Бастауыш мектепте ж?йелі о?ытуды жеделдету м?селесінде 12 жылды? білім беру ж?йесіні? ма?саты
Бастауыш мектепте ж?йелі о?ытуды жеделдету м?селесінде 12 жылды? білім беру ж?йесіні? ма?саты
Ерте?гі к?нні? б?гінгі к?ннен асып т?суіне ы?пал етіп, адамзат ?о?амын ал?а ?арай жетелеуші ??діретті к?ш тек білімге ?ана тіреледі. Білім беруге заман талабы т?р?ысынан жеке т?л?аны дамытуда?ы ?о?амны? рухани ж?не адамгершілік ??ндылы?тарын ?алыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлы? м?селе.
ХХI ?асырда елімізді? болаша?ын ал?а ?арай жетелеуші ?рпа??а білім беруді ?амтамасыз ететін жалпы ж?не орта білім беру саласына т?бегейлі ?згеріс, я?ни 12 жылды? жалпы ж?не орта білім беру ж?йесін енгізу м?селесіне к?п к??іл б?лінуде. Осы мектепті? негізінде білім беру мерзімін 12 жыл?а ?зарту психологиялы? ж?не физиологиялы? т?р?ыда болады. Бізді? ?о?амымызды? саяси ж?не ?леуметтік-экономикалы? ??рылымында?ы ?айта ??рулар алды??ы ?атар?ы халы??а білім беру ж?йесіне ?ойылатын жа?а талаптарды тудырады.
ХХI ?асыр мектебіні? ма?ызды ма?саты о?ушыларды о?ытуды? барысында оларды т?рлі салада жеткілікті т?рде к?рделі білімдерді, икемдер мен да?дыларды игеруді талап ететін, оларды? одан кейінгі о?уына толы??анды негіз бола алатын психикалы? дамуды? ерекшеліктерін аны?тау болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш мектепте ж?йелі о?ытуды жеделдету м?селесінде 12 жылды? білім беру ж?йесіні? ма?саты »
Бастауыш мектепте жүйелі оқытуды жеделдету мәселесінде
12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты
Г.Р.Мамытова,
№24 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.
ХХI ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзарту психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарғы халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырады.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты оқушыларды оқытудың барысында оларды түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін, олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ» деп халық айтқандай, білім мен ғылым әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да – мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептелді. Сол себепті тәрбие ошағы мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр.
Білім көзінің бастау арнасы бастауыш сыныптан басталады демекші, бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа деген ынта жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту бүгінгі таңдағы білім саласындағы жанашыр барша қауымның мақсаты деп ойлаймын.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Европа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты мыналар болып табылады.
өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке толық мәнді даярлау: оның бойында жақсы қасиеттерді, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру, заңды адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, Отанды, отбасын сүюді, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу;
эканомиканың, әлеуметтік саланың, мәдениеттің, қоғамның, ғылым мен технологияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жас ұрпаққа білім беру, оны жинақтау, сақтау, көбейту;
Республикада тұратын халықтардың арасындағы қарым-қатынастардың әділдігіне, сондай-ақ адам мен қоғам, адам мен мемлекет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігіне кепіл болатын өзара үйлесімді білім беру саясатын жүргізуге кедергі келтіретін наным-сенімдерді, адасушылықты, теңсіздікті түбірімен жою;
адам құқықтар мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілікті жоғары ұстайтын, ұлттық және діни сезімдерді құрметтейтін, өз елінің патриоттарын, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекеттің азаматтарын тәрбиелеу, басқа халықтардың тіліне, дәстүрі мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу;
балалар мен жастардың жан-жақты және уақтылы дамуы, олардың шығармашылық қабілеттерін, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өзін іс-жүзінде көрсету;
балалар мен жастардың бойында тұтас дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды, этносаралық қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастыру.
азаматардың бүкіл өмір бойына өз білімдерін жетілдіруге ұмтылысын және соған сәйкес қажеттіліктерін ынталандырып отыру.
Қазіргі кезеңде қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары болып табылмақ.12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу жұмыстары көптеген уақытты талап етеді.
Оқушының жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды мәселелердің бірі. Жалпы білім беретін мектептерде 1 – сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен педагогикалық-психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару – бүгінгі күн талабы.
Мектепке жаңадан келген оқушы даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастан кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни оқушының құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі оқушы психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай-күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер оқушының мектептегі оқуға педагогикалық – психикалық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады.
Жол ережесі баршаға ортақ
Г.Р.Мамытова,
№24 орта мектебі, химия пәні мұғалімі
Астана қаласы
Жол қозғалысы қауіпсіздігі-ең маңызды, әрі негізгі мемлекеттік мәселе. Осы мәселені шешу кезінде аса назар аударылатын жайт, ол жол қозғалысы мүшелерінің ішіндегі ең кішкентай жаяу жүргіншілеріміз-оқушылар.
Биыл балалардың алдында жаңа оқу жылы басталды. Бұл кезеңдерде оқушылардың арасында өз жөнімен жолда жүру ережесіне сай жүріп үйрене қоймаған 1 сынып оқушылар легі келіп қосылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау- ұлттың болашағын сақтау деген сөз. Бұл мәселе қазіргі күні өзекті күйінде қалып тұр: жыл сайын жол – көлік оқиғаларының саны өсуде, одан қаншама бала өмірімен қоштасып, қаншасы ауыр жарақат алып отыр. Осы мақсатта №24 орта мектепте жолда жүру ережелері бойынша сабақтар 1-4 сыныптарда – I жартыжылдықта, 5-8 сыныптарда - II жартыжылдықта жүргізіледі.
Сонымен қатар мектепте оқушылар арасынан «Жас сақшы» тобы құрылып, олар бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін насихаттайды және аудандық, қалалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарды алып жүр.
Қаңтар айында Астана қаласы №22 орта мектепте Жолда жүру ережелері бойынша аудандық «Қабырға газеті» сайысы өтті. Осы сайыста «Жас сақшы» тобы III орын алып, дипломмен марапатталды.
Ақпан айында Астана қаласы № 52 орта мектепте Жолда жүру ережелері бойынша аудандық «Насихат топтары» сайысына және №51мектепте өткен «Сап түзеп, ән айту» сайысына белсене қатысқаны үшін «Жас сақшы» тобы дипломмен марапатталды.
Жолда жүру ережелері бойынша мектебімізде айлық 1 қыркүйектен - 1 қазан аралығында өтті.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүру ережелері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру. Бір ай көлемінде жоспарланған практикалық сабақтар, тәрбие сағаттары, сайыс сабақтары өткізілді. Үшінші қабатта көрнекіліктер ретінде «Жол ережесі баршаға ортақ» тақырыбында қабырға газеттері ілінді.
Көше күтпеген жағдайларға толы тақырыбында - Бейсенова П.И. «Жас сақшы» тобымен бастауыш сынып оқушыларына практикалық сабақ жүргізді. «Жас сақшы» тобы төменгі сынып оқушыларына жаяу жүргіншілер өтпесінен қалай өту керектігін, топпен жүргенде қалай жүру керектігін практика түрінде көрсетіп үйретті.
Жолда жүру ережелері бойынша айлық өз дәрежесінде жақсы өтті. Жолда жүру ережелерін насихаттау жалғасын тауып, мектебімізде жыл бойы жүргізіледі.
Жаяу жүргінші жаяужол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс.