Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып дарабоздары »
Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені
Тақырыбы:
1-2 сынып
Өткізген: Балмағамбетова А.Т.
2014-2015 оқу жылы.
Тақырыбы: Бастауыш сынып дарабоздары
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, пысықтау.
Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Алғыр, тапқыр, шапшаң, зейінді, білімді болуға, елін, жерін сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: логикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, жұмбақтар
Сабақтың түрі: топтық жарыс
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, жұмбақтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Балалармен амандасу
2. Топқа бөлу, ат қою
3. Бейбітшілік, Болашақ, Достық
4. Әділқазылар алқасын сайлап алу
1 тур: «Кім жылдам?»
«Бейбітшілік» тобына
1-сынып оқушыларына
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазақша апта күндерін ата.
2-сынып оқушыларына
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөйлем дегеніміз не?
«Болашақ» тобына
1-сынып оқушыларына
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Тіл не үшін қажет?
2-сынып оқушыларына
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөз неден құралады?
«Достық» тобына
1-сынып оқушыларына
Аптаның соңғы күні, ұпай күн?
Мектептегі ең жаман баға, қандай?
2-сынып оқушыларына
Мәтін дегеніміз не?
Адамдар не арқылы хабар береді?
ІІ тур: «Сөз ойла, тез ойла»
«Болашақ» тобына
Ұарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ. (Р)
2-сынып оқушыларына
Бала кеме капитаны болуды армандап, сол оқу орнына түскен, мәтіннің аты қалай аталады? (Мұрат-капитан)
Алматы, апорт, Медеу сөздері қай өлеңде кездеседі? (Алатау)
«Бейбітшілік» тобына
Итте бар,
Қойда жоқ.
Китте бар,
Тайда жоқ.(И)
2-сынып оқушыларына
Сыншы бала аңызындағы баланың бойында қандай қасиеттер басым? (ақылдылық, шыдамдылық, қулық)
Дастарған байлығы не? (нан)
«Достық» тобына
Тілде бар,
Сөзде жоқ.
Түнде бар,
Күнде жоқ. (Т)
2-сынып оқушыларына
Тезек іздеп жүріп, неге тап болды? Қай мәтіннен алынған? (қара домалақ тастар, Екібастұз)
Ауылын, әжесін, орманын, өз елін сағынған бала кім? (Қартқожа)
ІІІ тур: «Кім алғыр?»
«Болашақ» тобына
Құлпынай, жапырақ, қолғап
«Бейбітшілік» тобына
Асқабақ, жүзім, қолшатыр
«Достық» тобына
Қарбыз, шырша, кітап
4-тур: «Кім тапқыр?»
«Болашақ» тобына
Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады?
Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек
Портфелімде әуелі, Он үш жаңғақ бар еді, Науат пенен Сағатқа, Самат пенен Маратқа, Апасына Қанаттың, Екі-екіден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын Айта қойшы, ал жаным?
Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды
Үстелде енді неше бұрыш қалды?
«Бейбітшілік» тобына
Екі аяқпен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің.... Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын?
2 .Ал балалар, балалар,
Қағазбенен қалам ал.
Төрт ешкінің мүйізі,
Қанша болды санап ал.
3.Үш алманы бақтағы,
Кірпі барып жинады.
Ең әдемі, тәттісін,
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын.
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын балақан.
«Достық» тобына
1.Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім шешеді?
Тал басында, Тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның Жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі?