1. Оқушыларға Астана деген ұғымды түсіндіру. Сөз, сөйлем ойлап, талдау жасату.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды отансүйгіштікке, батылдыққа, баули отырып, өзгенің ойын тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, слайд
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Психологиялық дайындық
Күлімдеген күнге қараймын,
Күлімсіреймін.
Ұстазыма қараймын,
Айтқанын ұғып тыңдаймын.
ІІІ. Өткенді пысықтау
1) Миға шабуыл
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біз қандай мемлекетпіз?
Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?
Тәуелсіздік күні қашан?
ҚР-ның рәміздерін ата?
Ауыл, аудан, дос, ата-ана, бауыр бір сөзбен қалай айтамыз?
2) «Отан» өлеңін жатқа айту.
ІҮ. Астанаға саяхат
Балалар біз саяхатқа қай қалаға, қай жерге баратынымызды білу үшін алдарыңызға суреттер берілді. Сол сөздің бірінші әріптерінен буын құрастырамыз. «Ас та на»
Бүгін біз саяхатымызды Астана қаласына жасаймыз.
1-слайд: Қазақстан Республикасының астанасы Арқаның төрінде, Қазақстанның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Президент жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астана біздің бабаларымызды арманы еді.
Ү. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді тізбектей, мәнерлеп оқу.
2-слайд
Ақ орда - Қазақстан Республикасының президентінің резиденциясы. 2001 жылы кірпіші қаланып, заңды түрде ашылу салтанаты 2004 жылы 24 желтоқсанда болып өтті. Ақ орда – Қазақстан тарихындағы екінші заңды президент резиденциясы.
Астана сөзінен бірнеше сөз құрап жазу.
3слайд
Бәйтерек – Астананың символы. Бәйтеректің биіктігі 97метр. Бәйтеректі шыныдан, бетоннан, металдан, әйнектен жасаған. Бұл бәйтерек бейбіт өмір, келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Ұлттың тамыр жаюы, өркендеу кезеңі, аялы алақан композициясы. Ең ұшар басында алтын шар бар. Арнайы шынылармен қапталған.
4слайд
Ханшатыр - ең биік әлемдегі киіз үй пішіндес ғимарат. Ханшатыр биіктігі 150метр. Ханшатыр ойын-сауық орталығы 2010 жылы ашылды.
Отан, Қазақстан, Астана сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Думан ойын сауық орталығы
Ойын «Шар ұшыру»
- Балалар өз тілектерін, Астана қаласының көркемдік ерекшелігін білдіретін сөйлем арқылы шарды ұшырады.