Шығыс септігі қандай сұрақтарға жауап береді? (Кімнен? Неден? Қайдан?)
Атау септік сұрақтарын айт. (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)
Мектептен ерте шықтым. Сөйлемнен шығыс септікте тұрған зат есімді тап. (Мектептен)
Аралар топтасып тіршілік етеді.
Ара ана немесе ара патшасы – отбасында біреу ғана болады
Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.
Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады. Аралар отбасы негізінен жұмысшы аралардан құралған. Жақсы отбасында қысты күндері олардың саны 20 – 25 мың, ал жазда до 60 – 80 мыңнан астам болады.
ІІІ. Жаңа сабақ
« - Біз туралы толығырақ білгің келсе төмендегі
сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге
сұрақ қой. Қай септіктің сұрағы екенін анықта»
80-жаттығуды орындау.
Атасы Бекзатпен ұзақ әңгімелесті. Нағашы әжемнің үйіне пойызбен бардық. Сәкен шалғымен шөп шапты.
ТҮЙІН: Көмектес септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?деген сұрақтарға жауап береді. Көмектес септік жалғаулары: -мен, -пен,-бен.
Әрбір араның 5 көзі болады. Басының алдыңғы жағындағы 2 негізгі қозғалмалы көздері оған төңірекке «айнала» қарауға мүмкіндік береді. Маңдайындағы 3 кішкене көзшелері, тек қараңғылық пен жарықты ғана ажырата алады.
Араның көруі адамнан 150 есе артық. Ол 1 метр ара қашықтықта тұрған нүктедей нәрсенің не екенін ажырата алады.
Аралардың қандай түстерді ажырата алмайтынын білу үшін 81-жаттығуды орындау
Мақалдарды жатқа жазу, көмектес септіктегі сөздерді табу. Сөз құрамына талдау. (Инемен, отпен, сумен)
ІҮ. Сергіту сәті.
- Берілген сөздерді өз орнына қойып сөйлем құрасаңдар ара шаруашылығы туралы білетін боласыңдар.
Адасқан сөздерді орнына қойып сөйлем құрау. Қос сызықпен қоршалған сөздер қай септікте тұрғанын анықтау.
Ол адырлар мен жоталарды (т.с.) кезумен келеді.
Сөз –халықтың қымбаттан (ш.с.)қымбат кені.(С. Мұқанов.)
Таспен (к.с.) ұрғандыаспен (к.с.) ұр.
Араларды күтіп бағуды ара шаруашылығы деп атайды.
Балауыз - араның балауыз безінен бөлінетін зат. Ара одан өздеріне кәрез салады. Балауыз ежелден шырақ жасау және бальзамдау үшін қолданылған. Балауыз аяқкиім майын, бояу жасауға, т.б. пайдаланылады.
Бал – жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады .
Прополис, бал ара желімі – бал арасы организмінде түзілетін жабысқақ шайырлы зат. Түсі жасыл сарғыш, қызғылт, күрең қызыл. Дәмі ашқылтым. Құрамында өсімдік шайыры, эфир майы, балауыз бар.
Әрбір омартадан бір жазда қанша бал жиналатынын білгің келсе,
83-жаттығуды орында.
83-жаттығу:
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлем мүшесіне талдау. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айту.
Әрбір омартадан бір жазда: 90 кг бал жиналады.
Ал үлкен омарталардан 150 кг-ға дейін бал жиналады
кг бал үшін: 150 000 рет ұшу, 300 000 километр,10 000 000 гүл қажет.
- Менің қандай мамандықтарым барын білгің келе ме?
«Омарташы, ара» сөздерін септе.
Атау с.
Кім? Не?
Омарташы, ара
Ілік с.
Кінің? Ненің?
Омарташының, араның
Барыс с.
Кімге? Неге?
Омарташыға, араға
Табыс с.
Кімді? Нені?
Омарташыны, араны
Жатыс с.
Кімде? Неде?
Омарташыда, арада
Шығыс с.
Кімнен? Неден?
Омарташыдан, арадан
Көмектес с.
Кіммен? Немен?
Омарташымен, арамен
V. Сабақты қорытындылау
Көмектес септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап береді.
Көмектес септік жалғаулары: -мен, -пен,-бен.
Венн диаграммасы
Зат
есімнің
септіктері
Кімнен? Кіммен?
Кімдерден? Кімдермен?
Неден? Немен?
Нелерден? Нелермен?
Қайдан?
Шығыс Көмектес
VІІ. (Бағалау)
VІІІ. (Үйге тапсырма)
84,85-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою.
Мәтіннен көмектес септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою.