуға,өз ойларымызды еркін айтуға тырысайық балалар.(Тапсырмаларын орындау арқылы , сабақ өту)
| І Қызығушылықты ояту Оқушыларды түгендеу, Шаттық шеберін құрып тілек айту. Біз көркембіз, қанағатпыз, Шуақ шашқан күндейміз Еркеміз естіміз. Келешектің гүліміз.
|
ІІI.Үй тапсырмасын сұрау | «Мозайка» әдісі бойынша сыныпты топқа бөлу .Үй тапсырмасы бойынша топтарға тапсырмаларды бөліп беру Кластер әдісі. | 1.Қандай тақырыппен таныстық? 2.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 19-жаттығу. Берілген сөздерден мақал құрастырып жаз. Әр сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз. 1.Асырайды, тігінші, инені. 2.Шәкірт, озар, ұстаздан. 3.Жан, жақсы, семірер, сөзге
|
Топқа бөлу | Қима қағаздар арқылы 4 -топқа бөлу | Жыл мезгілдері арқылы оқушылар 4-топқа бөлінеді. |
ІІІ. Жаңа сабақ IV. Интернет тақта арқылы | Оқулықтағы материалдарды бөлімдерге бөлу Миға шабуыл.Көбейту кестесі арқылы жаңа тақырыпты ашып алу. 8·1=8 8·2=16 8·3= 24 8·4=32 4·4=16 8·6=48 8·7=56 8·8=64 Бастауыш Ережесі: Қимыл іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейміз. Бастауыштар Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
| Оқушылар көбейту кестесін өсу ретімен айтады,жаңа тақырып ашады. Оқушылар ережені интернет тақтадан хормен оқып ережені қайталайды. |
V.Дәптермен жұмыс | Күннің жады , әріп толтыру. Көркем жазу минуты. Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық. Дәптерімізді ашайық, Көркем етіп жазайық | Оқушылар әдемі әрі сауатты орындайды. |
VI.Тақтамен жұмыс | Интернет тақтадан оқыту Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.Бұл сөздердің қимыл иесі болып тұрғанын байқа. | 22- жаттығу Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты. |
VII.Топпен жұмыс | Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. қимыл, иесін болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. | 23- жаттығу Мұғалім түсіндірді. Мұз қатты. Күн шықты. Лақ маңырады. Сәкен оқыды. |
VIII.Жеке топпен жұмыс | Мына сөздерді шашыратып беріп содан сөлем құрату және кез келген бастауыш қойып жазу | .......бүгін музейге барады. ........жылы жаққа ұшып кетті. .........қиын есепті өзі шығарды. ..........бөлмені әдемі жинады. |
Сергіту сәті | Интернеттеге «Мен қазақпын» бейнеролигін көрсету | Бейнероликтеге мен қазақпын іс–қимылдарын әуенге сай қайталайды |
IX.Өз беттерімен жұмыс | 4-топқа тапсырманы бөліп беру. Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз. Бастауышты тап. Қысқаша күз туралы оқушылардан сұрау.
| 24- жаттығу. Дала тегіс сарғайды, Шаруа қысқа қамданды. Күн қысқара бастады, Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз) |
X.Шығармашылық жұмыс
| 1.Білімді неден аламыз? 2.Білім ошағы не? 3.Біздің мектебіміз кімнің есімімен аталады? 4.Биыл мектебімізге неше жыл толды? 5.Мектебіміздің директоры кім? 6.Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан ағартушы, жазушы ? 7.Бізге Ы.Алтынсарин атамыздың әңгімелері өлендері таныс па? 8.Алғашқы оқуға, білімге шақырып жазған өлеңі қалай аталады? 9.Кел, балалар оқылық өлеңі жатқа айту. | Кітаптан Мектеп Жұмағали Қалдығараев 40 жыл Жубанов Сағатбек Ы.Алтынсарин
Иә
Кел, балалар оқылық
Оқушылар хормен айтады. |
XII.Өз еркілерімен постер корғау. | Сурет таңдап әңгіме жазу. Оны қорғау. | (түйе,сиыр,жылқы,қой) |
Қорытындылау | Сұрақтар 1. Қазақстан өз егемендігін қай жыл алды? 2.Олай болса биыл неше жылдығын тойладық? 3.Биыл ұлы жеңістің неше жылдығын атап өтті? 4.Биыл қазақ хандығының неше жылдығын атап өтті? 5.Бүгін қандай тақырыппен таныстық? 6.Бастауыш дегеніміз не? 5.Оның сұрақтарын ата? Міне қойдың бізге жасырған сұрағына да жеттік.
|
-1991 жылы 16 желтоқсан айында
-20 жылдығын тойладық 70 жыл 550 жыл
Бастауыш
Қимыл іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейміз. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? |
Үйге тапсырма | 27-жаттығу. 65-бет Ереже жаттау |
Бағалау | Жиынтық баға . Түстер арқылы бағалау. | Топтар бір-бірлерін бағалайды. |
Кері байланыс | Стикерлерді үйлестіру арқылы | Рефлекция. Сабақ туралы ойлары мен ұсыныстарын жазады. |