kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ас?ар То?ма?анбетов «Бидай мен ?а?ба?» (мысал)

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:

Саба?ты? та?ырыбы: Ас?ар То?ма?анбетов «Бидай мен ?а?ба?» (мысал)

Ма?саттары:

1)Білімділігі:   мысалды о?ып беру, т?сіндіру, бидай мен ?а?ба? туралы ?зіндік к?з?арастарын, р?лдік о?у шеберліктерін ?алыптастыру;

2)дамытушылы?: Мысалды? мазм?ны бойынша та?ырыпты? к?рініс ?йымдастыру, со?ан байланысты проблемалы? ой ту?ызу, мысал туралы ??ымдарын дамыту, ой – ?рісі мен д?ниетанымын ке?ейту;

3) Т?рбиелігі:   о?ушыларды? ойлау ?абілетін оятып, е?бек етуге, кішіпейілдікке, адамгершілікке, т?рбиелеу.

Т?рі: Білім мен іскерлікті игеру.

Саба?ты? к?рнекілігі: Суреттер, бидай ?атырмасы, ?скіні, ?а?ба? ш?бі, авторды? суреті, карта.

П?наралы? байланыс: Д?ниетану, ?аза? тілі.

?олданылатын стратегиялар:  ВЕНН к?рсетуі, топтастыру, 5 жолды ?ле?.

Саба?ты? ?дісі: С?ра? – жауап, т?сіндіру, р?лге б?ліп о?у, ой – тол?ау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ас?ар То?ма?анбетов «Бидай мен ?а?ба?» (мысал)»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағанбетов «Бидай мен Қаңбақ» (мысал)

Мақсаттары:

1)Білімділігі: мысалды оқып беру, түсіндіру, бидай мен қаңбақ туралы өзіндік көзқарастарын, рөлдік оқу шеберліктерін қалыптастыру;

2)дамытушылық: Мысалдың мазмұны бойынша тақырыптық көрініс ұйымдастыру, соған байланысты проблемалық ой туғызу, мысал туралы ұғымдарын дамыту, ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту;

3) Тәрбиелігі: оқушылардың ойлау қабілетін оятып, еңбек етуге, кішіпейілдікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Түрі: Білім мен іскерлікті игеру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бидай қатырмасы, өскіні, қаңбақ шөбі, автордың суреті, карта.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.

Қолданылатын стратегиялар: ВЕНН көрсетуі, топтастыру, 5 жолды өлең.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, рөлге бөліп оқу, ой – толғау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды жинақтау.

Сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ұнатам күзді мен!». Жеңіс Қашқынов.

  1. Жатқа айту.

  2. Түсініктерін сұрау.

  3. Сұрақ – жауап алу.

  • Даланың түсі қандай? Алма қалай пісті? Аспанда не қаптады? Жел қандай? Тырнасы қайткен? Күздің басқы айы қалай аталады? Соңғы айы ше? Неге осы бөлімде күз туралы өлең берілген деп ойлайсындар?

  • Күзде қандай еңбек түрлері атқарылады?

6. Сергіту.

Билеу,

Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы табу.

(Сабақ барысында барлық жұмысты слайд арқылы көрсету.)

---е ң Б е к

---і л И я с

-------Д у л а т о в

-----қ А ң б а қ

---Б а Й л ы қ

1. Адамдар әрқашан не істеу керек?

2. «Күн шыққанда» өлеңінің авторы кім?

3.«Байлық» мәтінінің авторы кім?

4. Ұшарын жел, қонарын сай білетін шөп?

5. Денсаулық зор... (байлық)


ІІІ. Жаңа сабақты өту.

  1. Жұмбақтарды шешу.

1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. ( Бидай )

2. Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ )


Бар екен бір асыл зат жерден өнген,

Кезуге жер-дүниені өзі көнген.

Барады дөңгеленіп жорғадай, 1

Айдалада жүруге тым – ақ жөндем

(Қаңбақ)

  • Осы өсімдіктер туралы не білесіңдер? Оқушылардың білімдерін ортаға салу.

  • Өтетін шығармамыз қалай аталады? – Мысал.

2. Мысал туралы түсінік беру.

Мысалда аңдар, құстар, өсімдіктер іс – әрекеті, мінезі, адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын шығарманы мысал дейді. Олай болса, бүгін біздер жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мысалын өтеміз.

А. Тоқмағамбетов 1905 – жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. (Автордың суреті тақтаға ілінеді.) А. Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға үлес қосқан ақын. 1983 дүниеден озған.

3. Оқулықпен жұмыс.

Бидай мен қаңбақ суреттері көрсетіліп, мысалды мәнерлеп оқып, түсіндіріп беремін. Бидай мен қаңбақ шөбін көрсетемін.

  • Мынау не балалар? – Бидай.

  • Қайда өседі? – Егісте.

  • Қаңбақ дегеніміз не? – Шөп.

  • Қайда өседі? – Далада, сайда жатады.

  • Көргендерің бар ма?

  • Көпшілік балалар көрмегендерін айтты. Суреттер арқылы түсініктер беремін.

Бидай –астық тұқымдасына жататын, ең маңызды тағамдық дақыл. Бидайдан ұн тартылып, нан және нан өнімдері жасалады.

Қаңбақ бір жылдық шөптесін өсімдік. далада өсетін домалақ пішінді шөптекті өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Жер үстіндегі бөлігі (жемісі) піскеннен кейін, жер астындағы тамырынан бөлініп желдің соғу бағытымен қашып кетеді. Тұқымы жел арқылы алыс жерлерге таралды. Мал азығы, оны әсіресе түйе сүйсініп жейді.


  1. Сөздік жұмысы: қанасына – қауызына, қабығына; тұрағың – мекенің;

  2. Оқушылардың рөлге бөліп оқуы. Оқу кезінде мәнерлеп оқуға көңіл бөлуі.

  3. Сахналық көрініс. Үш оқушыны тақтаға шығарып, үстеріне бидай, қаңбақты бейнелейтін киімдер кигізіп, рөлге бөліп оқыттым. Кейін сұрақтар беріп, жауап алдым.

  1. Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?

  2. Бидай не деп жауап берді?

  3. Дұрысын айтқан қайсысы? Өлеңнен Бидайдың Қаңбаққа қойған сынын тауып оқыттым. Бидай мен Қаңбаққа ұқсас адамдар болатынын айттым. Балаларға мынадай сөздерді оқыттым.

Мақал – мәтелдер.

  1. Абырой – ар еңбегі.

  2. Қадірсізден құт қашар.

  3. Мақтанған тілге – мың бәле.

  4. Күншіл адам – міншіл.

  5. Ең жақсы әдет – жомарттылық.

Тыйым сөз. Әркімді бір келемеж деп, мұқат па.

Ойлы сөз: Мақтаншақтық – жаман әдет.

5 жолды өлең.

  • Не? – Бидай.

  • Қандай? – Сары, пайдалы.

  • Не істейді? – Піседі, жайқалады. Сөйлем. – Бидайдан ұн тартылады. Негізгі ой. – Дақыл.

Жеке оқушылармен жұмыстар.

Топтастыру арқылы «Бидай мен Қаңбақтың» қандай пайдасы бар екенін суретпен анықтаттым.

Алынатын тағамдар: печенье тоқаш бауырсақ нан ұн егістікте өседі

Бидай


Суға қайнатып тұнбасын көз, бауырға ем ретінде ішеді

жабайы

Қаңбақ



шөп


Екі оқушыны тақтаға шығарып Венн көрсетуі бойынша шығарма кейіпкерлерін салыстырады.

Өсімдік, пайдалы


Дән

Қаңбақ

Бидай

молшылық ақылсыз

сабырлы мақтаншақ

береке

нан тұрақсыз


V. Қорытынды.

– Бидай мен Қаңбақ атты мысал өлеңінде ақын ұшарын жел , қонарын сай білетін қаңғыған қаңбақ пен айналасы әнге, масағы дәнге толы құт берекелі бидайды айтыстырады да, қаңбақ арқылы еткен еңбегі жоқ, елге тиер пайдасы жоқ, белгілі тұрағы жоқ қуыс кеуде берекесіз жандарды теңейді.


Мысалда адам бойындағы қасиеттер бейнеленетін болса, осы мысалдан қандай қорытынды шығаруға болады?

- Сабақ сіздерге ұнадыма?

- Қаңбақтың бойындағы қасиеттер ұнады ма?

- Мысалдағы негізгі ой қай жерде айтылған?

- Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?

VІ. Үйге тапсырма.

Мысалды мәнерлеп оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.

VІІ. Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ас?ар То?ма?анбетов «Бидай мен ?а?ба?» (мысал)

Автор: Ахметова Айсауле Асхат?ызы

Дата: 19.12.2015

Номер свидетельства: 267928


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства