БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМІНІ? ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – Н?ТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУ ФАКТОРЫНЫ? БІРІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМІНІ? ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – Н?ТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУ ФАКТОРЫНЫ? БІРІ
Ж?сіпбек Аймауытовты? «Мектеп бітіріп шы??ан со? бала б?кіл ?лемге ?згені? ж?не ?зіні? ?міріне білім ж?зімен,ашыл?ан саналы а?ыл к?зімен ?арай білсе,міне, білімділерді? к?здейтін т?пкі ма?саты-осы. ?стаз осы ба?ытта баланы? келешекте жетілуіне мы?ты негіз салуы керек» деген дана с?здері біздерге,я?ни бастауыш сынып м??алімдеріне арнал?ан сия?ты. Біз ?алай бала келешегіне жол салса?,оны? болаша?ы сондай болма? екенін б?рімізде жа?сы білеміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМІНІ? ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – Н?ТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУ ФАКТОРЫНЫ? БІРІ »
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ –НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ
А.А. Сатубалдинова
Петропавл қаласындағы
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жүсіпбек Аймауытовтың «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ,ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,міне, білімділердің көздейтін түпкі мақсаты-осы. Ұстаз осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» деген дана сөздері біздерге ,яғни бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сияқты. Біз қалай бала келешегіне жол салсақ,оның болашағы сондай болмақ екенін бәрімізде жақсы білеміз.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»деген екен. Расында да болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда.Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.
Елімізде заманауи білім беру жүйесінде қалыптасқан жаңа бағыттардың бірі-құзыретті білім беру тәсіліне негізделген. Құзыретті білім берудің басты мақсаты-әр оқушының білім,білік,дағдысын емес,оның тұлғасын білім арқылы дамуын алға қойып отыр. Құзыретті білім сапасын көтеру үшін бірнеше тілді меңгерген,күтілетін нәтижені болжай алатын,түрлі мәселелерді қабылдай отыра тығырықтан шығудың жолын табатын дербес тұлға тәрбиелеу.
Ал, бұған мұғалімнің кәсіби мәдениеттілігінің құзырылығынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Осы жерде ойыма Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады »деген дана сөздері оралады. Иә, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы ,осы құзыреттілік арқылы анықталады.
Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік,интегралдық сипаттама ретінде болжау,ұйымдастыру,бақылау,үйлестру,сәйкестендіру,белсенділігін арттыру, зерттеу арқылы іске асады.
Құзыреттіліктің мазмұны
болжау
бақылау
зерттеу
ұйымдастыру
белсенділігін арттыру
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлығы өз алдына дербес, бір-бірімен тығыз байланысқан,ғылыми-теориялық,қоғамдық-саяси,психология лық-педагогикалық және арнайы даярлықты біріктіретін біртұтас жүйе болып табылады.
Мен алдымда отырған оқушыларымның сұранысына жауап беру үшін өзімнің кәсіби құзырлы болуымды қамтамасыз ету үшін өткізетін сабақтарымды жаңаша тұрғыдан қарауым қажет болды.
Қазіргі кезде білім сапасын көтеруде заманауи сабақтардың талабы- сабақ беруде пәндерді оқыту технологиясын жан-жақты қолдану, ұстаз білімі мен шеберлігіне, іс-әрекетті тиімді ұйымдастыра білуіне байланысты.
Тәуелсіз елдің талантты ұрпағын тәрбиелеудегі мақсатқа жету көзі де осы-жаңа технология. Ал сабақ-әр мұғалімнің шығармашылық жұмысы.
Бастауыш сынып оқушыларының «неге?», «неліктен?» «қашан?» деген сұрақтарды үсті-үстіне жаудыра береді. Өздеріңіз білесіздер олардың білмегеннен білгісі келетіні көп. Сондықтан сабақта олардың сұрақтарына бағыт-бағдар беріп ,өздерімен бірге ақпаратты технологияны пайдалана отырып,сұрақтарына жауап іздеп,шеше алады. Өздері жауабын тапқаннан кейін олардың қызығушылықтары да молая түсіп, әрі қарай ізденушілік қабілеттері артады. Қазіргі таңда мұғалім тек бағыт беруші екенін ұмытпағаны жөн.
Мысалы ,мен сабағымда сөздік қорларын молайту ,тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін «Сенің сұрағын-менің жауабым» әдісін сабағымда жиі пайдаланамын. Сабақта үйге берілген мәтінді оқушы ортаға шығып мазмұндайды.Ал сыныптастары оны мұқият тыңдайды. Сосын олар осы мәтін бойынша өздерінің сұрақтарын қояды.Оқушылар өздерінің сұрақтарын өмірмен де байланыстырап қояды.Мазмұндап тұрған оқушы жауап береді.Егер де басқа оқушының да жауабы болса ,оны тыңдаймыз,талдаймыз, талқыға саламыз. Сонда мұғалім оқушының сабаққа даярлығын бақылай алады және оқушының өмірге деген көзқарасында байқай алады,оқушыға еркін сөйлеуге мүмкіндік беріледі. Тәрбиелік мәні де өте зор: бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, болашағына болжам жасай алуына, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Осындай тартымды сабақтардың арқасында оқушы өмірге қажетті құзырлықтарды меңгеріп шығатыны сөзсіз.
Ғалымдардың зерттеуіне,бақылауына көз жүгіртсек,оқушының білім сапасы қандай болса, оның болашағы материалдық рухани жағдайының қалыптасу деңгейі де сондай болатындығын байқатады. екен. Ендеше ,ел болашағын дайындау мақсатында білім сапасы басты меже болмақ. О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету-өнердің де, өмірдің де заңы»дегенде оқушылардың бәсекеге қабілетті білімі, белсенділігі мұғалімнің үнемі ізденуі мен тұрақты еңбек етуін талап етеді.
Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға жасалып жатқан талпыныстар оқушылардың дербестігін, ізденімпаздығын дамытып,білім мен біліктілігін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр.
Оқушының білім мен біліктілігінің сапасын көтерудің бірден-бір жолы-олардың күнделікті алған білімдерін әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жетілдіру,дамыту.Мысалы: қазақ тілі сабағында дыбыстық талдау кезінде оқушыларды қысқа да,нұсқа талдауға үйреттім. Әдебиеттік сабақта тақпақтарды жатқа айтар кезде үш-төрт оқушыдан шығып, тақпақты екі не үш шумаққа бөліп айтуға үйренді. Осындай әдіс-тәсілдердерді қолданудағы мақсатым қандайда жағдай кезінде тығырықтан тез жол тауып кетуге үйрену,қысқа да нұсқа дәлелдей білу.
Мен көбіне Байтұрсынұлының дана сөздерін өзіме ұлағат тұтамын. Байтұрсынұлы «Мектеп-жаны мұғалім»,деп айтқандай мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс. Мұғалімнің өзіндік «жаңалығы»неде? Ол оқыту әдісіне жаңа элементтер енгізу,оның нәтижелілігі арқасында уақытты тиімді пайдаланып,сапалық биікке көтеру, оқушы арасында жаңа өзіндік педагогикалық ынтымақтастықтың жолдарын тауып,жаңа әдістер енгізу. Әр мұғалім сабақ соңынан кейін «Мен сабақты қалай өткіздім? ,ал оқу жылының соңынан кейін «Мен осы оқу жылында не бітірдім?» деген сияқты өзіне-өзі есеп беруі керек деп ойлаймын. Өзіміз сүйіп,қалап алған мамандығымыздың қадір-қасиеті, еңбегі оқушы білімімен өлшенетінін ұмытпауымыз керек.
«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»деп ғалым Ш. Уәлиханов айтқандай азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім қажет.
Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін оқушының ықыласын оятып өзінің ғана емес,өзгенің де өсуіне ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз.
Осындай жан-жақты ,қалыптасқан оқушыны тәрбиелеу үшін кәсіби-тұлғалық құзыреттілігі дамыған ұстаз моделі осындай болу керек деп ойлаймын.
Біз бүгінгі таңда ғылым мен техника дамыған өнер-білімнің әр түрлі салаларында тың жаңалықтар аса қарқынды үрдіспен ,сағатпен емес,минут,секундтап ашылып жатқан керемет қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Демек, осындай қоғамда заманына сай ұрпақтарды тәрбиелеп жетілдіріп шығару үшін жан-жақты білім мен тәрбие берумен айналысу өте жауапкершілікті іс екендігі баршамызға аян.
Ендеше, жас ұрпақтың ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетаны-
мын кеңейтетін ұстаз шеберлігі-өз қолымызда екенін естен шығармайық, құрметті әріптестер.
ЗАЯВКА НА УЧАСТИЕ
Международной научно-практической конференции
«Пути и средства профессиональной компетентности педагога в современных условиях»