-Балалар, аналарыңа балалық ақ жүректеріңмен айтқан ақ тілектерің қабыл болсын,-деп дәптерімізді ашып күннің шартын жазайық.
Жаңа сабақ
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде біздер қандай мерекелерді тойладық?
-8 наурыз аналар мерекесі және 22-наурыз ұлыстың ұлы күні.
-Көктем мезгіліндегі сондай мерекелердің бірі 12 сәуір –Ғарышкерлер күні.Себебі 1961жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин ғарышқа ұшты.(Гагариннің портретін көрсету) Сондықтан 12 сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
220-жаттығу.
1.Өлеңді оқушыларға іштей оқыту.
2.Өлең шумақтарын бірнеше оқушыға оқыту.
3.Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар.
-Өлең кім туралы айтылған ?
-Тоқтар Әубәкіров кім?
-Тағы қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
-Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазыңдар. Әубәкіров, Тоқтар, Гагарин сөздерінің астын сызыңдар.
-Бұл сөздер неліктен бас әріппен жазылған деп ойлайсыңдар?
-Кісінің аты-жөні бас әріппен жазылады.
221-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазады.Бұл сөздердің бас әріптен басталып жазылу себебін түсіндіреді.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
222.Буындардан сөз құра.
№2 жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
1.Көркем жазу.
2.Оқушылар өз отбасындағы адамдардың есімдерін емлеге сәйкес жазып шығады.
Төмендегі сөздердің ішінен бас әріппен жазылатын сөздердің астын сыз.