kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-ананы құрметтеу.Қайқаус

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок. Для 2-го  класса "Ата-ананы құрметтеу. Қайқаус"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-ананы құрметтеу.Қайқаус»

2-сынып

Әдебиеттік оқу

Сабақ тақырыбы Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Мейірімділікке,парасаттылыққа,адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттер:-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ;

- Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу ;

- Дұрыс оқуға, мазмұнын айта білуге үйрету

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау;

- Берілген тапсырмаларды , топта орындауға үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;

Сабақ түрі,әдіс-тәсілдері

Көрсету, түсіндіру.Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, , рефлекция

Сабақтың көрнекілігі суреттер, оқулық

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің негізгі идеясын ашады. Қайқауыс туралы мәлімет алады. Кабуснама –ертеден келе жатқан үгіт-насихатқа толы кітап екендігін біледі.Ата-ананы құрметтеуге дағдыланады. Екі шығарманың мазмұнын салыстыра біледі. Өз пікірін ашық айтуға қалыптасады. Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Психологиялық ахуал

Көңіл-күйлеріңіз қалай? -Тамаша!

Сабаққа дайындықтарыңыз ше! -Керемет!

Онда бастаймыз ба? -Бастаймыз.

Топтарға бөлу

1.Асқар тау, 2.қайнар бұлақ

2 топқа бөлу /10 оқушы

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа назарын аудару.

Топ ережесімен таныстыру

Сабақтың барысы

Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.

Он сұрақ

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ұшқан ұя әңгімесінде кім туралы айтылған?

-Авторы кім? Бауыржан Момышұлы

— Бауыржан Момышұлы кім?

Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.

Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Бауыржан Момышқлы 1982 жылы қайтыс болған.

-Сонда Бауыржан, бұл әңгімеде өмірінің қай шағы туралы айтқан?

-Әкесі кім еді? Момыш

-Ол баласына қандай тәлім-тәрбие берді деп ойлайсыңдар?

-Әдептіліктің белгісі не екен? Сәлемдесу

-Жеті атасын қалай үйренді ? Әкесі үйретті

-Жеті атаны санамалап бер

-Кім өзінің жеті атасын жатқа айтып бергісі келеді?

Ой қорыту

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

-Яғни әрбір адам қайдан тәрбие алады екен?

-Отбасынан тәрбие алса,елтанудың басы жеті атасын білуден басталатынын ұмытпағайсыңдар.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

Миға шабуыл

Осы суреттер арқылы ойларыңа не түйдіңдер?

Бүгінгі жаңа сабағымыз не туралы болмақ?

Жапсырған суреттерін тақтаға іліп, не туралы екендігін айтады.

ТҮСІНУ - 5 мин

Мағынаны тану

Кабуснама кітабынан келтірілген үзіндіні .

Оқулықтағы мәтінді мұқият тыңдап, қанша бөлімнен тұратынын анықтайықшы. 3бөлім

Күн реті. Қосымша түсініктемені жазу.

Оқушылар қосымша түсініктемені дәптерге жазады.

Жаңа сабақ тақырыбына сұраққа жауап беру.

ҚОЛДАНУ – 15 мин

Топқа тапсырма

1-топ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтелдерді 1 мақалдың мағынасын түсіндір.

2-топ: «Ата анаңды неге теңер едің?»сұрағына жауап беру, себебін анықтату.

Сергіту сәті С. Мәуленовтың «Ата ақылы » өлеңін хормен, іс-қимыл арқылы айтқызу.

Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды

Оқушылар жаңа сабақтан білгісі келетін сұрақтарды қояды.

Сөздердің мағынасын ашып айтады.

Мәтінді тізбектей оқиды, әр бөлімнің мағынасын ашады.

ТАЛДАУ – 7 мин

Бүгінгі сабағымыздан өзіңе не түйдің?

-Кабуснама деген не?

-Ол кітапты кім және кімге арнап жазған екен?

Бірге айтады.

Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды

ЖИНАҚТАУ- 6 мин

«Ата-анаға құрмет» көрсету.

Сен ешқашанда ата-анаңды режітуші болма!

Ойларын қорытады.

Бағалау 3 минут

Стикерлер бойынша бағалау

Рефлексия 3 минут.

Өте жақсы- күліп тұрған смаилинк -стикер

Жақсы- күліп көзін жұмған тұрған смаилинк -стикер

Түсініксіз-ойланып тұрған смаилинк -стикер

Оқушылар алған білімдері бойынша көрсетеді

Үй тапсырмасы: 1 минут

Әңгімеден үзінді жаттау. «Үлкенге құрмет» тақырыбына сурет салып келу









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ата-ананы құрметтеу.Қайқаус

Автор: Имашева Бибигуль Сериккажыевна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394752


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства