Просмотр содержимого документа
«Баланы ?леуметтік орта?а бейімдеу ата – ана мен м??алімні? басты міндеті. »
Тақырыбы: Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу ата – ана мен мұғалімнің басты міндеті.
Мақсаты: Бала келешегі үшін жауаптылықты сезіндіру, пікір алмасу .
Көрнекілік: Интерактивті тақта, ватман,маркерлер, түрлі – түсті қағаздар.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар. Қазіргі кезде бала тәрбиесіне дұрыс қарамайтын, немесе ата-аналар жиналысының оқу-тәрбие процесіне ешқандай пайдасы жоқ, онда барып жай уақытымды кетіргенше үйге барып бір шаруамның шетін қайыра берейін деп ойлайтын ата-аналар бар.Бұған біріншіден ата-ананың сауатсыздығы, екіншіден мұғалімнің жиналысты дұрыс, сауатты, тиімді етіп өткізе алмауы себеп деп ойлаймын.Бүгін мен сіздерге ата-аналар жиналысын өткізу үлгісін көрсеткім келеді.
1.Шақыру: Бірінші біз ата-аналарды жиналысқашақыруымыз керек.Сіздер қалай шақырар едіңдер?(Ойларын тыңдау).Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған кезінде, мен сіздерге СМС арқылы шақыру түрін ұсынар едім.
2.Көңілді ахуал туғызу: Ата-аналар жиналғанша әдемі ән жүргізіп қойып, слайд арқылы оқушылардың әртүрлі суреттері көрсетуге болады. (Жұмыстан шаршап, көңілсіз келген кез – келген ата – ана, балаларының түрлі-түрлі, қызықты суреттерін көрген көңіл – күйлері көтеріледі.)
3.Мұғалімнің бастама сөзі: -Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар.Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы: « Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу ата – ана мен мұғалімнің басты міндеті» СЛАЙД. Бұл тақырыпты алған мақсат балаларды өзін қоршаған ортаға бейімдеп, келешек өмірде өз орындарын қиындықсыз таба білуге үйрету туралы ой бөлісу.Баланың келешегі үшін сіздермен бірге мұғалім де жауапты.
Сондықтан осы тақырып төңірігінде әңгімелесіп, ойымызды ортаға салайық.
- Бала жердің гүлі.Сол гүлді уақытында суарып, күтіп-бақсақ қана гүл құлпырып, жайнап өседі.
4.Ата – аналарды 3 топқа бөлу.Қызыл, көк, сары, түсті дөңгелектерді өздері таңдап алады.Әр столға осы түстес шарларды қойғаннан кейін, әр ата-ана қолындағы қағаз түсіне байланысты топқа бөлініп отырады.
Әр топқа ноутбук беріледі.Жұмыстарын қорғау үшін интернеттің көмегіне сүйенуге, слайд жасауға болады.
Бала тәрбиесі туралы 3 видео роликтер көрсетіледі. РОЛИКТЕР
Жиналысқа топтарға кеңесшілер ретінде мектеп психологы және медбике қатысады.Әр топта қызыл және көк дөңгелектер болады.Психологтың көмегі керек болса көк дөңгелекті, медбикенің көмегі керек болса қызыл дөңгелекті көтереді.Бұл арқылы ата-аналар мен мектеп психологы, медбике арасында байланыс болады және олардан пайдалы кеңестер алады.
Ереже:
1.Талқылап, ойларын ортаға салу үшін 15 минут.
2.Қорғауға әр топқа 5-10 минут
5. Сау баланың әні де, сәні де жарасып тұрады.Баршаңыздың балаларыңыз дені сау, бақытты бала болып өссін деген тілекпен би мен әндерімізді сіздерге арнаймыз.(Балалардың ән айтып, би билегендері ата-аналарды: « менің балам неге қабілетін көрсетпейді, менің де баламның бойында бір ерекше талант бар шығар» деген ой салады деп ойлаймын)