Сабақ тақырыбы: Етістік
Сабақ мақсаты: 1. Тірек сызбаны пайдалана отырып,
оқушылардың «Етістік» туралы
білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың оқу әрекетімен шұғылданып,
өз бетімен жұмыс жасау арқылы
теориялық ойлау, сөлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға тыйым сөздердің мағынасын
түсіндіру арқылы оларды
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап , талдау, ажырату,
салыстыру, топтау жинақтау,
дәлелдеу , ізденушілік.
Сабақ көрнекілігі: Тірек – сызба, кеспе сөздер,
сурет ойын түрлері, интерактивті тақта,
Power Point пезентациялары, ЭО
Сабақ барысы
І . Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылық ояту.
1 слайд. Электронды оқулықпен жұмыс «Морфология еліне саяхат»
Жұмбақ шешу.
2 слайд. Аяғы жоқ жүреді
Сылық – сылық күледі.
(су)
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.
(тотықұс)
Тілдерімен жүреді ,
Уақытты біледі.
(сағат)
Қимылды білдіретін сөздер бар ма?
Тапсырма: Етістіктерді тауып, құрамына қарай ажырату.
4 слайд. Етістік туралы не білесіңдер, соны сызбаға салыңдар. Енді өздеріңнің сызбаларыңды, мына сызбамен салыстырыңдар.
Тірек сызбамен жұмыс.
5 слайд. ІІ Операциялық – орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс: (интерактивті тақтадан беріледі)
381 – жаттығу.
Жұмбақты жатқа жазады. етістіктердің астын сызып. Дара немесе күрделі екенін айтады. Осы етістіктерді күрделі етістікке айналдарады.
Аузымен сурет салада,
Демімен ағаш жарады.
6 слайд
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны.
Жел ... Палуан ...
Күн... Радио...
Найзағай... Тапсырма...
Қой... Жаңбыр...
Қоңырау... Кино...
Мен... Әкем...
Әжем... Айгүл...
7 слайд . 3. Оқулықпен жұмыс.
385 – жаттығу.
382- жаттығуда берілген мәтінді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау. Етістіктерді бөліп алып, олардың дара немесе күрделі екенін айт.
8 слайд.
4 . «Жалғасын тап» ойыны.
Оқысаң... сусын ішесің
Аяғың ауырса... күн жылынады
Көп ұйықтасаң... қолыңмен сүртпе
Шөлдесесең... басың ауырады
Көзің ауырса... көп жүрме
Жаз шықса... түсінесің
9 слайд.
5. Оқулықпен жұмыс.
385 – жаттығудағы дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз.
Еріді, жылыды, оқыды, келді.
Еріп жатыр, жылып кетті, оқып отыр, келіп кетті.
Қыста жауған қар көктемде ери бастайды. Күн жылып кетті.
Арман ертегі оқып отыр. Айман қалаға келіп кетті.
10 слайд. ІІІ Рефлексиялық – бағалау кезең.
Тапсырма: берілген тыйым сөздерді мұқият оқып, мазмұнын түсіндіріңдер. Етістіктерді тауып, құрамына, категорияларына қарай ажырытыңдар.
Тыйым сөздер.
Ұмытып кетпе, есікті теппе!
Пышақпен ойнама.
Босағада тұрма, көк шөпті жұлма.
Үлкендер сөйлегенде кимелеме.
Үлкеннің алдын кеспе.
Малды теппе, малды төкпе.
«Бастау» ойынын ойнату. Сөздер беріледі соның ішінен етістіктерді табу.
Шығырмашылақ тапсырма.
Бақта бұлбұлдар сайрайды,
Күн көзі жадырап жайнайды.
Айнала тегіс құлпырып.
Қуаныш бізге сыйылайды.
Бағалау: «Өзін – өзі бағалау» парағы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: 1. 389 – жаттығуды орындау.
2.Ішінде негізгі, туынды етістіктері бар мақал – мәтел тауып келу.
Былтырғыдай биыл
Бұзаулайды сиыр
Құлындады бие
Боталады түйе
Жұмыртқалап тауық
Қойлар қозы тауып
Ешкілер де лақтады
Ел еңбегі ақталды.