kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БА?ДАРШАМ Ж?НЕ К?ЛІК Т?РЛЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Балаларды? к?лік туралы білімдерін ке?ейту, к?лік т?рлерімен таныстырып, оларды? атауларын ме?герту.

2. К?лік т?рлерін ажырата алу, ??сас к?ліктерді табу,жолда ж?ру ережесін са?тау?а т?рбиелеу, білімділікке ша?ыру.

3.Адамдарды? пайдалы іс-?рекеттерін ба?алап, о?ан ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БА?ДАРШАМ Ж?НЕ К?ЛІК Т?РЛЕРІ »

Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекеті бойынша

мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған

«БАҒДАРШАМ ЖӘНЕ КӨЛІК ТҮРЛЕРІ»

ашық сабағы



Бисенова Индира Сеильхановна

Қызылорда облысы, Төретем кенті №85 орта мектеп


Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік сала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Бағдаршам және көлік түрлері

Мақсаты:1.Балалардың көлік туралы білімдерін кеңейту, көлік түрлерімен таныстырып, олардың атауларын меңгерту.

2. Көлік түрлерін ажырата алу, ұқсас көліктерді табу,жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу, білімділікке шақыру.

3.Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес ашық сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Ұшақ, тікұшақ, бағдаршам, жолақ,АКТ

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

«Шаттық шеңберін» құру

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!

«Шаттық шеңберін» құрып, әндетіп тұрып,қайталап, бір-бірімен сәлемдеседі.Бір-біріне жылу сезімдерін білдіреді.

Іздену ұйымдастыруышы

Тәрбиеші автобустың суретін көрсетеді.

-Балалар, қазір мына автобусқа отырып, көлік түрлерімен танысамыз.

Көлік түрлері жайлы түсінік беру:

Слайд арқылы ауа, жер, су көліктерімен таныстыру.

-Мынау –кеме,қайық.Олар су көлігі. Тік ұшақ-ол әуе көлігі.Мыналар-машиналар, поезд. Олар жер көлігі.

-Ал, балалар, енді жолда жүру ережесімен танысайық.

-Мына параққа белгілердің бірін салайық.

-Бағдаршамның қай түсі жанғанда тоқтаймыз?

-Қай түсі жанғанда дайындаламыз?

-Қай түсі жанғанда жүреміз?

Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суреттегі көлік түрлерін ататып, олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету.

«Жолдан өте аласың ба?» дидактикалық ойыны

Шарты: екі топқа бөлініп,ауыл мен қала «көшелерінен» өтеміз. І топ- ауыл көшелерінен өтсе, ІІ топ- қала көшелерінен, яғни бағдаршамға, жол белгілеріне қарап өтулері керек./Одан кейін орындарын алмастырады./

-Ал сендер жаңа «көшелерден» өтіп жүргенде бізге белгісіз біреу «Ашық хат» тастап кетіпті.Ашып көреміз бе?

-Ой, балалар, мұнда жұмбақтар бар екен, қанекей,мұқият тыңдайық.

1.Төбесінде ебелек,ұшады өзі керемет.

2.Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар.

3.Құстан аумайды, көкке заулайды.

4.Сымға асылып, жүр асығып.

5.Аяғы жоқ, қолы жоқ, не жүретін жолы жоқ, Мініп алсаң заулайды, бірақ ізі қалмайды,ол не?

6.Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта.

Барлығы «автобусқа отырады».

Балаларға тақырыпты қызығушылықпен жеткізеді.




Түрлі көліктер туралы білетіндерін айтады.


Сурет арқылы түрлі белгілермен танысады.

Балалар бір белгінің суретін салады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.






Балалар іс-әрекет арқылы қимылдар жасайды.







Тақтадағы суреттерге қарап әңгіме құрайды.




Балалар екі топқа бөлініп,жолда жүру ережелерін с ақтай отырып, «көшелерден» өтеді.






«Ия» деп жауап береді.

(Тікұшақ)

(Трамвай)

(Ұшақ)

(Троллейбус)


(Кеме)


(Бағдаршам)


Рефлексивті

Коррекциялаушы

Сабақты қорытындылау.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Көлік түрлерін ата.

2.Әуе шары көлік түрлеріне жата ма?

3.Бағдаршам қызыл жанғанда жүруге бола ма?

4.Жолда жүру ережесін қайталайық



Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: Көлік түрлерімен танысып,бағдаршам және жолдағы белгілер туралы білуі.

Біледі: Әрбір көлік түрлерінің қызметін, бағдаршам,, белгілерді біледі.

Игереді:Адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалауды, оларға құрметпен қарауды.

Меңгереді: Өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыланады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
БА?ДАРШАМ Ж?НЕ К?ЛІК Т?РЛЕРІ

Автор: Бисенова Индира Сеильхановна

Дата: 01.11.2015

Номер свидетельства: 246330


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства