kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауа толы айнала

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өзiн-өзiтану» пәнімен интеграцияланған  дүниетану сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Ауа толы айнала»

Құндылық: Дұрыс  әрекет

Қасиеттері: Сүйіспеншілік

Сабақтың мақсаты: Жер шарының ауа қабатының құрамы мен құрылысы туралы білім беру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ауа қабаттарының ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылық: ауаны ластамауға, оның қадірлеуге, оның адам өміріне маңыздылығын білуге үйрету.

Тәрбиелеу: Оқушыларды табиғатқа қиянат жасамау жалпыадамзаттық құнлыдықтар негізінде мейірімділікке, қамқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

ватман, маркер, ән мәтіні

Сыртқы интеграция :

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау, құралдарын түгендету.

Жағымды көңіл күйге келу.

 «Орманға серуен»

Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. 
Көз алдыларыңызға елестете отырып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз

5 Т – ережесі «Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық»

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптағы тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық,тыныштықты орнатып, тазалықты сақтайық, бүгінгі күнімізді тек қана көңіл –күймен өткізейік.

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Жердің ауа қабаты» тақырыбында жазып келген эсселерін оқиды.

-Ауаның кейбір қасиеттерін сипатта?

-Сен қай жерде ауаның осындай күйлерінің қасиеттерін байқадың?

-Жер шарындағы ауаның тазалығына қандай үлес қосар едіңіз?

3. Дәйексөз «Ауа - өмірің, су – қазынаң, Жер- үйің, атамекенің» Оқушылар жазып алады. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-Нақыл сөзді балалар қалай түсінесіңдер?

-Адам өмірінде ауаның маңыздылығы қандай ?

-Суды неге қазына дейді?

«Жер - үйің, атамекенің» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ауамызды таза, сақтап қалу үшін біз табиғатқа қиянат жасамау керекпіз.

4.Әңгімелеу.

Мұғалімнің сыйы: 

Жер шарының жан – жағынан біртұтас ауа қабығы – атмосфера қоршап жатыр. Ауа біріңғай зат емес, әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78% - азот. 21% - оттегі құрайды. Ауа жер бетіндегі кез келген қуысты толтырады. Теңіздер мен көлдердің, өзеңдердің, жер асты суының құрамында да ауа бар. Онымен бүкіл жануарлар мен өсімдіктер тыныстайды. Ауа түссіз болғандықтан біз оны көрмейміз. Бірақ ауа бос кеңістік емес, зат. Сондықтан жердің тартылыс күші оны Әлем кеңістігіне шашырап кетуге жібермей ұстап тұрады.

Ауа сияқты біздің өмірімізде жалпыадамзаттық құндылықтардың алатын орыны ерекше. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Осы құндылықтар бірі- бірімен үйлесімді болса адамдар ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамайды. Жалпы адамзаттық  құндылықтардың ең тәтті жемісі – қиянат жасамау.

Біз әрдайым табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет жасай отырып қорғасақ, сонда ғана табиғатқа, ауаға қиянат жасамаймыз. Табиғат аясында отырып, таза ауамен тыныс алғанға не жетер еді, рахатқа бөленіп ішкі тыныштықтын орнауына көп ықпалын тиізеді.

Адам өмірінде ауаның рөлі өте маңызды, ауамыз таза болса, адамдар ауырмайды, денсаулықтары мықты болады. Сондықтан табиғатқа қиянат жасамау керек. Қазіргі уақытта ауамыз ластанып бара жатыр, себебі көп зауыттар, машинаның көп болуы, ормандардың өртенуі, осылардың бәрі ауадағы көмірқышқыл газының үлес салмағының көбеюіне алып келеді, ал бұл ауа райының, климаттың өзгеруіне себеп болады. Сондықтан біз қоршаған табиғатымызға қиянат жасамай қорғауымыз керек.

«Бір ағаш кессең, он ағаш ек»- мақал бекер айтылмаған, ауамызды тазарту үшін жасыл өсімдіктерімізді көбейтіп, орман алқаптарын кеңейтіп, зауыт пен фабрикалардың мұржаларына тазартқыш қондырғылар орнатсақ табиғат үшін қамқорлық жасағанымыз

«Көкшеге саяхат» бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.

5.Шығармашылық жұмыс.(топпен жұмыс)

1 топ. Ауаның қасиеті.

2 топ. Ауа. Синквейн әдісі.

3 топ. Тілші. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау.

Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық жұмыстағы керекті мәліметтерді жазып алады.

6.Үй тапсырмасы.

«Ауа толы айнала»  тақырыбы бойынша ақпарат жазып келу

7.Сабақтың қорытынды сәті.

-Балалар бүгін біз сабақта не өттік?

-Қандай құндылықпен таныстық?

-Табиғатқа қиянат жасаму дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бүгінгі сабақтан алған жағымды сәттерді жүрекке сақтауға тырысайық!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауа толы айнала»

«Өзiн-өзiтану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы: «Ауа толы айнала»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Сүйіспеншілік


Сабақтың мақсаты: Жер шарының ауа қабатының құрамы мен құрылысы туралы білім беру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ауа қабаттарының ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылық: ауаны ластамауға, оның қадірлеуге, оның адам өміріне маңыздылығын білуге үйрету.

Тәрбиелеу: Оқушыларды табиғатқа қиянат жасамау жалпыадамзаттық құнлыдықтар негізінде мейірімділікке, қамқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

ватман, маркер, ән мәтіні

Сыртқы интеграция :

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау, құралдарын түгендету.





Жағымды көңіл күйге келу.

«Орманға серуен»

Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. 
Көз алдыларыңызға елестете отырып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз

5 Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық, тазалық , татулық»

Балалар ережені есімізге түсіріп , сыныптағы тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық,тыныштықты орнатып, тазалықты сақтайық , бүгінгі күнімізді тек қана көңіл –күймен өткізейік.


2.Үй тапсырмасын тексеру. «Жердің ауа қабаты» тақырыбында жазып келген эсселерін оқиды.



-Ауаның кейбір қасиеттерін сипатта?

-Сен қай жерде ауаның осындай күйлерінің қасиеттерін байқадың?

-Жер шарындағы ауаның тазалығына қандай үлес қосар едіңіз?

3. Дәйексөз «Ауа - өмірің, су – қазынаң, Жер- үйің, атамекенің» Оқушылар жазып алады. Оқушыларға сұрақтар қойылады.


-Нақыл сөзді балалар қалай түсінесіңдер?

-Адам өмірінде ауаның маңыздылығы қандай ?

-Суды неге қазына дейді?

«Жер - үйің, атамекенің» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ауамызды таза, сақтап қалу үшін біз табиғатқа қиянат жасамау керекпіз.

4.Әңгімелеу.

Мұғалімнің сыйы:

Жер шарының жан – жағынан біртұтас ауа қабығы – атмосфера қоршап жатыр. Ауа біріңғай зат емес, әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78% - азот . 21% - оттегі құрайды. Ауа жер бетіндегі кез келген қуысты толтырады. Теңіздер мен көлдердің, өзеңдердің, жер асты суының құрамында да ауа бар. Онымен бүкіл жануарлар мен өсімдіктер тыныстайды. Ауа түссіз болғандықтан біз оны көрмейміз. Бірақ ауа бос кеңістік емес, зат. Сондықтан жердің тартылыс күші оны Әлем кеңістігіне шашырап кетуге жібермей ұстап тұрады.

Ауа сияқты біздің өмірімізде жалпыадамзаттық құндылықтардың алатын орыны ерекше. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Осы құндылықтар бірі- бірімен үйлесімді болса адамдар ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамайды. Жалпы адамзаттық құндылықтардың ең тәтті жемісі – қиянат жасамау.

Біз әрдайым табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет жасай отырып қорғасақ, сонда ғана табиғатқа, ауаға қиянат жасамаймыз. Табиғат аясында отырып, таза ауамен тыныс алғанға не жетер еді, рахатқа бөленіп ішкі тыныштықтын орнауына көп ықпалын тиізеді.

Адам өмірінде ауаның рөлі өте маңызды, ауамыз таза болса, адамдар ауырмайды, денсаулықтары мықты болады. Сондықтан табиғатқа қиянат жасамау керек. Қазіргі уақытта ауамыз ластанып бара жатыр, себебі көп зауыттар, машинаның көп болуы, ормандардың өртенуі, осылардың бәрі ауадағы көмірқышқыл газының үлес салмағының көбеюіне алып келеді, ал бұл ауа райының, климаттың өзгеруіне себеп болады. Сондықтан біз қоршаған табиғатымызға қиянат жасамай қорғауымыз керек.

«Бір ағаш кессең, он ағаш ек»- мақал бекер айтылмаған, ауамызды тазарту үшін жасыл өсімдіктерімізді көбейтіп, орман алқаптарын кеңейтіп, зауыт пен фабрикалардың мұржаларына тазартқыш қондырғылар орнатсақ табиғат үшін қамқорлық жасағанымыз

«Көкшеге саяхат» бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.

5.Шығармашылық жұмыс.(топпен жұмыс)

1 топ. Ауаның қасиеті.

2 топ. Ауа. Синквейн әдісі.

3 топ. Тілші. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау.


Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық жұмыстағы керекті мәліметтерді жазып алады.


6.Үй тапсырмасы.


«Ауа толы айнала» тақырыбы бойынша ақпарат жазып келу

7.Сабақтың қорытынды сәті.


-Балалар бүгін біз сабақта не өттік?

-Қандай құндылықпен таныстық?

-Табиғатқа қиянат жасаму дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бүгінгі сабақтан алған жағымды сәттерді жүрекке сақтауға тырысайық!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ауа толы айнала

Автор: Мырзагалиева Айшагул Есимкызы

Дата: 20.04.2018

Номер свидетельства: 467069

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Жаратылыстану "Ауа толы айнала" 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(38) "zharatylystanu_aua_toly_ainala_2_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "447274"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1514521187"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Ауа мен су" ашық журнал"
    ["seo_title"] => string(24) "aua_men_su_ashyk_zhurnal"
    ["file_id"] => string(6) "563900"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1605878072"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Сабақ жоспары:"Ауа толы айнала.""
    ["seo_title"] => string(30) "sabak_zhospary_aua_toly_ainala"
    ["file_id"] => string(6) "472674"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1528454170"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Сабақ жоспары:"Ауа толы айнала.""
    ["seo_title"] => string(32) "sabak_zhospary_aua_toly_ainala_1"
    ["file_id"] => string(6) "472677"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1528454371"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Сабақ жоспары:"Ауа толы айнала.""
    ["seo_title"] => string(32) "sabak_zhospary_aua_toly_ainala_2"
    ["file_id"] => string(6) "472678"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1528454637"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства