kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бақыт іздеушілер" ертегілік қойылымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бақыт іздеушілер

Қатысқандар:

Автор:- Досыбай Ильяс

Үлкен баласы:-Мұратқанов Жасұлан

Ортаншы баласы:-Сағынбаев Нұрәли

Кіші баласы: -Марат Әлішер

Шал: ата-ана-Құрманиязов Қанат

Патшайым:  -Құлдықбаева Еркеназ

Көмекшілері:-Абдулла Гүлденай, Бакиева Айша

Бақыт: -Сембай Адия

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бақыт іздеушілер" ертегілік қойылымы»


5 мектеп-лицей







(«Балалар кітабы» апталығында өткізілген ертегілік қойылым)



Бақыт іздеушілер



Өткізген: Дәрменқұлова Л.Ж.

2 А сынып









2018-2019 оқу жылы



Бақыт іздеушілер

Қатысқандар:

Автор:- Досыбай Ильяс

Үлкен баласы:-Мұратқанов Жасұлан

Ортаншы баласы:-Сағынбаев Нұрәли

Кіші баласы: -Марат Әлішер

Шал: ата-ана-Құрманиязов Қанат

Патшайым:  -Құлдықбаева Еркеназ

Көмекшілері:-Абдулла Гүлденай, Бакиева Айша

Бақыт: -Сембай Адия

Автор: Ертеде бір бай болыпты, байдың үш баласы болыпты. Бір заманда байдың шаруасы кеміп, азая бастайды. Күннен-күнге күн көрісі қиындап бара жатқан соң, байдың үш баласы ақылдасып, кәсіп етуге шығады. Үлкен баласы:

Үлкен баласы:-«Мен Астраханға барып, балық аулауды кәсіп етемін»,—

Автор: дейді. Ортаншы баласы айтады:

Ортаншы баласы:«Тұзкенінде кәсіп көп, мен сонда барамын»,—

Автор:дейді. Сонда тұрып ең кіші баласы:

Кіші баласы: «Мен бақыт іздеймін»,—

Автор: дейді. Айтқандарындай: үлкен баласы Астраханға, ортаншысы Тұзкеніне кетеді. Кіші баласы бақыт іздеп шықса, бір теректің түбінде жылап отырған шалға тап болады.

Жігіт: — О, не қылған жансың, неге жылайсың?—

 Шал: Мен не заманнан бері осы терекпен күн көріп келе жатыр едім. Қазір терегім қуарып, жапырағы түсіп, жеміс беруден қалды. Мен соған жылап отырмын, ал өзің қайда барасың?—

Жігіт: — Бақыт іздеп барамын,

Шал: — Егер де сен бақытты тапсаң: не себептен менің бұл терегім жеміс бермей қалды екен, соны сұрашы.

Жігіт: «Жарайды, сұрайын»,—

Автор:деп жігіт жолға шығып, бір патшайымның үйіне келеді. Амандасып болған соң, патшайым ол жігіттен:

  Патшайым:  «Не қылып жүрген адамсың, қайда барасың?»

Жігіт: «Мен бір бақыт іздеп жүрген жанмын»

  Патшайым:  «Егер де, сен бақытты тапсаң, не себепті мен осынша бай болсам да, қаншама әскерім болса да, соғысқан патшаларымнан жеңіліп қала беремін, соны сұрашы»,—

Автор:дейді. Жігіт патшайымның үйінен шығып, көп жүріп, шаршап-шалдығып бір таудың түбіне келіп дем алайын деп жатып, ұйықтап қалады. Бір уақытта жігіт басын көтеріп қараса, бір ақ киімді, ақ шалмалы адам оятып тұр екен. Жігіт әлгі адамнан:

Жігіт:«Не қылған жансың, саған не керек?»

Бақыт: — Мен сені іздеп жүрген бақытпын. Үйіңе қайт, барған соң тілегіңді беремін.

Жігіт:— Қайтайын, бірақ біреулердің маған тапсырған аманаттары бар еді, оны қайтемін?

Бақыт: «Ол қандай аманат еді?»

   Жігіт:— Мен сізді іздеп келе жатқанда, шал бір теректің жемісімен күн көреді екен, қазірде сол шалдың ағашы жеміс беруден қалыпты. Сол не себептен екен, соны сұрап біл деп еді. Олардан басқа бір патшайым: «Мен әрі күшті, әрі баймын, көп әскерім де бар. Бірақ соғысқан патшалардан жеңіле беремін, соның себебін сұра деп еді».

Бақыт:— Шалдың ағашының емі: ол ағаштың түбінде бір өгіз тұлып алтын бар, сол алтынды алып, орнына топырақ толтырсын, сонда ағашы жеміс береді. Енді патшайымның емі: ол патшайым өзі асыл патша екен, бірақ сондай бай, әрі күшті болса да, ол еркек патшалармен соғысқанда әйел болғандықтан жеңіліп қалады екен. Ол тұрмысқа шықса, жер үстінде онан күшті патшайым болмайды екен.

Автор: Бұл аманаттарының бәрін біліп, жігіт үйіне қайтады. Жолда ол жігіт патшайымға келеді. Патшайым жігітті тіпті ұмытып кеткен екен:

  Патшайым: — Сен кімсің?

 Жігіт: — Мен бақыт іздеп бара жатқанымда сіздің үйде болып едім; сонда сіздің маған тапсырған бір аманатыңыз бар еді. Соны айтуға келіп едім.

Патшайым:  — Жә, маған не хабар айтасыз?

Жігіт:   — Сізге бақыт тұрмысқа шықса, тағын күйеуіне берсін. Егер де сіз сол айтқандарды істесеңіз, бұл дүниеде сізден күшті патша болмайды деді.

  Патшайым: — Мен саған тұрмысқа шығайын, тағымды да берейін, сен маған ер бол.

Жігіт:   — Жоқ, мен аулыма қайтам, маған бақыт үйге қайтуға қосты.

Автор:— дейді жігіт. Сөйтіп, жігіт патшалықты алмай келе жатса, жолда баяғы шалға тап болады. Шал жігітті көргеннен-ақ танып:

 Шал:— Жә, бақытты таптың ба? Менің ағашыма не себепті жеміс шықпайды екен?

Жігіт:   — Бақытты таптым, ол саған айтты: ағаштың түбінде бір өгіз тұлып алтын бар екен. Соны алып, орнына топырақ салса, ағашың жеміс береді деді.

Автор:— дейді. Бұны естігенде шал қуанып жігітке:

Шал: «Шырақ, кел, ендеше, маған сол алтынды алуға көмектес».

Автор:— дейді. Жігіт шалға болысып, екеуі өгіз тұлып тағы алтынды қазып алып, орнына топырақ салғанда, ағаш гүлдеп, дереу жеміс бере бастайды. Жігіт кеткелі жатқанда шал оған айтады:

  Шал: — Қайда барасың, осында қал. Бұл өгіз тұлып тағы алтын екеумізге де жетеді, екеуміз осы ағаштың түбінде тұралық,

 Жігіт:  — Бақыт үйіме баруға қосты. Мен үйіме қайтамын.

Автор:— дейді. Сөйтіп, жігіт патшалықты да, өгіз тұлыптағы алтынды да алмайды.

Шал:   — Ә, түсіндім, сені бақыт сынау үшін жіберген екен. Сен сыннан сүрінбей өткен екенсің. Сірә, енді бақытыңды табарсың.

Автор:— дейді шал. Айтса айтқандай, әлгі жігіт адалдығының арқасында мұратына жетіпті.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Бақыт іздеушілер" ертегілік қойылымы

Автор: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Дата: 08.04.2019

Номер свидетельства: 506463


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства