kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бəріміз тақпақ айтамыз.Буын(сауат ашу, мектепалды даярлық)

Нажмите, чтобы узнать подробности

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.1.1 Сөз/сөйлемсызбасыноқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2 Қарапайым жиектерді штрихтап салу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бəріміз тақпақ айтамыз.Буын(сауат ашу, мектепалды даярлық)»

ТАҚЫРЫБЫ: Бəріміз тақпақ айтамыз.Буын

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.1.1 Сөз/сөйлемсызбасыноқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2 Қарапайым жиектерді штрихтап салу.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөзді буынға бөліп айтады, буын санына жыратады.

Буынның графикалық белгісін таниды.

Жазуға қолдарын жаттықтырады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Сөзді буынға бөліп, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтайды.

Заттардың аттарын атап, буынға бөледі.

Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Буын сызбасы бойынша сөз құрастырады.

Сөйлем сызбасын құрастырады.

Тілдік мақсат


Тəрбиеленушілер:

Талқылау барысында сұрақтарға жауап бере алады.

Суреттер бойынша сұрақтар құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Сызба, буын, буын саны.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Суреттегі жануарлар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Буын саны көп сөзді айт?

Сенің əжең кимешек кие ме?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім


Сөйлемдегеніміз не? Сөйлемнеден тұрады. Сөздер неге бөлінеді? Сөздегі буындардың белгісін қояды.

Жоспар


Жоспарланға

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурста

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин

ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де, қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сəтті өтсін, Бəріңе сəттілік тілеймін!

(Ұ,Ө)Педагог балалардан өздерінің сүйікті тақпағын айтуды сұрайды.

– Айтқан тақпағың екінші адамға түсінікті болу үшін қалай айту керек?

Балалар өздерінің айтқан тақпақтарының мағынасы не туралы екенін айтады.

Балалардың айтқан тақпақтарының мазмұны бойынша балалар тақпақта адам, жануарлар, өсімдіктер, табиғат т.б. заттар туралы айтылатынын біледі.

Сұрақжауап

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.


(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суретке қарап отырып, педагогтің қойған сұрақтарына толық жауап беру. Сурет бойынша тақырыптың тəрбиелік мəнін, мазмұнын ашуға көңіл бөлу керек.

2-тапсырма. Бақыт Исаеваның«Жаңа тақпақ» өлеңін жаттау.

  • Тақпақ не туралы?

  • Тақпақты кім айтты? Балалар тақпақ ішінен бір буынды сөзді тауып айту керек (мен). Буынның сызбасымен таныстыру. Сөздің ішінде неше дауысты дыбыс барын анықтайды.

  • Мен тақпақты қашан жаттадым? Екі буынды сызбаға сəйкес келетін сөзді тақпақ ішінен тауып айтып, сұраққа жауап беру (кеше). Сөздің ішінде

Əліппе-дəптер


екі дауысты дыбыс барын айтады. Осындай жұмыстар арқылы педагог буын саны сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың санына байланысты екені қорытындылап айтуға жетелейді.

Балалар өздері айтқан тақпақтарының ішінен де жеңіл сөздерді буынға бөліп айтады. Балалардың бəрі білетін жеңіл буындардан тұратын тақпақты толық буынға бөліп, əндетіп айтқызуға болады. Осындай жұмыстардан кейін педагог сөздердің буынға бөлінетіндігін айтады.

3-тапсырма. Суретте берілген жануарлардың аттарын айтады. Өзінің сүйікті жануары туралы əңгімелейді.

  • Суреттегі жануарлардың қайсысы туралы тақпақ білесің?

  • Жануарлардың атын сөз сызбасына сəйкестендіріп айт.

  • Қай жануардың атауы көп буыннан тұрады?

(Ұ) Сергіту сəті

Топ-топ басайық,

Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық.

Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп.


4-тапсырма. Балалардан үйде тақпақ жаттауға кім көмектесетінін сұрау. Олардың өзіне тақпақты тез жаттап алу үшін қандай тəсілдер қолданатынын айтады.

Суретті мұқият қарап, балалар өздеріне тақпақ жаттауға көмектесетін адамның суретін табады. Атасы, əжесі немесе анасы т.б.

Оның кім екенін атайды. Бейнесін батырып сызады.

Ата, əже, ана сөздерін кітапта берілген белгі бойынша буынға бөліп айтады.

Педагог берілген жазу элементтерін қалай бастап, қалай аяқтау керек екенін ауада жазып көрсетеді. Балалар да ауада жазып жаттығады. Жазу жазған кезде дұрыс отыру, қарындашты дұрыс ұстау ережесін еске түсіреді. Қарындашты ауызға салмау, қағаз бетінде қарындашты қатты баспай ұстау ережелері де қайталанады. Төменгі жəне жоғарғы сызықтарды есте сақтап, жазуға қолдарын жаттықтырады.


IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

(Ө)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бəріміз тақпақ айтамыз.Буын(сауат ашу, мектепалды даярлық)

Автор: Көпжасарова Гаухар Асқарқызы

Дата: 03.11.2017

Номер свидетельства: 436423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства