Ма?саты: О?ушыларды? адам ???ы?ы, оны? ішінде бала ???ы?ы ж?нінде т?сінігін ке?ейту,?рбір адам ?з ???ы?ын біліп, ?згені? ???ы?ын б?збау?а ?йрету, ???ы?ты? т?рбие беру.
К?рнекілігі: За?, т?ртіп туралы на?ыл с?здер, кітап к?рмесі, ?Р Конституциясы.
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і.
Психологиялы? дайынды?
Ма?сатымыз, білім алу
Міндетіміз, е?бектену
?р о?ушы ?з ???ы?ын білу,
Оны ?мірде пайдалану.
М??алім с?зі: Балалар, за? дегеніміз – ?о?амны? негізгі тірегі. ?о?ам деп отыр?анымыз мына біздер.
Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев «Конституция – б?л да ел р?міздеріні? бірі. Сонды?тан негізгі за?ды елді? Туы, ?н-?раны ж?не Елта?басы секілді ?адірлеу, ??рметтеу – бізді? парызымыз» – деген.
Конституция – елді? барлы? ережелері жина?тал?ан мемлекетті? негізгі ??жаты. Сонды?танда біз оны Ата За? деп ??рметтейміз.
2002 жылы тамызда ?аза?станда «Бала ???ы?ы туралы за?» ?абылданды. Б?л за? 9 тарау, 53 баптан т?рады. 2002 жылы 2 ?ырк?йекте ?аза?стан «Бала ???ы?ы туралы конвенция?а ?ол ?ояды», с?йтіп ?аза?станны? «Балалар ???ы?ы туралы за?ы» енгізілді.
?аза?станда балаларды? ???ы?ын ?ор?ау туралы атаулы к?ндер берілген.
1 – маусым
Балаларды ?ор?ауды? халы?аралы? к?ні
20 – ?араша
Балаларды? д?ниеж?зілік к?ні
10 – желто?сан
Адам ???ы?ы к?ні
К?рініс: Бекзат пен Н?рболды? парта?а таласуы.
С?ра?: Бекзат пен Н?рболды? арасында?ы дауды сендер ?алай шешкен болар еді?дер?
Просмотр содержимого документа
«Бала ???ы?ы-асыл ?азына »
Тақырыбы: Бала құқығы – асыл қазына.
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
Адам құқығы күні
Көрініс: Бекзат пен Нұрболдың партаға таласуы.
Сұрақ: Бекзат пен Нұрболдың арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?
(Оқушылар ойын тыңдау)
Сұрақ: Сендергебала құқығының қандай түрлері таныс?
-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.
-Мен демалуға құқықтымын.
-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.
-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.
-Мен дүкенге баруға,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
-Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
Көріп отырсыздар, 2 сынып оқушылары өз азаматтығы жайында көп біледі екен.Олар мұны кітаптан емес,өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына,неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.
Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.
-Ең бірінші мен өмір сүруге,оқуға,дем алуға,қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес,бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
-Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.