ШҚО «Мүтән Аймақов атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Исбаева К.Д.
|
|
| |
Сабақ тақырыбы | Б.Соқпақбаев.Сен ұйықтап жатқанда | ||
Жалпы мақсаты | |||
Оқытудың мақсаты | Сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс жасау,тапсырмалар | ||
Сілтеме | Интерактивті тақта, оқулық, оқыту әдістемесі, жоспар, видеоролик | ||
Оқу нәтижесі | Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.Жаңа тақырыпты өз бетімен ұғыну, сұрақтарға нақты жауап беру, өз ойларын еркін айтуға үйрену. | ||
Әдіс-тәсілдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер СТО әдісі АКТ-ны пайдалану, топтық жұмыс, кластер, өзіндік жұмыс, басқару және көшбасшылық | ||
Іс-әрекет | 1.Ұйымдастыру 2.Үй тапсырмасын тексеру 3.Жаңа сабақ 4.Үйге тапсырма | ||
Тапсырма көздері | Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс | ||
Міндеттері | Мамандықты таңдай білу, құрметтеу. | ||
Кейінгі тапсырма | Төрт түлікке қатысты тапсырмалар орындау | ||
Кері байланыс | Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау | ||
Сабақтың барысы | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
І.Ұйымдастыру бөлімі: а) Сәлемдесу. (бәрі хормен) ә) Кезекші мәліметі б) оқу-құралдарын дайындау в) топ ережесі г) сабақтың ұраны: (тақтадан оқиды) Сәрсенбі сәтті күн болсын, Қайырлы күн болсын, Сабаққа жақсы қатысып, Алғанымыз бестік болсын, Мінгеніміз тұлпар болсын, Төрт түлік ақты болсын. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (өткен сабақта бөлінген топ бойынша) 1-топ: Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу 2-топ: Құстар туралы жұмбақтар жазу 3-топ: Құстардың қалай дыбыстайтынын жазу ІІІ. Жаңа сабақ:(Сабақ тақырыбы, мақсаты айтылады) 1. Топқа бөлу: Сан қатары бойынша бөлу. Алдыңға төрт оқушы-бірінші топ. Сұрақ :- Жылқа атасы қалай аталады? Келесі төрт оқушы-екінші топ. Сұрақ : - Қой атасы, ешкі атасы қалай аталады? Келесі төрт оқушы -үшінші топ. Сұрақ:-Түйе атасы қалай аталады? Соңғы төрт оқушы - төртінші топ. Сұрақ:-Сиыр иесі қалай аталады? І-топ: Қамбар ата 2-топ:Шопан ата, Сексеката 3-топ: Ойсылқара 4-топ: Зеңгібаба 2.Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану. а) тақырыппен танысу ә) автор туралы мағлұмат А.Тоқмағанбетов (1905-1983) қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келді. Көрнекті ақын,әрі жазушы.Оның «Батыр Әлия», «Ажалды жеткен алыптар», «Берлин көшесінде» т.б өлеңдер жинағы, «Жыр күмбезі» тарихи романы бар.Ол -қазақ поэзиясында поэма жанрын өрнектеуде жемісті еңбек еткен адам. б) өлеңді өз беттерімен оқып танысу в) сөздік жұмысы: сөзуар-сөзшең, даурықты-таласты, шешімін таба алмады г) топтарға бөліп беру ғ) диалогтық оқыту д)сұрақ- жауап-Кейіпкерлер кімдер? –Болат пен Марат неге таласты? –Болаттың сұрақтарына қалай жауап береміз? 3.Топтық тапсырмалар: (сызбамен көрсету) 1-топ:- Қойдың неше түрі бар? 2-топ:- Сиырдың неше түрі бар? 3-топ:- Жылқының неше түрі бар? 4-топ: -Түйенің неше түрі бар? 5.Толықтыру. Кестемен жұмыс. 6.Сергіту сәті: 7.Топтық тапсырмалар. Сәйкестендір 8. Танымдық тапсырма:Әр топқа малдардың жасына қарай атаулары жазылған парақша таратылады. Дәптерлеріне топтарына тиісті атауларды теріп жазады. Бие, құнажын, лақ, інген, тана, қозы, тай, тайлақ, бота, тұсақ, саулық, жабағы, нар, туша, құнан, байтал, бесті, торпақ, шыбыш, ісек, аруана, теке, қошқар, бура, бұқа, құлын, дөнен, буыршын, өгіз, серке, атан, дөнежін, ат, баспақ, бұзау, тоқты. ІҮ. Білдім.Білемін. Білгім келеді (стикерге ойларын жазып жапсыру) Ү. Бағалау: Топтық бағалау,жиынтық бағалау ҮІ. Үйге тапсырма: 1-топ:Төрт түлік туралы мақал-мәтел жазу. 2-топ: Төрт түлік туралы жұмбақтар жазу. 3-топ: Төрт түлік туралы тыйым сөздер жазу. 4 топ: Төрт түлікке қатысты болжамдар жазу. |
Оқушылар сәлемдесіп, кезекші ақпар береді.
Топ ережесімен танысады.
Шаттық шеңбері құрылып, сыныптағы атмосфера қалыптасады.
Үй тапсырмасы тексеріледі.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылып, топқа бөлінеді.
.
Суретпен жұмыстар, оқулықпен жұмыстар, топтық жұмыстар, кестемен жұмыстар жүргізіледі.
Топ болып тақырыпты өзара талқылайды.
Постермен жұмыс жасайды. Топтық тапсырмалар орындалады.
Танымдық тапсырмалар орындалады. Оқушылар өздерін бағалады. Үйге тапсырма берілді. | ||