І. ?йымдастыру кезе?і Психологиялы? дайынды?. Біз ?ашанда біргеміз С?гілмесін іргеміз ??шып к?нні? шуа?ын Кездесейік ?уанып ІІ. ?й тапсырмасын тексеру. С?ра? - жауап: - М?рат кім болуды армандады? - Бала М?ратты? арманы ?алай іске асты? - Те?ізшіге ?андай мінез - ??лы? керек деп ойлайсы?дар? - Сені? арманы? ?андай? Ба?ыт с?зін топтастыру. Сырбай М?уленов - 17. 09. 1922, ?останай облысы Жангелдин ауданы Тор?ай ауылында д?ниеге келген — а?ын, Халы? жазушысы. М?уленовті? ал?аш?ы ?ле?і 1937 ж. Жамбыл облысы “Колхозшы” газетінде жариялан?ан. А?ынны? “?ле?дер” атты т???ыш жыр жина?ы 1948 ж. жары? к?рді. ?аза? поэзиясында лирика жанрын дамыту?а елеулі ?лес ?ос?ан а?ынны? бірі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Балаларды? ба?ыты»»
Сабақтың тақырыбы: Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов Сабақтың мақсаты: а) Өлең авторымен танысу. Өлеңді талдау арқылы өмірдегі құндылықтардың, қасиетті ұғымдардың парқын ажырата білуге мүмкіндік беру. б) «Бақыт» сөзіне сөз тіркестері мен көркем сөздер тізбегін құру арқылы сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасау. в) Бақыт не екенін сезіндіру. Отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Біз қашанда біргеміз Сөгілмесін іргеміз Құшып күннің шуағын Кездесейік қуанып ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап: - Мұрат кім болуды армандады? - Бала Мұраттың арманы қалай іске асты? - Теңізшіге қандай мінез - құлық керек деп ойлайсыңдар? - Сенің арманың қандай? Бақыт сөзін топтастыру. Сырбай Мәуленов - 17. 09. 1922, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келген — ақын, Халық жазушысы. Мәуленовтің алғашқы өлеңі 1937 ж. Жамбыл облысы “Колхозшы” газетінде жарияланған. Ақынның “Өлеңдер” атты тұңғыш жыр жинағы 1948 ж. жарық көрді. Қазақ поэзиясында лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақынның бірі. Балалардың бақыты Аспан тұрса күлімдеп, Айқын биік орнатып. Ақса бұлақ гүрілдеп, Балаларға сол бақыт. Балаларға сол бақыт - Болса Отаны аман – сау. Басын бұлтқа байлатып, Тұрса асқақтап Алатау... Балаларға сол бақыты – Аман болса әкесі, Қатар өссе тәтесі, Аман болса анасы, Жүрсе алдында ағасы, Болса мөлдір өзені, Болса байтақ даласы! ІІІ. Оқулық пен жұмыс. Мағынаны тану. 1. Түсінуге қиын сөздерді белгілеу. 2. Тізбектеп оқу Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық Бір отырып, бір тұрып Жоғары төмен қарайық Солға, оңға бұрылып Орнымызға қонайық
ІV. Жұппен жұмыс. «Бақыт ағашын» топтастыру Шығармашылық тапсырма Өлең ұйқасын тап: Таң шуағы арайлап, Дала нұрға... Балалардың барлығы Ұйқысынан... V. Бақыт әлеміндегі жұмбақтар 1 - жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал - мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз? (Ата) 2 - жұмбақ: Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол көкеңнің Білер оны сұрағын. Ол кім? (Атаң) 3 - жұмбақ: Бұл кім? Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп Түнде бесік таянған Аялы қолда талпынтқан Айналасына ас қойып Өзенді көлдей шалқытқан Қолын қатты тигізбей Кірлі көйлек кигізбей Иісін жұпар аңқытқан Қаймақты сүттей қалқытқан Суық болса жөргегі Қорғасындай балқытқан Бұл кім? (Ана) 4 - жұмбақ: Әлпештеп өзіңдей өсірген, Нағашы әжеңнің баласы Төрінде жалпиып көсілген Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? (Анаң) 5 - жұмбақ: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (Ана) 6 - жұмбақ: Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, тағы да басқа жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім? (Әке) 7 - жұмбақ: Атаңның баласы Кей кезде таласып Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге Ол кім? (Әкең) 8 - жұмбақ: Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (Әже) 9 - жұмбақ: Аймалайды күнім деп Мейірімді жүзі күлімдеп Тәтті - ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп Ол кім? (Әжең)
VІ. Суретпен жұмыс. Бекіту. “Сөздерді аяқта” ойыны: 1. Әр кімнің.................................... 2 Бақыт сөзін тіркестіріп айт............................ 3. Бақыт деген........................... Бақыт деген немене? Айтшы білсең егер де, Бақыт деген немене? Бақыт деген, шырағым Мынау әсем тұрағың. Ну ормандар, гүл бағы, Күннің күліп тұрғаны БАҚЫТ - гүлі далаңның Алақаны анаңның Ботам деуі әжеңнің Тыныштығы әлемнің. Қайда бақыт мекені Қалай оған жетеді? Адал еңбек етесің Сонда ғана жетесің. Үй тапсырмасы: 1. Балалардың бақыты оқу мәнерлеп 2. Отбасы бақыты әңгімелеу Бағалау. Балардың білімдерін бағалау.