Просмотр содержимого документа
«Ас?ар То?ма?амбетов ??ла? пен Тыма?»
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов « Құлақ пен тымақ». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып,өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,талдау,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді,ынталы оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,сыпайы,әдепті-арлы болуға,кішіпейіл болуға , адал достыққа ,мейірімділікке тәрбиелеу; Дамытушылық: Өз ойларын ,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту; Әдіс – тәсілдері: қызығушылығын ояту,проблемалық,салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,іздену, талдау,ой қозғау,топпен жұмыс,өзіндік жұмыс Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену,зерттеу Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң жауға найзаң тисін! Әйтеке би
Жыл мезгілдерінің суреті
Көктем-көңілді
Жаз –жайдары
Күз-көңілсіз
Қыс-қатал
Адамның көңіл -күйінің жыл мезгілдерімен байланысы.Көңілді,көңілсіз.
III..Жаңа сабаққа кіріспе
Үнтаспа «Қыз мезгіліндегі ауа-райы»
- Не тыңдап,не сезіндіңдер ?
-Қыс мезгілі
Қыста адамдар қалай киінеді?
Оқулыққа назар аудару
Жаңылтпашты айту
Қыста құлағым үсіп кеті,
Үсіп,ісіп кетті.
-Құлағың үсімес үшін не істеу керек?
«Ребус шешу» топпен жұмыс.Жаңа сабақтың тақырыбын шығару
Құлақ пен тымақ..
Мысал
IV. Жаңа сабақ . Құлақ пен тымақ . А.Тоқмағанбетов.
Күн ретін,тақырыпты жазу.
«Болжау» стретегиясы
«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді,не туралы болуы мүмкін?
Оқушы жауаптарын тыңдау
Бұл-мысал өлең.
Мысал өлең деген не? ? Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет берін бейнелеу жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерін астарлы бейнелейтін өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Енді сендер менен не білгілерің келеді?
Оқушылар сұрақтар қояды.
1.Кім жазды?
2.Не туралы?
3.Қай жанрда жазылған?
4. Тымақ қандай болады?
1.Автор жайлы мағлұмат
Асқар Тоқмағамбетов (19.9.1905, Қызылорда обл., Терең өзек ауданы, бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар — 21.8. 1983, Қызылорда қ.) — ақын, жазушы.Оның ақындық дарыны 6жасында пайда болған.
Шықай менен шағала
Қойың кетті бағана
Қойыңа қашан жетесің
Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
1.Құлақ – бұл біздің есту мүшеміз.Оны біз суықтан қорғаумыз керек.
2. Тымақ– мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты пүліш, барқыт, т.б. матамен тысталады.
Баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады.
3.Оқулықпен жұмыс
1. «Құлақ пен тымақ» Мысалды оқу
2 Мысал өлеңді талдау
3.Тізбектей оқыту
4.Ролге бөліп оқыту
5.Сұрақтар қою
-Мысал не туралы айтылған?
-Мысалдан жылдың қай мезгілі екенін білуге болады?