kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-баба өнері өзін-өзі танудан ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааа ииииииииииииииииииииииииииииииииииииии ввввввввввввввввввввввввввввввввв бббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббб шшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшш уууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-баба өнері өзін-өзі танудан ашық сабақ»

Мектебі :Благодар орта мектебі

Мерзімі:13.10.2016ж сабақ №6

Тақырыбы: Ата-баба өнері.

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: өнерпаздық, қызығушылық,еңбекқұмарлық.

Мұғалімі:Қасымхан Лаура Сыныбы: 4 «в»

Оқушылар саны: 25

Мақсаты: «Өнер» ұғымы туралы түсініктерін кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-өнерпаздық қасиетін ұғындыру,

-қызығушылық қасиетін дамыту,

- өнерпаздыққа,қызығушылыққа,еңбекқұмарлыққа тәрбиелеу;



Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру. «Өсиет әңгіме» мәтінін оқып келу.


1.Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

2.Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай пайдасы болды?

3.Қандай өнер түрлерін білесіңдер?

1.Сенің өнерге деген қызушылығың бар ма?

2.Еңбекқұмарлық қасиет сенде бар ма?

3.Өнерпаздық қасиет қайдан келеді?

3. Дәйексөз .

«Еңбек-өнер өрісі,

Өнер-өмір жемісі»

Халық мақалы


2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

4. Әңгімелесу:Ою хан мен Жою хан


* 1.Ертегіде қай хан бойында өнерпаздық қасиет басым ?

*2.Ақылды ханның оюға қызығушылығын қайдан байқаймыз ?

*3 Ою хан бойында қандай қасиеттер бар?

5. Шығармашылық жұмыс.

«Суреттерге қарап, өнердің түрлері туралы әңгімелеп беріңдер. Өздеріңе ұнаған өнер түрлерін дәптерлеріңе бейнелеңдер»

7.Дәптермен жұмыс: 1-2тапсырманы орындау.

8. Топпен ән айту:

Өнер С. Қалиев

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Ұқсатып кілемге

Кесте де тігемін.

Актерше рөлде

Ойнай да білемін.

Жалықпай талай күн,

Жасаймын мүсін де.

9. Үй тапсырмасы. 7- сабақтан «Туған тілім» өлеңін жаттап келу. Дәптердегі жұмыстарын аяқтау.

10.Тыныштық сәті: (3 мин)

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


5-т

Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.


Бейне ролик




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-баба өнері өзін-өзі танудан ашық сабақ

Автор: Қасымхан Лаура

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359952


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства