kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана. К.Ахметова

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні:  ?дебиеттік о?у

Та?ырыбы:  Астана.К. Ахметова 

Ма?саты:1. О?ушыларды? ?ле?ді т?сініп о?и отырып, сызба ар?ылы ?ле?ні? мазм?нын ?з с?здерімен т?сіндіру да?дыларын ?алыптастыру.
2. Салыстыру, ?ортынды жасау, пікір айту ар?ылы с?здік ?орлары мен ойлау ?абілеттерін дамыту.
3. Ту?ан жерге деген ??рмет пен с?йіспеншілікке ж?не патриотты??а т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана. К.Ахметова »

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

«№2 жалпы білім беру орта мектебі»мм

Бастауыш сынып мұғалімі: Улыкпанова Нурсауле Беккалиевна

Т



Пәні: Әдебиеттік оқу 2 - сынып

Тақырыбы: Астана. Күләш Ахметова

Мақсаты:

Білімділік: Астана өлеңімен, еліміздің астанасымен тереңірек танысады.

Ақын Күләш Ахметованың өмірбаяны жайлы мағлұмат алады.

Дамытушылық: Туған жерге сүйіспеншілігін, танымдық қабілетін, сөздік қорын арттырады.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, өз ойын жеткізе білуге тәрбиеленеді.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу,СТО технологиясының

стратегиялары.

Көрнекілігі: Слайд, оқулық, Астана, Алматы, Қызылорда, Орынбор қалаларының суреттері, карта

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту:

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы жанұя тобына бөлу

Шаршы – І топ

Үшбұрыш- ІІ топ

Дөңгелек – ІІІ топ

Көпбұрыш – ІҮ топ

Ой қозғау 1слайд топтық жұмыс

І топ. Көкқұтанның мекені туралы әңгімеле.

  • Балалар, айтыңдаршы көкқұтанның мекені осы үш жануардың қайсысына мекен болуға лайықты?

2 слайд

ІІ топ. Бозторғайдың мекені туралы не айтасың?

  • Қалай ойлайсыңдар бозторғайдың мекені біздің Маңғыстаудың табиғатына сәйкес келе ме?

3 слайд

ІІІ топ. Жауынқұрттың мекенін сипаттап бер.

  • Жауынқұрт қай кезде шығады екен?

4 слайд

ІҮ топ. Ең жақсы мекен –әркімнің өз мекені, өз жері дегенді қалай түсінесің?

Топырақ – баспана. Яғни, тышқанның іні, құмырсқаның илеуі топырақта мекендейді екен.

Олай болса, әр топтан туған жер, Отан туралы мақал –мәтелдер айтады.

5 слайд

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Әркімнің өз жері –Мысыр шаһары.

Бақа көлінде патша.

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.

Отан оттан да ыстық.

6 слайд Ребустарды шеш. Топтық жұмыс

Әр топқа қағаз беремін. Қағазға ребустың шешуін жазады.


,,, ,, , ,

(Астана)

,, ,,,, ,,

(Алматы)

Ребустардың шешуіндегі екі қала туралы не білесің? (оқушы жауабын тыңдау)


7слайд (әр астана туралы түсінік бере отырып слайдтан қалалардың суреттері көрсетіледі)

Өте дұрыс айтасыңдар. Енді балалар, осы екі астанадан бұрын біздің астанамыз Орынбор 1920–1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды.

8слайд

Қызылорда – қазақ елінің екінші астанасы (1925-1929).

9слайд

Алматы - 1929-1997 жылдары үшінші астана болды.

10слайд

Астана - 1997 жылдың 10 желтоқсанынан

бастап біздің бас қаламызға айналды. Астананың алғашқы атаулары: Ақмола, Целиноград. Астананың тұсау кесері 1998 жылы 10 маусымда болды.

Астана күні 6 шілде. Биыл Астана күніне 15 жыл толды.

Осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованың өлеңімен таныс боласыңдар?

ІІ. Мағынаны тану

К. Ахметованың өмірбаянымен қысқаша таныстыру. 11 слайд

К.Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген.

12-16 слайд

(Астана мен Алматы қалаларының суреттері көрсетіледі)

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, түсіндіреді.

2-3 оқушыға оқыту

Тауып оқу

Сөздік жұмыс

Саф –таза ауа

Ұлылық–үлкендік.
Түп қазық – берік орныққан.

Сергіту сәті: Музыкалық әуен. Эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Астана» әнін тыңдау

Өлеңдегі ақын ойын сызба арқылы түсіндір.

17 слайд

а) Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы


Есіл Алматы Астана


Астана


Бәйтерек

18 слайд «Бәйтерек» суретіне қарай отырып, суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көр.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

...

...

...

ІІІ. Ой- толғаныс 19слайд

Топтастыру стратегиясы

Қала қала

Есіл Бәйтерек

Алатау Медеу мұз

айдыны

Астана

Алматы




Президент

Сарыарқа Шымбұлақ метро

Әйгілі театр


Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап, мадақтау. Бағалау.

Үйге тапсырма: «Астана» өлеңін мәнерлеп оқып, жатқа айту. «Бәйтерек» суретін салу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Астана. К.Ахметова

Автор: Улыкпанова Нурсауле Беккалиевна

Дата: 22.01.2015

Номер свидетельства: 159777


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства