kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б.Со?па?баев."Сен ?й?ыда жат?анда" 3-сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Енсегенова Света Саясатовна Ма??ыстау облысы, Бейнеу ауданында т?рамын. К?йкен орта мектебінде бастауыш сыныптар?а саба? беремін.Е?бек ?тілім - 30 жыл. І-санатты м??аліммін.?шінші (базалы?) де?гей ба?дарламасы бойынша м??алімдерді о?ыту курсын о?ып келдім. О?ыту мен т?рбиелеуде е? ?ызы?ты, е? тиімді ?дістерді пайдаланып, саба? сапасын арттыру?а ?лес ?осып ж?рген м??алімні? бірімін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б.Со?па?баев."Сен ?й?ыда жат?анда" 3-сынып.»



Сабақ тақырыбы

Б.Соқпақбаев «Сен ұйқыда жатқанда»

Жалпы мақсаты

Мәтінді түсініп оқу, тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту. Жаңа тақырыпты өз бетімен ұғыну, сұрақтарға нақты жауап беру, өз ойларын еркін айтуға үйрену

Оқытудың мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс жасау,тапсырмалар, бүктеме

Сілтеме

Интерактивті тақта, оқулық, оқыту әдістемесі, жоспар, видеоролик

Оқу нәтижесі

Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.Жаңа тақырыпты өз бетімен ұғыну, сұрақтарға нақты жауап беру, өз ойларын еркін айтуға үйрену.

Әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО әдісі АКТ-ны пайдалану, басқару және көшбасшылық, бағалау

Негізгі ой, идея

Мамандықтың бәрі жақсы, жүрегіңмен таңдай біл

Тапсырма көздері

Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс

Міндеттері

Мамандық иелерін құрметтеу, мамандықты сүйе білу, таңдай білу

Кейінгі тапсырма

Мамандық туралы өлең, тақпақтар

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру бөлімі:

1.Топқа бөліну

2. Сәлемдесу.

3. Кезекші мәлімет

4. Оқу-құралдарын дайындау .

5. Топ ережесі

6. Сабақтың ұраны:

Топтар бір-біріне табиғатқа байланысты тілек тілейді.

-Ормандай достарың көп болсын!

-Бұлақтай мөлдір таза бол!

-Айың оңынан тусын!

-Жұлдызың жарқырай берсін!

- Көңілің көлдей шалқысын!

-Гүлдей жайнай бер!

-Таудай талапты бол!

-Қанатың талмасын!

-Отанды сүйе біл!

-Ата-анаңды құрметте!

-Аспаның ашық болсын!

-Даламыздай пейілің кең болсын!

-Биік таудай бол!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Туған ел» жатқа айту. Туған жер, туған ел, Отан туралы мақал-мәтелдер айту

Жер – байлық көзі”, “Жер – ырыс кеңдігі”, “Жері байдың – елі бай” «Отан оттан да ыстық», «туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас»

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Ой қозғау. -Сендер түнде ұйқыға кетесіңдер, ал сол түні кімдер ұйықтамайды деп ойлайсыңдар? Себебі не?

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Олар қайда тұрады? Тұратын орындары қалай аталады?

Егер адамдар ауырып қалса, оған қандай көлік келеді?

Сен «Балдырған», «Айгөлек» деген әдемі журналдар аласың. Ол саған қалай жетеді, кім әкеледі деп ойлайсың?

- Біздің оқулықтарымыз қалай дайындалады, оны кімдер дайындайды?

2. Топ аттарын беру. І-топ: Трамвай

ІІ-топ: Троллейбус

ІІІ-топ: Автобус

ІҮ-топ: Жедел - жәрдем

Ү-топ: Баспахана

3.Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану.Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау

4) Автор туралы мағлұмат

Б.Соқпақбаев (1924-1922) Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Жазушы.ҚазҰПУ-ды бітірген. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болған. «Менің атым Қожа» деген шығармасын көркемфильмге шығарған. Көптеген өлеңдер мен әңгімелер жинағы бар: «16 жасар чемпион», «Менің атым Қожа, т.б. повестері бар. Бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған.

5.Мәтінді оқу.Тапсырмалар №3.Суретпен жұмыс.

- Қандай жұмыс түрлері көрсетілген? Әр топ әңгіме құрап айтады.

І-топ: Комбайншы

ІІ-топ: Құрылысшы

ІІІ-топ: Шахтер

ІҮ-топ: Зауыт

Ү-топ: Мұғалім

6.Сергіту сәті: «Қара жорға» билеу

7. Топқа тапсырмалар:

І-топ: Әр түрлі заттар беріледі. Олар кімге тиесілі екенін табады.

ІІ-топ: Бірнеше сөздер беріледі. Қай мамандыққа тиісті екенін айтады.

ІІІ-топ: Сәйкестендіру

ІҮ-топ: Маман иелерін бейнелеу.

Ү-топ: Сурет салу

ІҮ. Қорытындылау. Математикалық жұмбақ-есеп

Біздің үйде

Біздің үйде, қалада

Түрлі-түрлі маман бар.

Мен айтайын даралап,

Сендер кәне, санаңдар:

Талай алған бәйгені

1 ақын бар әйгілі,

2 ғалым-биолог,

3 инженер-геолог.

Білер жас та, кәрі де

4 тамаша дәрігер,

5 белгілі артист бар,

6 шофер – таксист бар.

Берер бізге көп тәлім

7 көрші –мұғалім.

Бізге киім тігуші

8 тәтей тігінші.

Зәулім үйлер салатын

9 маман құрылысшы.

Жастар үлгі алатын

10 құрметті жұмысшы.

Бәрін қосып санаңдар,

Бізде қанша маман бар?

Ү.Бағалау (жетондармен бағаланады)

ҮІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, көліктер суреттерін салу


Топқа бөлінеді.

Оқушылар сәлемдесіп, кезекші ақпар береді.



Оқу – құралдары тексеріліп, сабаққа дайындалады.



Топ ережесімен танысады.




Шаттық шеңбері құрылып, сыныптағы атмосфера қалыптасады.







Үй тапсырмасы тексеріледі.






Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылып, сұрақ-жауап алынады.








Оқулықпен жұмыстар, топтық жұмыстар, жүргізіледі.





Автормен танысады.








Топтық тапсырмалар орындалады, суретпен жұмыс жүргізіледі.





Сергіту сәті өтеді.

Топтық тапсырмалар орындалады.











Жұмбақ шешіледі.



















Оқушылар бағалады.

Үйге тапсырма берілді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Б.Со?па?баев."Сен ?й?ыда жат?анда" 3-сынып.

Автор: Енсегенова Света Саясатовна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283583


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства