Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?аблеттерін арттыру арнал?ан ?дістемелік ??рал
Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?аблеттерін арттыру арнал?ан ?дістемелік ??рал
Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін арттыру ?шін ?ажет ?дістемелік ??рал.
Б?гінгі к?ні мемлекетімізді? ?ркениетке жету жолында?ы ?р талабына т??ыр болатындай ?рпа? о?ыту, т?рбиелеу ісін жа?а сапалы? ?згерістер де?гейіне к?терілу талап етіп отыр. Мектеп ??рлымында болып жат?ан ?згерістер,білім беру ма?саттарыны? алмасуы,оны? дамытушылы? сипаттарыны? бекітілуі,к?п н?с?алы? о?ыту?а к?шу сия?ты м?селелер орындаушылардан шы?армашылы? ж?мысты? жо?ары сапасын тал
Б?л жина?та 1-4 сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ж?мыстары ?лгі ретінде жазыл?ан.
Бастауыш сынып м??алімі ?шін б?л ?дістер тиімді деп есептеймін.
ап етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?аблеттерін арттыру арнал?ан ?дістемелік ??рал»
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары. Бастауыш сынып мұғалімі: Нұғыманова Н.Қ Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері немесе бұдан күтілетін нәтиже:
Енді сіздерге 1-сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін негізгі пәндерде бастауыш сыныпта жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері ұсынылады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Бірінші сынып оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталайық.
Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейік.
Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.
Шульте кестесі .
Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.
Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.
Оқушылардың байқағыштығын дамытуға арналған тапсырма. Мұнда, пішіндері мен орналасу ыңғайына қарай артық үш фигураны (басты) табу. Артық үш фигураның оң құлағы үшбұрыш, ал сол құлағы «Сопақша» пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).
Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты басқа фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.
Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?
Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.
Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.
Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.
Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:
Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:
I топ-эссе жазады II топ-сурет салады III топ-өлең шығарады
ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
5 жолды өлең:
Су Мөлдір, түссіз Ағады, жұғады, жабысады Ол бізге өте қажет Сусын
Келесі жағдаят:
Өсімдік пен жануарлардың байланысы.
Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: —е гер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?
Адам мен табиғаттың байланысы.
— Біз табиғаттан не үйренеміз?
Шәйнектің қайнауына қарап, паровозды ойлап тапқан.
Келесі жағдаят:
Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан.
Адамдар бұлбұлдан ән айтуды үйренген.
Келесі жағдаят:
— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)
Келесі жағдаят:
ББҮ кестесі (кез келген тақырып)
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
Өлең, мақалдар құрастыру.
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Кейіпкерге мінездеме беру.
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
Рөлге бөліп оқыту.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
Диалог-ертегі.
Образға кіру.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
І тапсырма «Образға кіру»
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.
ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»
Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
— Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы, жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
— Қожаның ісіне қуандық.
— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
— Кездескенде не деп айтар едіңдер?
— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
— Қандай сурет салар едіңдер?
— Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»
Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы «Жаңбыр ойыны»
Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Суреті бар, хабарлайды, Жәшікте тұрып жыбырлайды. Ән салады, би билейді, Көңіліңді көтереді. (теледидар)
Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
Бізге жарық береді, Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
Өзі әдемі, иісі жұпар, Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
Өзі гүл сияқты, Күн көзін сүйер. Ішінде дәні бар, Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)
Мақалдар
Еріншек болсаң, Наның жоқ. Еңбекқор болсаң, Қарның тоқ.
Еңбексіз нан жоқ, Нансыз өмір жоқ.
Бір сәттік бақытқа, Алланы ұмытпа.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Су түбінде асыл тас, Жел толқытса шығады. Ой түбінде асыл сөз, Шер толқытса шығады. Асан Қайғы
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе… бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейік.
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:
Бұл… піл, бұл ірі піл.
Шеше, шеше,
Неше кесе Сынды кеше?
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Кеңісова Перизаттың құрастырған мәтіні. Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:
— Айдар, жылама, қорықпа! Бұл — піл, бұл —ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, — деді. — Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, — деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.
Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығыескертіліп, әр жануардың қасына:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Отансыз адам… ормансыз бұлбұл. Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі. Ел іші… алтын бесік. Отан… оттан да ыстық. Бірлік түбі… береке
Ертегілердің қалай басталатыны, ертегінің кейіпкерлері, олардың өмір сүру орталары туралы сұрақтар берілді. Мақалдың мағынасын ашқаннан соң, оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. Өтегенова Айзада деген оқушының құрастырған ертегісі:
Ерте, ерте, ертеде бір аңшы болыпты. Ол қайырымсыз екен. Аң–құстардың бәрін ата берген. Атпағандарын торға қамап ұстаған екен. Бір күні ол торға түлкі, аю, қоян, торғайларды, қасқырды қамап тастапты. Түлкі өзінің қулығымен, аю өзінің күшімен құтылмақ болса да, одан ештеңе шықпапты. Әбден жаурап, мазасы кеткен түлкі қайғырып:
— Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық болады екен, — дейді. Сонда аю айтады:
— Иә, түлкіжан, ел іші… алтын бесік деген рас екен. Енді қалай құтыламыз өз орманымызға қалай жетеміз деп одан сайын қайғыра түсіпті. Торғайлар:
— Отансыз адам… ормансыз бұлбұл. Біз де өз орман… тоғайымызды қатты сағындық деп шиқылдайды.
— Отан… оттан да ыстық қой. Мен өз даламды сағынғаным сондай, ішім өртеніп бара жатқандай. Осылай өлетін шығармыз,— деп қасқыр аспанға қарап ұли бастады. Сол кезде қоян ортаға шығып:
— Осылай қайғырғаннан түк болмайды! Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі демей ме? Қане, бәріміз бірігіп, құтылуға тырысайық! Торғайлар торды оларды босатады. Қайырымды жолбарысқа бәрі өте риза болып, бостандыққа шыққандарына қатты қуанады. Міне, бірлік түбі… береке деген осы.
Осындай шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді, шығармашылыққа баулиды. Сондай…ақ ережелерді де, құр жаттатпай өздері саналы түрде түсінетіндей жағдай туғызу арқылы беріп отырамын. Айт, кес, жаз, жүз +— қыш, кіш, —ғыш, —гіш = туынды сын есім. Көрнекілік арқылы болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы туынды сын есімнің жасалуы туралы ережені оқушылар өздері қорытындылап шығарады. Сабақ сайын осындай ережелерді өздері түйіндеу, қорытынды шығара білуге үйрету арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулумен қатар жеңіл әлеуметтенуі қамтамамасыз етіледі.
Оқытудың жаңаша мазмұны барлық пәндерде қолданылатын көрнекі құралдарға, олармен жұмыс істеуге де жаңаша талаптар қояды. «Соңғы алма» сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастырып жазуға тапсырма бердім. Әділ Әлбер деген оқушымның құрастырған ертегісін ұсынғым келді.
«Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып қойған бір жалғыз алманы көріп қалды...Ары қарай не болуы мүмкін? Оны өздерің аяқтап жазыңдар», — деген проблеманы алдарына қойдым.
Әділ Әлбер деген оқушымның құрастырған ертегісін ұсынғым келді.
«Соңғы алма»
Күздің соңғы айы еді. Айдар бақты аралап жүрді. Ол алма ағашында қалып қойған бір жалғыз алманы көрді. Ол қолын созып, алманы алды. Соны көрген аш кірпі Айдарға аш көзімен қарады. Бала оны аяп, алманы соған берді де, кірпіні үйіне алып келіп асырады. Аш жануарларға Айдар сияқты көмек беру керек деп ойлаймын.
Күздің екінші айы еді. Айдар бақтың ішін аралап жүрді. Ол алма ағашында өсіп тұрған жалғыз… ақ алманы көрді. Оны алып жейін деп еді, қолы жетпеді. Сол кезде шешесі оны іздеп, үйге тамақ ішуге шақырды. Тамақ ішіп болған соң қайтадан келсе, ағаштағы алма жоқ. Ол алма жел соққанда үзіліп түсіп, оны кірпі үйіне алып кеткен еді.
(Хасанова Анаш 3 сынып.)
Күз айы. Адамдар бақшадағы алмаларды жинап алды. Ағашта бір алма қалып қойыпты. Айдар алманы жұлып алуға қолы жетпеді. Бір кезде бақшаға бір бала келіп қалды. Айдар оны иығына мінгізіп көтерді де, бала алманы жұлып алды. Ол алманы баламен бөлісіп жеді. Төреғұл Алтынзер.
Қорытынды.
өзіміздің іс тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.