Баяндама на тему "Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін арттыру"
Баяндама на тему "Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін арттыру"
Егеменді елді? жас ?рпа?тарын т?рбиелеу, талап?а сай білім беру, б?гінгі к?нні? уа?ыт к?ттірмес м?селелеріні? бірі болып табылады. Сонды?тан да бастауыш мектеп алдында бала?а ж?йеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ?ана беріп ?оймай, оны жалпы дамыту, я?ни с?йлеу, о?у, ?орша?ан орта ж?нінде д?рыс к?з?арас ?алыптастыру, жа?дайларды объективті т?рде ба?ылап, талдау жасау?а ?йрету, ойын д?рыс жеткізе білуге, д?лелдеуге, с?йлеу м?дениетіне, шы?армашылы? ба?ытта ж?мыс істейтін, біртума ойлау ?абілетімен ерекшеленетін жеке т?л?а ?алыптастыру міндеті т?р.
Дамыта о?ытуды? да басты ма?саты - баланы о?ыта отырып, оны шы?армашылы? ба?ытта жан - жа?ты дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама на тему "Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін арттыру"»
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы.
«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
№6 жалпы білім беру орта мектебі» ММ.
Бастауыш сынып мұғалімі: Исашева Куланда Битимбаевна
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілетін арттыру.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Мектепте ана тілі сабағында өнер өкілдері мен оның туындылары кеңінен насихатталады. Ал оқушы сөз өнерін өзі пір тұтып , өзі сүйіп айналысуы тиіс. Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары , әдіс - тәсілдері, мазмұны қандай? Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
Шығармашылық тапсырманың мазмұнын , түрін ойлап табу;
Шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс- тәсілін меңгеру.
Көркемдік шешім табу , оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағыдайларды тудыра білу;
Бастауыш сатыда Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.
Кейіпкерлерге мінездеме бергізу
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу
Рөлге бөліп оқыту
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы және дидактикалық ойындар т. б.)
Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, журналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. «Шығармашылық» сөзінің төркіні /этимологиясы/ «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді.Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймын. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі.
Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру» , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен. Мысалы:
Бейнені құрастыр
Ойынның тәрбиелік мәні. Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.
Қажетті көрнекіліктер. Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін бағыттауға арналған үлгі суреттер.
Ойын ережесі.
а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;
ә) бейнені белгелі бір затқа ұқсата құрастыру;
б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?
Ойынға басшылық:
Тәрбиеші желкенді қайық, аққара т.б. формалар мен түр-түстерде жасалған қиықтардан жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.
Тапсырма:
Алдарыңда жатқан қағазда және тақтада ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар бар (пішіндер).
Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болады?
Осы және басқа фигураларды құру арқылы баланың бейнелік, бейнелі - сюжеттік т.б. ойлау түрлері қалыптасады.
Заттар мен құбылыстардық ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы тағыда басқа көптеген ұғымдарды меңгеруіне мүмкіндік туады.
Осы жерде мысалы ретінде балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.
Осы сияқты көптеген фигураларды жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса бастайды. Ол ассоциативтік ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді.
Шығармашылық ойындарды қолдану арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады. Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.
Ойынның тәрбиелік мәні:
- әдемі гүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;
- қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру;
- гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру;
Қажетті көрнекіліктер:
- әдемі гүлдер суреттері;
- қиылған әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;
- құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет;
- тақта, мольберт немесе фланелограф.
Ойын ережесі:
а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау;
ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;
б) гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, өсемдікті әсерлеу.
Ойынға басшылық:
Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.
Сабақтың басында бұрынғы сабақтарда суретін салған заттардың формаларын, оларды үйлесімді құру тәсілдерін ойға түсіріп, қайталау жүргізу қажет. Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.
Тапсырманы орындау барысында балалардың шығармашылығын одан әрі дамыту үшін тек берілген фигураларды ғана қолданбастан, әр бала өз қиялындағы табиғаттың көптеген көріністерін есіне түсіріп, тіптен тәжірибесінде болмаған, фантастикалық өсімдіктердің гүлдерін де салуына мүмкінішілік берген дұрыс. Нәтижесінде кейбір балалардың суретінде ғажайып бақ, онда өсіп тұрған гүлдер табиғатта кездесетіндерге ұқсағаны мен өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталатын болып шығуы әбден мүмкін.
Шығармашылық тапсырмалар ата-аналарының шаруашылық жұмыстарымен, орындайтын қызметімен, отбасында қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың көркемделуімен байланысты болуы да мүмкін. Тақырыбы қанша қилы болса, оның баланың шығармашылық ойын дамытуға тигізетін әсері сонша әсерлі болып келеді. Осы мәселені ескере отырып сабақтағы тапсырмаларды сабақтан тыс өткізген машықтарда жалғастырып, баланың ойлау қабілетін одан да терең дамытуға болады деп есептеймін.
П а й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р :
1. Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан 1990 жыл
2. С. А. Көшкімбетова, Т. К. Кенжебаев
«Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жолдары». 2004 ж.