Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | .Шаттық шеңбері. Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз Қасымызда досымыз! Балалар, біз қайда тұрамыз? «Ғарыш» деген не? «Ғарышкер» деген кім балалар? «Ғарышқа» немен ұшамыз? «Ғарышкер» болу үшін не істеу керек? | Шаттық шеңберін айтады.Өз тілектерін айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Балалармен әңгімелесу. «Ғарыш деген не?», «Қазақтың ғарышкерлері» Балалар біздер жер бетінде тіршілік етеміз. Біздің әрқайсымыз өз үйіміз және де туған жеріміз бар. Сол жер бетінде біз тұрып жатырмыз. Егеменді ел болып өзіміздің мақтан тұтар мерекелеріміз бар сол мерекелердің бірі 12 – сәуір «Ғарышкерлер күні». Ғарышкерлер суреттерін көрсете отырып таныстыру. Бізде қазақ ғарышкерлер ағаларымызды мақтанышпен есімдерін айтамыз. Ең бірінші ғарышкер ағамыз Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ал, екінші ғарышкер ағамыз Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы. Осы ағаларымыздан бұрын ғарыш әлеміне сапар шеккен Юрий Гагарин. Ғарышкерлердің арнайы киімдері болады. Оны - скафандр дейді. «Жұлдыздар, олар қандай?»; «Күн жүйесі дегеніміз не?». Дидактикалық ойындар Ойын: «От, ауа, су, жер» Мақсаты: Балаларды зеректілікке, байқампаздыққа, есте сақтау қаблеттерін дамыту. Ойын шарты: От – дегенде қолды жанға созу, су дегенде – екі қолды алға сермеп жүзу, жер – дегенде отыру, ауа- дегенде қолды көтеру. | Ғарышкер киім киеді, жермен байланыс жасайды, зымыранды басқарады, аспаптың жұмыс істеуін бақылайды, жалынды аймақты анықтайды, көргендерін бас ғарышкерге хабарлайды, апаттық жағдайларды жояды, ашық ғарышқа шығады, бейтаныс планетаға кемелерін қондырады. Ғарышкерлер ағаларымызбен танысты, суреттерін қарады. Тәрбиеші әңгімесін мұқият тыңдады. Скафандр- ғарышкер киімінің суретін қарады. Балалар ойынға белсенеы. |
Іс- әрекеттің бағалау кезеңі | Шығармашылық жұмыс: 1.Ғарыш кемесі пішіндерден жапсыру. 2.құрастыру. 3.зымыран суретін салу. Оқу іс -әрекет соңында балаларды рөлге бөліп ғарышкерлер ойынын ойнау арқылы қорытындылады. | Балалар әртүрлі пішіндерден зымыран бейнесін құрастырды. Сурет салды,ғарыш кемелерін жапсырады. Балалар өз рөлдерін шеберлікпен ойнай білді. . |